Posted in

ШОРТ ҚАЙЫРДЫ

~ Бұлардың бәрінің қанжығасына жиырма сомнан байласақ, түлкі түгіл аттың құнынан асып кетпей ме? – дегенге қаратқан жоқ, бересің деп шорт қайырды Орқашқа. Ғ.Біл. ~ Бірақ, ол шалдардың шешендігі менің əкемнің мінезін ғана шеңгелдеріне сыйғыза алмап еді: “бір рет сатылып əрең құтылған Дəмешті, енді оның шешесіне де екінші рет сатқыза алмаймын! – деп шорт қайыратын əкем, – ол əкесінен жастай жетім қалып, көп сорланған бала, енді кімге барса да өзі келісіп, өзі барады. Қ.Шабд.

Posted in

ШӨКЕ ТҮСТІ

Екі тізесін бүгіп, салмағын аяқ ұшына салып, шоқиып отырды. * Сәл абайсыздық істесе болды,жел аударған қаңбақтай ұшып түседі де,не құздан құлайды, не тайғанап барып мұздың жарығына түсіп өледі. Не жығылған жерінен тұра алмай шөке түсіп жатып қалады. Ж.Шәк. // ЖҮРЕЛЕП ОТЫРДЫ Присесть на корточки

Posted in

ШОРТ МАЗАРАТ

* — Осылар дуасын өздерінен аяп жүр ме? Ана таз қожада бала жоқ. Қасымбайдың баласы нақұрыс па, мәжнүн бе, шорт мазарат, әне бір ақсақ қожа ылғи шешесін бақыртып ұрып жатқаны. Қасиетті болса, өздерін неге жарылқамайды? Ж.Айм.

Posted in

ШӨККЕН НАРДАЙ

~ Әр тұста шөккен нардай дөңкиген маяларды тырбанып шанаға тиеп, құрылықтағы мал қораларына тасып жүргендер солар еді. Ә.Асқ. ~ Ғазиз туған жеріне таянғанда бір толқып еді. Енді шөккен нардай болып, Шығыста сұлап жатқан Алатауды көріп, жүрегі сонша алып ұшады. Б.Бұл. ~ Үстіңгі ернінен əжептəуір ұзын астыңғы ернін түйеше салбыратып қойып, тек отыр. Өзі де шөккен нардай. Апауыр. З.Қаб.

Posted in

ШОРТ СЫНДЫ

~ Озғанды қауым қаумалап-киіп жатқан-ды, Қалғандар кейін, озғандар гулеп, мақтанды. Шорт сынған сағы, шошайып жалғыз Түке тұр, Күңірентіп жүрген күрең ат қайда мақтаулы?! М.Мақ. ~ Сол желік, сол астам көңіл мені алмас қылыштай қылшылдатып, ақ лескердей жарқылдатып, төбесіне көтерді де, "майырылам–ау, шорт сынам–ау" дегізбей, көп нәрсеге көзсіз сермеді. Ж.Сәм.

Posted in

ШӨККЕН ТҮЙЕГЕ (МІНЕ) КӨТІН АРТА АЛМАЙДЫ

Ештеңеге ыңғайы жоқ, ебедейсіз. ~ Жанақ бабам өлсе де Кеней болмайды. Шөккен түйеге көтін арта алмайтын сасыған жаман Кеней, сенен ондай батыр шығу қайда. Т.Сәу. ~ — Еее, білемін оны! — деп күйіне жауап қатты батыр. — Бай баласы демесең бір аяқ асқа алғысыз, шөккен түйеге міне алмайтын мәнжубас ініміз бар еді, сол екен ғой! Н.Қам.МІНЕ

Posted in

ШОРТ ТОҚТАТТЫ

Зекіп, тиып тастады. * Кісі әңгімесінің ұлы ырғағын осылайша ұққан Сүйінғара сөз аяғына шыдап отыра алмады.- Сонда олардікі не уағыз? Не деп жүр өздері?Сүйінғараның сұқтана, сұғына қараған жүзіне қонақ жалт бұрылды. Сөзін шорт тоқтатты. М.Әбдіх.

Posted in

ШӨЛ ҚЫСТЫ

Қатты сусады. * – Е,– деді Аққұмнан келген Түйе ата үш бандыны көріп отырғандай бұрышқа қаһарлана қарап. Оянып кетіпті. Шөл қысып отырғандай ернін жалап қойды. М.Қаб. * – Операциядан соң алғаш есім кіре бастағанда сенің даусыңды естідім. Осылай күйініп жүргендеріңді сезгем. Шөл қысқаны да рас. Т.Жұрт. * Қанбайтын бір шөл қысып, қаңсыған қалпы қала береді. Қаталап зарық қысқан ондағы күйін итке берсін! С.Нұғ.

Posted in

ШОРТ ТЫЙДЫ

~ Жапа-тармағай жүгіретін дəрежеге жеткенімізде күлкіні əкеміз шорт тыйды: көп күлкіден тыю үшін көк қауынды шорт шектеді. Қ.Шабд. ~ Шуылдасқан дабырды хан шорт тыйды. — Аздырма жұртты! Араңдатпа, батыр! Қуат барады. Басқа сөзім жоқ. С.См. ~ Павка Корчагин ортамызда жүр екен ғой… – Күлкісін шорт тыйды да, арс етіп жекіді. – Ляуқи неме, қоғамға мал керек болғанда, адам керек жоқ па?! О.Бөк.

Posted in

ШОРТ ҮЗДІ

~ Даль-Луганский сөзін шорт үзді де, асығыс кетіп қалды. Ә.Әл. ~ Елтай кесе түбін үстелге тақ еткізді. — Сен күйеуге тигеніңді білесің бе? Қарашаш ұзын сонар әңгімесін бел ортадан шорт үзді. М.Қаб.