Бар уақытын өткізді. * Өзі кедейшілікте өскен соң ба, байдың жалғызы дегенге көз алдына күні-түні ел жыр ғып айтатын Қарқаралыдағы Акметовтың ағаш үйі елестеп, қашан құдалар келер екен деп елеңдеумен таң атырып, кеш батырды. С.Досж. ~ Жаңа бұның алдында окопты Дьяков аралап кетіпті. Қанша күннен бері бел шешпей, окопта таң атырып, күн батырып жүрген жігіттер винтовкаға басын сүйеп қалғи бастады. Ә.Нұрп.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ТАҢҒАЖАЙЫП ҚАЛДЫ
Таң-тамаша болды. ~ Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, келісті көрімдігіне һәм қандай лайықты жарастықты законімен жаратылып, оның ешбірінің бұзылмайтұғынын көресің. Бұлардың бәріне таңғажайып қаласың һәм ақылың жетпейді, осылардың бәрі де кез келгендікпен бір нәрседен жаралған ба, яки бұлардың иесі бір өлшеусіз ұлы ақыл ма? Абай.
ТАҢ БОЗАМЫҚТАНДЫ
Таңның алғашқы сәулелері айналаны бозғылттандырды. * Саурық таң бозамықтанып қалған кезде көзін ілді. Ә.Шәр. ~ Жауы "нан қалың малды олжаға алып, Тыныш күшті қазақ қолы шығар көшті. Бозамықтап таң атты, Таң астына қараса, Будақ- будақ шаң шықты. БС. Жәнібек батыр. ~Күзгі түннің ұзақ таңы бозамықтана бастаған кезде ғана ол тысқа шығып, ұзақ керілді. К.Сег.
ТАҢҒЫ ТАМАҚ ТӘҢІРДЕН
Жаратқанның несібесі таусылмас деген мағынадағы үміт. ~ …баяғы сол қалқиған тал шаңырағын жал басына жарбита көтеріп, баяғы сол талтақ бұт тал бесігін күні-түні тербетіп, таңдағы тамақ тәңірден деп, қырық жыл қырғынға тап болса да, күдерін үзбей, келешекке кеңірдегін созып телмеңдеп баққан бұл не қылған өлермен жұрт еді! Ә.Кек. ~ "Таңғы тамақ Тәңірден" деудің орнына, ертеңгі күнім не болады деген уайым, қалтаға сынық бәтерді артық салдыратын сақтыққа үйреткен. Қ.Ысқ.
ТАҢ ӘЛЕТІ
Таңғы кез. * Таң әлетінен мектепке келген. Мектеп директорының кеңсесіне жайғасып қалам шиқылдатып, қағаз судырлатқалы қашан. Д.Досж. * Нартуған таң әлетііндегі дала тіршілігінің сылдыр-сыбдыры көбейіп кететінін бүгін ғана аңдағандай, демін ішіне тартып алып тың тыңдайды. О.Сәрс.
ТАҢДАЙ (ТАҢДАЙЫН) ҚАҚТЫ
Қайран болды; тамсанды, таң қалды.* Шіркін, онда бала-шаға түгілі үлкендердің өзі-ақ таңдай қағып тұрар еді-ау. Ә.Кек. * Басқалар Сәбитжанның судырағына бастарын шайқап, таңдайларын қағып қойып, ашықтан-ашық күліп отырды. Ә.Нұрш. * Бұл операларды тыңдаған мәскеуліктер есінен танғандай хал кешті. “Правда” газетінен бастап, барлық басылымдар таңдай қақты. Д.Кіш. * Пірімқұлов екеш Пірімқұлов: "Мұндай қайғы-мұңсыз баланы алғаш көруім" деп таңдайын қақты. М.Қаб.
ТАМЫРЫНА (ТҮП ТАМЫРЫНА) БАЛТА ШАПТЫ
Шығу тегін жойды. * Қазақ халқының ұлттық рухының тамырына балта шабу үшін коммунистер ең алдымен осы қозғалыстың бастау көзінде тұрған Алаш көсемдерін, олардың ізбасар шәкірттерін бір қырып тастады да артынан большевизмді жақтаған, кеңес өкіметін мадақтаған коммунист зиялылардың өзін де сыпырып әкетіп, көзін жойды. Р.Нұрғ. ~ Ал мынау… Каталаун қырғыны екен. Кім жеңгені белгісіз. Ақыр түбі екі жақ та оңбаған. Қанға батқан. Түп тамырына балта шабылған. Арада бес жыл өтпей Рим құлады. М.Мағ. ~ Баяғыда аталарымыз «Жерді көк өгіз екі мүйізімен көтеріп тұрады екен. Мүйізін шайқағанда зілзала болады екен» деуші еді ғой. Сол айтқандай, қазақты о бастан төбесіне көтеріп сақтап тұрған төрт қастерлі ұғым бар. Ол — ар- ұят, иман, обал, сауап. Біз соның тамырына балта шауып жатырмыз… Е.Рау.
ТАНАУЫНА СУ ЖЕТПЕДІ
Аяғынан тік түрды, әбігер болды. * Қашан көрсең қара жермен алысып танауына су жетпей безектеген Дархан былай тағы жұртқа еш нәрсені парықтамайтын, шөк десе шөгетін, өк десе жүретін көлік малындай көрінуі хақ еді. Бекерден-бекер Қара нар аталған жоқ. О.Бөк. * Жаңағы ақ үйлерден аулағырақ тігілген қараша үйлер маңында мал сойылып, қазан асылып, танауына су жетпей абынып жүрген адамдарды көресін. Қ.Жұм. * Қопада отырған қойлы ауыл шәт-шәлекей болды да қалды. Ферма меңгерушісі Қасым танауына су жетпей арлыберлі зыр жүгіруде. К.Қаз. * Даладағы кешкі малдың күйбең шаруасы ұлдарына тапсырылған болар, Жанұзақ танауына су жетпей жүретін басқа шопандардай емес, қонаққа келген адамша бастықтармен тізе қосып, еркін отыр. Қ.Жұм.
ТАМЫРЫНА ТЫРМЫСТЫ
Жанын салды. ~ Жылағысы келді. «Қалайша, дүниедегі ең зәулім, ең мықты ағаштың бір- ақ түнде ғайып болғанына қайран қалды. Тамырына тырмысып неге тұра бермеді? О.Бөк.
ТАНАУЫНАН ЕСЕКҚҰРТ ТҮСЕДІ
Өзінше болды, күпінді, дандайсыды. * … жалшылар бір-бір дүкен ашып, я кәсіпкер атанып, я қалталы алпауыт аталып, я депутатқа түсуге даярланып, пілдің құйрығын ұстаған кісідей танауынан есекқұрт түседі. Д.Досж.
