Posted in

ШҮЙІЛЕ АҚТЫ

Тігінен төмен қарай ұшты. * – Ешкішек – Іле өзені бойын мекен еткен торғай аты. Көктем айларында осы торғай әуелеп аспанға шығып алады да, екі қанатын қомдап, жерге қайта шүйіле ағады. Сол кезде ол дыбыс шығарады. Оның дыбысы маңыраған лаққа ұқсайды. Осы дыбысқа орай бұл торғай «ешкішек» атанған. Ешкі сияқты, ешкі секілді, ешкіге ұқсас деген ұғымдарды береді. Түлкішек, ешкішек деген сөздердегі «шек» жалғау сахалар мен қазақтарға ортақ ұғымда болып тұр. Ж.Баб.

Posted in

ШҮЙКЕ БАС

Қыз-келіншек, жас әйелдерге қатысты айтылатын оспақ сөз. * Бір ауық «тезірек құтылсам қайтер еді…» деп ойлар еді. Бірақ қалай құтылар? Бекболат жуырда ала қояр ма?.. Және үйі болса иесіз тұр. Әуелі өзі бір шүйке бас тауып алып, оның қамын содан кейін ойлаған дұрыс қой. Соңғы кезде ақсақалдың ойлап-ойлап, тапқан түйіні осы еді. Ж.Айм. * Бір шүйке бас қолыма келіп қонса, мен де бала-шағалы болып, сіздердің қатарларыңызға жетсем деген армандамын, – деді Сәлім. Ә.Шәр. * . Ел де ұмыта бастағандай. Кәриялар: «Бір шүйке басқа жем бо¬лып кеткені де. Мына Жаманеркектен көш кейін болға¬ны ғой. Ақылды бала ма десек, бұл қай қылғаны?.. Д.Досж.

Posted in

ШҮЙКЕДЕЙ БОП

* Атасы байғұс әлі қайратты. Демін қарашы. Өзінің дәу қара көрігіндей гүс-гүс етеді. Анау пысылдап ұйықтап жатқан енесі. Шүйкедей боп шалының жастығының қасына қисая салыпты. Ә.Кек.

Posted in

ШҮЙКЕДЕЙ КЕМПІР (ӘЙЕЛ)

* Айқайлап, шыңғырып жатқанда оянып кетеді. Шүйкедей кемпірі ол да селт ете оянып, шошынады. Қалай шошынбасын! Е.Айғ. * Сондықтан келіннің соғысқа үлес қосқаны дұрыс, – деп бір тоқтады да кеше осы орында мына шүйкедей кемпірдің ұлы отырғаны есіне түсіп дұрыстау жауап іздеп отыр еді. С.Досж. * Рас, ылғи да белі бүгіліп жүретін, ақсарғыш беті мыж-мыж, сәл көкшілдеу келген оң жақ көзінің тарыдай ағы бар, сол шүйкедей кемпірдің әмсе жанында жүру нәсібі бізге бұйырмаған. Д.Әш. * — Әй!.. Атаңның көрі… не дейді мына мұндар, а? -деді қара кісі сасқалақтап. Бұл ғұмырда шүйкедей әйел түгіл осы өңірдің не бір өр көкірек жігіттері де бұлайша бұның қаһарына қарсы келе бермеуші еді. Ә.Нұрп.

Posted in

ШҮЙКЕДЕЙ СОЗЫЛДЫ

* Қызылжарда Уәли-ахун медресесінде оқыған үш жылдың соңғы жылы Ақжігітке шүйкедей созылған бітпейтін ұзақ сергелдеңдей көрінген. С.Жүн.

Posted in

ШҮКІРЛІК ЕТТІ

Азға қанағат қылды; місе тұтты. ~ Сіңірі шыққан күң, менің иығымнан түскенге сен неге місе қылмайсың! Мырза жігіттен қалған сарқытқа Жантас неге шүкірлік етпейді? М.Әу. ~ …сөйтіп, тәкаппар ақынның қарын сындырмақ болған мырзаның өзінің сағын сындырғанына іштей шүкіршілік етті. О.Сәрс.

Posted in

ШҮЛЕН АЛДЫ

* Күзде тамам байды кәмпескелеп, қанталауға түскенде шүлен алып, бірер қаралы болып қалған ауыл, кылышын сүйретіп келген қыстан соның күшімен шығып кетпек ниетте. О.Бөк.

Posted in

ШӨП ТІСТЕСТІ

~ Бұл — Аязбидің сыныптасы‚ кәдімгі шөп тістескен‚ бір құртты бөліп жейтін жан аяспас досы. Қырық бес жыл өмірдің ес біліп‚ еңсе тіктеген кезеңінде бір– бірінен жасырып қалған сыры жоқ сыралғылар. Қ.Түм.

Posted in

ШӨПКЕ ОТЫРАР

* Жарайды Омарбек келмей-ақ қойсын, мына осындағы Дулат — Шапыраштының бұрынғы шөпке отырар, мен тәуірмін дегендерінің ақылы кеткен, олар неге келіп қажының қолын алмайды, қалай-ақ осынша тобырдың ішінде Шалтабайдың Омарбектен өлсе өлігі артық болатынын білегін бір адам қалмады екен? Б.Қыд.