* Жақсылық ойлайтын қамқор адамның үнімен күмбірлеп, бұның өмірге енді қадам басқан жас екенін, жанбай жатып өшпей, болашағын ойлау керектігін, албырттықпен жасаған қателігін шын көңілімен мойындаса, советтік әділ заң кешірім ететінін ұзақ айтып, алыстан орағытқан. Әбден буыны босады-ау деген бір мезгілде: – Жас болған соң жаным ашып отыр. Жағдайың қиын-ақ. Әйтсе де көп нәрсе өзіңе байланысты, – деді шылбыр ұшын алдына тастап. Т.Сәу.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШЫҚПА, ЖАНЫМ, ШЫҚПА
* Соңғы кезде оның өзі де болмай кетті. Бұл ауылда отырғандардың бірсыпырасы-ақ өлмелі кедей, бәрі де «шықпа, жаным, шықпа» деп отырған секілді. Б.Майл. * Соңғы Ұлы Терімде жиналған қорек те азайып, көк жасық сусіңді тамырлар мен нәрсіз құрақ-жапырақтарды талғажау еткен қырық қаралы тайпалас осы атты күнге «шықпа, жаным, шықпалап» әзер жеткен. С.Сағ.
ШЫЛБЫР ШЫЖЫМЫНА ДЕЙІН
~ Осы істі кезінде өзі тергеген сұрақшы Мамозы есіне түсірмесе де, шеру руымен болған дау-дамайлар шылбыр шыжымына дейін бұның зердесінде жатқан. Ж.Ах.
ШЫҒА ОЙЛАМАДЫ
Болашағын болжамады, алдына көз жібермеді. ~ Ер ісі — ақылға ермек, бойды жеңбек, Өнерсіздің қылығы өле көрмек. Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай, Еріншек ездігінен көпке көнбек. Абай.
ШЫҒЫСА АЛМАДЫ
Сыйыспады. * … өзінен шені жоғары кісілермен мүлдем шығыса алмағасын, осы рабфакқа жіберген екен дейді айтушылар. О.Сәрс. * – Е, Тәке, бірде ұғысып, бірде бұғысып жүрсек те шығыса алмай қалған, «Еп, бәлем, тұра-тұр!» десіп, көз алартысқан кезіміз болмапты. К.Сегізб.
ШЫҒАНҒА ШЫҚТЫ
Алыстап кетті, аулақ жүрді. ~ Нұртай осыны айтып тыныстап алды да, дәм-тұз, тілек-бата, ата-баба, салт-сана турасынан сөз қозғап, шығанға шығып кетті. С.Ом. ~ Көктемі жақындаған күн шығанға шығып алып, бар мейірімін төгіп-ақ тұр. Бірақ мына даланың әлі тірілер түрі жоқ. Ә.Әб. ~ Аттан ауып калмаған солдаттар атыс салып шығанға шығып бара жатыр. Б.Тоғ. ~ Жақсы ата-ана осылай баласының тәрбиесін өзгелерге тапсырып, өзі жанын күйттеп, шығанға шығып кетер ме еді? Әй, кетпес еді-ау? Қашан өз нанын өзі тауып қолы аузына жеткенше бәйек болып, басы-қасында жүрер еді-ау? Е.Әлім. ~Нәркес жанарын сілбі басып, нәуетек жүрегін кіреуке торлады. Шығанға шығып шарықтаса да қызыл асықтан келетін қырсықтан құтылмады. Нұрлы қаяттың суындай мөлдір әлем тек қиялда ғана көрініс табады екен. Ә.Ыб.
ШЫҒЫСЫП КЕТТІ
Сыйыспалы; тұзы жараспады. * Әсіресе, бөпелі болғаннан кейін мүлдем шығысып кетті. Шекесі қушық, мінезі шырт етпе күйеуімен де етене болды. Қанша ашуланса да төбелеске бармайтын әдеті іш тартқызды. Тек, қобызы түскірін суқаны сүймейді. Т.Әлімқ. * Көлденең көз сұғынан таса іздеп, ақырында Шыңғыс сыртын ес тұтып ықтасын сезінген. Өнерлі жігіт, он саусағы іскер де, ісмер сұлу келіншек көрші-қолаңмен тез-ақ шығысып кетті. Үйір айқастық көпке жеткізді. Е.Зейіпхан
ШЫҒАНДА БІРЕУ
ОДИН ИЗ ТЫСЯЧИ
ШЫДА, ЖАНЫМ, ШЫДАЛАП ЖҮР
* «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын» деген сол да баяғы. Осыған жыламай, «шыда, жаным шыдалап» жүрген біздікі қандай жан, Қазақстанның азаматтығы тақиясына тар келіп, ерігіп шұрқан тілеп жүргендердікі қандай жан?! Д.Мәсімх.
ШЫҒАНДАП ШЫҚТЫ
~ Алаң жақтағы көшеден: «Менің Қазақстанымдатқан!» әнмен қоса: «Ағалар, араша! Жазушы ағалар, қайдасыңдар! Бізбен бірге алаңға жүріңдер!» – деген ұл-қыздардың шығандап шыққан дауысы естілді. Т.Жұрт. ~ Орта қап қара қи, кәрі қойдың етімен Ерболды жөнелтпек боп отырған сараң үйдің есебі де айтыла келді. Дәл осы үйдің балалар турасында танытқан ит мінезіне арналған қатты мысқыл сөздер еңді шығандап шықты. М.Әу.
