Posted in

ШІЛДЕЙ АРЫҚ

~ Бағдад шаһарынан келген шайқы, шілдей арық, қу мұрт, ақ сұр кісі Арыстанбаптың шырақшысы отыр. Пайғамбардың үрім-бұтағы көзін ашып-жұмып мүлгіп қалған. Сүтке тойған мысық іспетті. З.Шүк.

Posted in

ШИЕДЕЙ ҚАН

Қан-жоса болды. ~ Екі солдат, бір жасауыл жылқыны айырып, Асылбек аулына түгел айдағанда айқайлап, елді қоздырып жіберетін ер жүрек Кәдірбек те басы-көзі шиедей қан, кетіп барады. І.Жанс.

Posted in

ШІЛДЕЙ БЫТЫРАДЫ

~ Мынау жатқан жалпақ құмның етегін паналаған ел ішін паналап, қыстан да шығып отыр. Қасындағы тобы шілдей бытырап, қайта жиналып, қайта тарайды. М.Әбдіх.

Posted in

ШИЕНІ ШЕШТІ

Қиын мәселенің шешімін тапты. ~ Абаның сөздерін дәлелді көре тұра, Шыңғыс: – Талай шиені шешуші едің ғой. Әбеке, бұның да ретін тап! – деп қолқа салды. С.Мұқ.

Posted in

ШІЛДЕЙ ТОЗДЫ (ТОЗДЫРДЫ)

~ Ұлтымыз жан санының он миллионнан асқандығы туралы айдай әлемге мақтанышпен жар салып жүргенімізбен, сол қазақтың үштен бірі дүниенің түкпір-түкпірінде тарыдай шашырап, шілдей тозып жүргені құпия емес. Д.Мәс. ~ Басқаларда біздің не жұмысымыз бар? Қазақтың жер жүзіне шілдей тозып, шашылғаны аз болғандай, енді екі азулы Герман мен Орыстың ортасындағы отқа түстік! Т.Рыск. ~ Бұдан бір ай бұрын Ақкөлді басып алатын алашапқынға қатысқан бес жүз жігіт бұл күнде шілдей тозып кеткен. Б.Тоғ. ~ Қазақ айналайынды шілдей тоздырып, көгертпей келген бір көне дерт бар. Ол аталастық, рушылдық алакөздігі. Ь.Соқ.

Posted in

ШИЕТТЕЙ БАЛА

Ол байғус шиеттей төрт баланың шайын да қайнатып бере алмайды ғой… Мені екікүндік жолға шығарып салды деп есептеп, рұқсаттарыңды берсеңдер, достарым. К.Сег.

Posted in

ШІЛДЕНІҢ САРША ТАМЫЗ ЫСТЫҒЫ

Жаздың қайнаған ыстық кезеңі; жазғы шілде. ~ Біз барған шақ «шілденің сарша тамыз» аталатын ыстық мезгілі болғанмен, Сасықтың үстінде етек-жеңі мол үлкен күпі, басында тыссыз елтірі тымақ, аяғында байпақты үлкен етік. С.Мұқ. ~ Осындай бірін-бірі аңдыған ұрыс жиырма күнге созылды. Сөйткенше шілденің сарша тамыз ыстығы келді. І.Ес. ~ Талас алқабын жайлаған қырғыздар арасында бір аңыз бар. Шілденің сарша тамыз ыстық кезі. Ш.Айт.

Posted in

ШИКІ ЕТ

Іштегі бала. ? * Алпыстан асып, жетпіске таяса да шыр еткенге зар болып өткен қосқарияны аяғаннан айта ма, әйтеу екі шал туралы жұрттың күңкіл-сүңкілі бітпейді. «Алла Тағала да қызық осы, екі бейбақты зарықтырмай бір шикі ет сыйлай салса несі кетеді? Пәленбайға он бала бергенше осы екеуіне берсеші! Әй, тұрлауы жоқ дүние-ай!» деп бір қоятын. Ы.Дәбей

Posted in

ШІЛДЕНІҢ ШІЛІҢГІРІ

* Ассалаумағалейкум, Есаға! Мына шілденің шіліңгірінде қасқыр тымағыңыз не? Қ.Ысқ. * аспан айналып жерге түскендей шілденің шіліңгір аптабында да мойнынан қамыт, мұрнынан мұрындық бір түспеді. М.Сүн. * Баяғыда деймін- ау, жылқы бағып жүргенде, торсығымыздың сыртын ақ киізбен қаптап, оны суық сумен шылқытып қойсақ, ішіндегі сусынымыз шілденің шіліңгір ыстығында да сап- салқын боп тұрушы еді… Д.Әш. * Бұл ауылдан аттанғанда, ел жайлауға жаңа беттеген шіліңгір шілденің басы еді. Қ.Жұм. * Шіліңгір шілденің беті қайтып, су суый бастағанмен Сыр жұрты әлі үйге кірмеген шақ. Қ.Түм. * Шілденің шіліңгір ыстығында сүйекті сырқырататын тау суының ызғарын өзің білесің, сол мұздай суды кеудесіне дейін кешіп, Жәмеш те аласұрып алға ұмтылады. Д.Әш. шілдесінде шырақ көрмеген — Мен бұрынғы Қарқаралы уезіне қарасты Балқаш болысында, Балқаш көлінің жағасында 1865 жылы туыппын. Әкем Қошқарбай шілдесінде шырақ көрмеген кедей еді. Жасым оннан асқан кезде әкем өліпті. Ендігі бас көтерер шешем жарымжан.

Posted in

ШИКІ КІРПІШ

Күйдірілмеген кірпіш. * Білетіндердің айтуына қарағанда, шикі кірпіш әу баста қой сүтіне аттың қылы мен саз балшықты араластырып соғылған. БАҚ. * Шығыс Қазақстанның халықтық мемориалдық сәулетшілігінде тек шикі кірпіш пайдаланылған, мұның өзі аймаққа тән ерекшелік болып табылады. БАҚ.