* К ү л ә ш. Қарғыбау түгіл, қалың малын да әкеліп отыр. Сәулем-ау, сорақысының бәрі де шығып жатыр. Енді несін жасырайын: шоқ беріп, шоқ ал деп айтып жіберіпті кіші апам. Жаңа естідім: баласы сонымен айдап келіп отыр жаңа. М.Әу.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШІЛДІҢ ҚИЫНДАЙ (БОҒЫНДАЙ) ПЫШЫРАДЫ
~ Дүние өртеніп бара жатса да, парық қылмайтын саспастығы тек соңғы жылдарда шілдің қиындай пышырап бопсалана бастаған. О.Бөк. * Бұрынғыдай звено мен бригадаға бөлініп, топтасып жүрген емес, ауыл адамдары ендігі жерде сай- жылғаны сағалап, шілдің қиындай пышырап кетіскен. Ә.Асқ. * Текті тұқымның азып- тозып, шілдің боғындай пышырап біткені ғой. О.Бөк. ~ Бұл кезде жер иесі болып қалған Қытай елі 10-15 мың қалмақты әр жерге таратып, шілдің боғындай пышыратып жіберсе керек. К.Сег. * Қайтейін, әке, ішім қазандай қайнайды, күресерге дәрмен жоқ. Алаш деп аңдыздаған азаматтардың қай-қайсысы да шілдің боғындай пышырап кетті бүгінде. О.Бөк.
ШОҚ ТАСТАДЫ
~ Бұл кітап өліара шақта өзгерісті күткен көп жастың жүрегін жылытты. Шоқ тастады. Ішке түскен шоқ ұлттың рухын маздатты. М.Әб. (БАҚ) ~ Қожайын кірбің алды қабағына, Жас келін шоқ тастады. А.Бақт.
ШІЛІҢГІР ЫСТЫҚ
* Пәруадигар, бүгін жаңбыр жауатын сиқы бар: Алматы — талай күннен бері шіліңгір ыстықтан таңдайы кеуіп талықсыған, тұншығып жатқан қапас қаланың жұрты тасаттық жасамай- ақ құятын рахман нұрынан бой- бой боп елжіреп, бастаңғы жасар, сірә?! Ж.Шағ.
ШОҚ ТІСТЕП АЛҒАНДАЙ
~ "…Анаңнан сені тапқан айналайын…" дей берді де, кенет есіне қайын енесі түсіп, шоқ тістеп алғандай қалт тоқтады. Ә.Нұрп.
ШІРІГЕН БАЙ
* Тіпті жас көзінде-ақ осы елдегі небір мыңғыртып мал айдаған шіріген байдың мынау деген бикештерін менсінбей, сонау Семейде мұсылман медіресесінде дәріс алып жүрген жылдарда татар саудагерінің ай десе аузы, күн десе көзі бар маңдайға басқан жалғыз қызына құрық салған. О.Бөк. * Тәліптің сонау кезде, Үлкен шешем екеуіміз ешкі терісін алып барғанда айтқан сөзі расқа шықты. "Мен шіріген бай боламын, тек мезгілі жетсін!" деген-ді. М.Карим.
ШОҚҚА ҚЫЗҒАН ШОЙЫНДАЙ
* Шоққа қызған шойындай ыстық, ауыр снарядты шинелімнің жеңімен қапсыра ұстап, жерден көтеріп алдым да, аяғымды бір басып, екі басып, жертөленің сырт жағындағы шұңқырға қарай аяндадым. Ә,Нұрш.
ШИҚАНЫНЫҢ БАСЫ ЖҰЛЫНДЫ
~ Стасиктің денсаулығы деп бірнеше рет тост көтерді, сөйтіп отырып, ақыры нілдей бұзылсын. Сөз арасында Мәкіш Қаракентке облыстық театрдың келіп жатқанын айтқан, сол сол екен Кәкіштің "шиқанының басы жұлынып кетсін". Ә.Ысқ.
ШИДЕН ОҚ, ШЫРПЫДАН ЖАҚ ЖАСАДЫ
* – Үзеңгі бауыңды сегіз қабаттан тағып, заманыңның болып тұрған шағында, ие, шиден оқ, шырпыдан жақ жасап ілдалдамен ғұмыр кешкен мен бейбақты менсіндің бе-ей… Енді міне… О.Бөк.
ШИПА БОЛДЫ
~ Өкпе ауруына шалдыққан ұлы ақынға шипа бола ма деп Әбдікерім оны Шыңғыстайға алып келіп, боз биенің сүтіне шомылдырып, қара биенің тосабымен емдеген екен. Қ.Ысқ. ~ Бұндай ғажайып суды, Тұщыбұлақ суындай ғажайып суды еш жерде, ешқашан ішпеген екен. Су жанына дауа, тәніне шипа болып тарап жатыр бойына. Қызының жез қоңыраудай шіңгірлеген үні шақты. С.Ел. ~ Нәсіп иіліп барып, алақанын аурудың маңдайына басты. Құтты қол тисе, шипа болар ма екен дегені. Тәліп басын әрі тартты. М.Кәр.
