~ Не дегенмен өзі пысық. Қай-қайдағы жолы жеңіл, жылы-жұмсақ жерлерді тауып алады. Қазіргі кәсібі — мал дайындау. Ұтыры келсе, колхозға экспедитор да бола салады. Б.Тоғ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҰТЫРЫН ТАПТЫ
Ыңғайын келтірді. ~ Әлде… әлде… енді нар тәуекелдің де, көзсіз ашудың да бітірері шамалы, ұтырын тауып іс қыл дегені ме? Онсыз да бұның шаршы топқа шалқып кіріп жүргені шамалы. Ә.Кек. * Шоферде үн жоқ. Уақытты ұтқысы келгенде ұтырын тауып жолдан жалт бұрылады да, қай жылдан бері суы тартылып таңқылдап кеуіп қалған қайсы бір басаттың, қолтықтың тұзды сор борпылдап бетіне шығып жатқан аппақ ақ шаңдағын бұрқылдатып төтелеп салады. Ә.Нұрп. * Осыдан кейін мен оған қалай айтамын. Сөйтіп сөздің ұтырын таба аямай әлектенудемін. Ш.Айт. ~ Енді бәрі бір жер түбіндегі оның ықпалынсыз мында да үйірге қосылып бүйіріміз шығар түрі жоқ қой. Қашанғы қасқыр шапқанда ғана керек азбан айғырдай босқа азынай береміз? Біз де ұтырын тауып қимылдап көрейік те… Бәлкім, сәті түсер». Ә.Кек.
ҰШАН ДАЛА
Ұшы-қиыры жоқ, шексіз-шетсіз созылып жатқан ми дала. Ұшан даланы көкпеңбек су қаптап кетеді. Т.Ахт. Ұшы- қиырсыз ұшан даланың көктемдегі көгілдір көркі көз тойғысыз … З.Қаб. Ол маңға ұшан дала мен хан базардың арасына айда- жылда бір қатынап тұратын қалашылардан басқаешкім соқпаушы еді. Ә.Кек. Арада айлар өтті. Алтайдың ұшар шыңынан ұшан даласына дейін қар бекіді. А.Алт. Көктемде көлдей шалқып жатқан судан көк тиындық пай да көрмейміз. Өзіңіз ойлаңызшы, неге біздер солұшан теңіз мол суды далаға жібереміз? Ә.Әбіш. Мынау ұшан даладағы тіршілік белгісі — жалғыз үйлі ауылдың жалпылдақ отын қайтып сөндіреді… Ә.Кек.
ҰШАН ДАРИЯ
~ Сол бауырым бұл күнде Құр салмақпен қалмапты. Ұшан дария ақылы Азаттық ұранды аңдапты. М.Жұм. ~ Батысым — байтақ Украин, Гүлденген бақша гүлімсің. Солтүстік — ұлы мұхитым, Ұшан дария шегімсің. Ж.Жаб.
ҰШАН ТЕҢІЗ
Ұшы-қиыры жоқ, шексіз-шетсіз; сансыз көп. Ұзаққа, ұшан теңізге созылып жатқан қалың таудың биік жоталарын күн сәулесі бір сәтте алтынғамалғандай қып рең берді. М.Әу. Ал қазір ғой,— уақыт дегенің ұшан теңіз, жазуға деген құштарлық та бар, алайда бастай алмай дал бопжүрген жәйі бар. Ә.Әл. … Бақты қарауылынан он бір мың адамы бар атаман Бәкіш бастаған әскери қосын келіп кірді. Одан бұрын даәр тұстан кіріп сіңіп кетіп жатқан ақтар мен казактар саны ұшан теңіз еді. Ғ.Біл. Көктемде көлдей шалқып жатқан судан көк тиындық пай да көрмейміз. Өзіңіз ойлаңызшы, неге біздер солұшан теңіз мол суды далаға жібереміз? Ә.Әбіш.
ҰШАР БАСЫ
Ең биік тұсы. Қарағайдың ұшар басына ғана шоқталып шыққан жасыл инелі бұтақтар қол шатырдың, төбесі сықылды. С.Мұқ. * Сол жағындағысының ұшар басында мүйізі шаңырақтай құлжа тұр. Ә.Кек. Сәл самал желмен тербелген биік тау шөбі, шыршалардың теңселген ұшар басы мен ұшқаттың ұсақжапырақтары қосылып ақырын ғана сыбдырлайды. А.Алт.
