Тым жиі. ~ Толедода мұндай аудармашылар адым аттаған сайын дерлік ұшырасады, сондықтан егер маған тіпті бұдан да гөрі бағалырақ және көнерек тілдің аудармашысы қажет бола қалса, оны іздеп табу да қиындыққа соқпас еді. Серв. ~ » … сендер, христиандар, адым аттаған сайын өтірік айтасыңдар, жоқ-жұтаң боп көрінгілерің келеді, сөйтіп маврларды алдайсыңдар”. Серв.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АДЫМ АТТАДЫ
Алға басты, ілгері жылжыды. ~ Қарауытқан, қара жамылған ауылдың иті ұлып тұр. Бес-алты адым аттады ма, жоқ па, әлде шөптің, әлде шүберектің сыбдырындай судыр еткен бір дыбысты құлағы шалып қалды. Ж.Айм. ~ Ентігіп, еліріп жеткен Балта қалт тоқтады. Анау дәрменсіз, қорғансыз жатқан қызға қарай енді бір адым аттаса, өзін– өзі ұстай алмасын білді де, тұрған жерінде сылқ түсті. К.Сег.
АДЫМ АТТАМАЙДЫ
Аяғын басуға ерінеді. ~ Күні кеше бұл екі колхоздың арасына жаяу жүгіріп кете беруші едік. Енді жұрт машинасыз бір адым аттамайды. Бұл күнде екі арадағы жалғыз аяқ суыртпақ жол да жоғалған. Ш.Мұр.
АДЫМ АТТАУҒА ӘЛІ КЕЛМЕДІ
Аяғын басуға шамасы-шарқы жоқ. ~ Төр алдында бешпетін басына көлденең салып дамылдап жатқан ақ кемпір селк етті. Қолы қалтылдап, жер таяна түрегелді де, адым аттауға әлі келмегендей шөке түсіп отыра кетті. М.Қаб.
АДЫМДЫ ТҰСАДЫ
~ Байлап беріп бағымды құса-мұңға,
О, Уақыт, адымды тұсадың ба?!
Бұл күндері ұмыттым қанша қыздың,
Тұрғанымды жылынып құшағында. А.Әл.
АДЫМЫ ҚЫСҚА
Ұзаққа бара алмайды, өрісі тар, шама-шарқы шектеулі. ~ Қара жердің бетінде қаптай жайылып өз төлдерім жүреді ғой деп еді… Оны да көп көргендері ме! Жақсы үміттің адымы неткен қысқа еді! Ә.Кек. ~ Арамның адымы қысқа. М.-М. ~ Не дегенмен, жарамсақ Жетібайдың көлденең киліккен жаңсақ пікірінен жиналысқа аз да болса жарықшақ түскен-ді. Жағымпаз адамның адымы қысқа болады ғой. Бас жоқ, көз жоқ, байлардың жыртысын жыртамын деп жексұрын болып қалды. С.Ом.
АДЫМЫ ҚЫСҚАРДЫ
Екпіні толастады, жүрісі бәсеңдеді. ~ Өзегі талып, таңдайы кеуіп келеді. Қыстауға жеткенше дымы құрып бітетін шығар, қазірдің өзінде аяғына қан түскендей адымы қысқарып қалған. Д.Әш. ~ Сол намыс, әрі арыны басылмаған мақтангер мінез оны осы жолға бастауын бастап алып шықса да, Қарабақырдағы Гүлнәрдің үйіне жақындаған сайын Сойдақтістің адымы қысқара бастады. Ш.Мұр.
АДАМ ТӨЗГІСІЗ
Шектен шыққан, шыдап болмайтын қиянат; айуандық әрекет; ұнамсыз қылық; ауыр жағдай. ~ Отыз жасында бұның мойнына артқан зілқара тас азабын тағдыр енді азырқанса керек, он екі жыл бойы жүрегін жаншып, еңсесін езген адам төзгісіз азап бұның басына енді түскен қияметтің қасында ойыншық болып қалған! Ә.Тар.~ Көз қырын айнаға аударды. Өңі бозарып әбден жүдеген, жағы суалып кеткен, көздері де жат біреудің көзіне ұқсап адырайып, күңгірттене бедірейіп қалыпты. Жанарында адам төзгісіз жан азабы бар еді. А.Чех. ~ Қарын аш, шел шыдатпас, адам төзгісіз аштық пен шөл ақылдан адастыра жаздайды. Ш.Айт.
АДАСҚАН ҚАЗ
Өмірлік жолын таба алмай, бағыт-бағдарынан жаңылған д.м.~ Дарханды әке-шешеден тірідей айрылған, ағайынсыз адасқан қаз санамай, барын аузына тосты, базарлы күндеріне қызғаныш жасаған жоқ. О.Бөк. ~ Стамбұлда адасқан қаз, жеті түнде желкемде, Сабаланып қаңқылдайсың үміт артып ертеңге. Д.Кәп.
АДАМГЕРШІЛІКТЕН АЖЫРАМАДЫ
Адами абзал қасиеттерін сақтап қалды. ~ Сондықтан ауыл-аймағыңмен біз жаққа көш. Мына жігіттердің де ағайын-туғандары бірге көшсін. Бәріңе жер бөліп беретін, құшақ жайып қарсы алатын ел бар, адамгершіліктен ажырамаған ел жақсылары бар. Б.Тоғ.

