Еркіне жібермей, айтқанымен жүргізді. ~ ~ Тіпті, елдің алды жұрт ауыстырып, жылыстап, күземдеріне беттескен. Күз күземдеріне беттескен қазақтар әлі ырық бермей, ордаң- одыраң мінезде жүр. О.Бөк. * Енесінен ажырасқан құлын көткеншектеп, үйіріне қарай қаша берді. Оған бала ырық бермей, сойылдап, аяусыз сабалап, ауылға қарай қуғыштады. Т.Әлімқ. * … ол келер сәтте Кежі жайын, өткен оқиғаларды ойлап кетті. Бірақ өз сөзі, міне, тым ырық бермеді. М.Әбдіх. * … жер танып, атыс көріп ысылған жігіттер атты қуғыншыларға ырық бермеді. Ғ.Біл.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ЫСТЫҚ ҚАН
Жастық жалын, бойдағы күш. * Өмірден ләззат алу, көңіл соғу, Жалғыз-ақ еркекке адал, бізге арам ба? Қызықты олар көрген біз көрмейтін, Ыстық қан бізде жоқ па онда бар да? Ж.Айм.
ЫРЫҚҚА КӨНБЕДІ
Дес бермеді, дегенінен қайтпады. ~ Тақаулы тамағында өткір пышақ, Тек жатыр тұяқ серіппей сонда да аңсыз. Тыңдамас, сөзге түспес, ырыққа көнбес, Болды ма қайран қазақ тастай жансыз? М.Жұм. ~ Белсенділер былжырапты! – деді Әупіш ырыққа көне қоймай. – Мұнда еңбек ететін мен бе, сіз бе? Қ.Жұм.
ЫСТЫҚ ҚҰШАҚ
~ Әлгі ызалы сыбырмен: «Бос келме, әйтпесе үйге түнемейсің» деп тұрғандай ма?! Екеуін ыстық құшақ табыстырған. Ө.Кәр.
ЫРЫМҒА (ЫРЫМ) ЖОҚ (ТАБЫЛМАЙДЫ)
Ештеңе қалмады, түк жоқ, түп-түгел жойылды. * Көмірлі Қарағандыда егін арасындағы арамшөпше ескінің жұрнақтары кездесе берсе, бұл Қарағандыда ол ырымға жоқ. Ғ.Мұст. * Әттең, түбіт шәлі емес. Түбіт шәлі Алматыда ырымға да табылмайды екен. С.Смат. * Бірақ мәселе басқада еді: себетін тұқым жоқ, ал колхоздың қамбасында түйір дән ырымға табылмайды, енді қайдан аламын? Ш.Айт. ~ От жарығына үй ішіде тегіс көрінді. Төр алдында текемет, сырмақ, от киіз дегендерден ырым жоқ, тек төселген шөп көрінеді. І.Жанс,
ЫСТЫҚ МЕЙІРІМ
~ Олай болуы мүмкін емес. Е- мес! Ананың күсті алақаны кекіл сипауынан жаңылғанша, ананың еміренген әлдиі мен бесік жыры уілінен ажырағанша, ананың әжімді жүзіндегі ыстық мейірім бір тамшы жаста дірілдеуін тоқтатқанша, Жер жоғалмайды, Күн сөнбейді. Өмір үзілмейді. С.Смат. ~ Ал ағайынды екеуі әке-шешесінің жылы шуағына шомылып, ыстық мейірімен марқаятын. Ж.Шәк.
ЫРЫМҒА ЖАМАН
Жылағанын, жаман атаңның жанына батпайды дейсің бе? Ырымға да жаман-ау, тіпті!.. «Ырымға жаман»демекші, сол түні Бәйтекең ырымның неше түрін ойлаумен болды да, ұйықтай алмай шықты. Ғ.Слан. * — Тәбәрік болсын, бізге де бірдеме бер. — Мынауың ырымға жаман ғой. Б.Мом. – Әй, тоқта. Үйге алып кетеміңді қоя тұр. Қазір оған алаңдама, қу қара басым, құры қол қоқайып барғанырымға жаман. Н.Дәут.
ЫСТЫҚ ОТТАЙ ЖАЛЫНДЫ
Құштарлы, ыстық сезімді, қызу қанды. * Мәкеннің толықша келген, аса сүйкімді кішкене аузын Дәрмен ыстық оттай жалынды еріндерімен тауып сүйгенде, қыздың да қабыл ала сүйген ыстық еріндері жас жігітті балқыта толқытты. М.Әуез.
ЫРЫҢ-ЖЫРЫҢ БОЛДЫ
Дау-дамайы бітпеді. * Енді бірде шешіле сөйлеп, үй ішіне оң шырай беріп отырғанда, — Құдайға шүкір, тұғырдан түсіп отырған ешқайсымыз жоқ қой. Көмекшісін берсе әне, бермесе тағы әне… Тас түссе талайымнан, тіптен бермесе екен, "еһк" дер ме екем… Жылда біреумен ырың-жырың болғанша, өзіміз бен өзіміздің дөңгеленгеніміз көш артық, — деп табиғатында жоқ көнбіс мінез танытқан. А.Сейд.
ЫРЫСЫ ШАЙҚАЛДЫ
~ Басынғаны ғой, панасы жоқ жетім деп, малы жұтап ырысы шайқалды деп кемітіп, қомсынғаны да. Ж.Сәм. ~ Қазан төңкерісінен кейін өр үнмен басталған жазу ашаршылықта аузын ашып бір аңтарылып, қаймағы бұзылған, аң-таң қалыпта бері кібіртіктей жылжып, репрессияға маңдайын соға тоқтағанда ақтарыла төгіліп кетпесе де ырысы шайқалып, қазаны ортайған күйде Ұлы Отан соғысына келіп кіріпті. А.Нүс.