ҰСҚЫНЫҢДЫ ҰРАЙЫН
«Ұсқыныңды ұрайын, − деген бұл сонда іштей – Мынау қалпыңмен әкеңнің әйтшуіне әлі әзір жарай қоймассың». Н.Дәу. Ұлын көрмегеніне үш-төрт ай болған, көзі шүңірейіп, бұты тылтиып қалыпты. «Алты ай қыс үйіргетүскенбісің, ұсқыныңды ұрайын», дей жаздады. Н.Дәу. «Ұсқыныңды ұрайын, − деген бұл сонда іштей – Мынау қалпыңмен әкеңнің әйтшуіне әлі әзір жарай қоймассың». Н.Дәу.
ҰШАРҒА ҚАНАТЫ ЖОҚ (БОЛМАДЫ)
Әлдебірдеңені аңсау, асыға, алабұртып, шыдамсыздана күту туралы. ~ Қартқожа туған жерін жанындай сүйеді. Туған жер еске түскенде іші-бауыры елжіреn, өртенгендей күйеді. Еліне жетуге ұшарға қанаты болмайды. Ж.Айм. ~ Бөз көйлек, шибарқыт шалбар, бешпет. Көңілі алағаудан бозбала бүгінгі қыз аулында болатын бастаңғыға асығып келеді. Ұшарға қанаты жоқ. Ү.Жәл. ~ Ойпыр- ай, мына ұлдың ұшарға қанаты болмай отыр екен ғой, – деді жеңгем де менің оғаш қимылыма мырс етіп. К.Сег.
ҰСТАҒАННЫҢ ҚОЛЫНДА, ТІСТЕГЕННІҢ АУЗЫНДА (кетті)
Кім-көрінгенге жем болды д.м. Сонда сол отанындағы қасиетті топырақ өз қандастарына да бұйырмай, ұстағанның қолында,тістегеннің аузында кетсе, олар үшін де бұдан асқан қасиет жоқ екендігін естеріңізге салғымыз келеді. Д.Мәсімх. Атадан қалған дәулеттің ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткеніне де онша іш жимайтын. Ы.Дәбей. Қайта мал үстіне мал қосылумен келеді. Бірақ сол байлықтың бір кездері ұстағанның қолында, тістегенніңаузында кетеді деп кім ойлаған. О.Көш. Байың оралса, мейлі-ақ. Келмесе етегіңе намаз оқығаныңды көреміз әлі. Жас неме ұстағанның қолында,тістегеннің аузында кетіп қалмасын деп… Өз пайдаңды білмесең, өз обалың өзіңе де… − әйел бұрқылдап-бұрқылдап кете барды. Кетіп қалып, лезде қайта оралып есік ашқан. Н.Дәу. Ол жақта да асулы тамақ, салулы төсек тұрмағаны рас. Өзінің ғана жиған-тергені болмаса, әкесінің бүкілқазынасы ұстағанның қолында тістегеннің аузында кетті. О.Бөк.
ҰШАРЫН ЖЕЛ, ҚОНАРЫН САЙ БІЛЕДІ
Басында панасы жоқ, барар жері, басар тауы жоқ адам туралы. «Иә, ағатай, кетпеске амалым жоқ, ұшарымды жел, қонарымды сай білетін бір бейбақпын». Ш.Құм. Сондықтан бүгін – мұнда, ертең – анда, ұшарын жел, қонарын сай білетін қаңбақтай төңкеріліп жүре береді. «Бұл да туған жердің бір пұшпағы!» дейді бір қиырдан екінші қиырға қонып жатып. Т.Сәу. Сонымен, інім, үй де жоқ, күй де жоқ, қонарын сай, ұшарын жел білетін қаңбақтай Шұнақ байқұс Тарланкөккемініп Ақсеңгірге тартып кетті. Бар дүние де, мал да, жан да жалғыз ат, жалғыз қоржын. Б.Қыд. ~ қайда барсам да, көзге шыққан сүйелдей, өзімді артық адамдай сезініп, ұшарын жел, қонарын сай білетін ебелектей қорсынып, күйзеліп, өмірден түңіліп жүрген кезімде жолыққан… Ж.Әбд-а.
