Posted in

ЫНТАСЫ АУДЫ

Назары түсті, қызығушылық танытты. ~ Аз қолмен шығып аң қағуға ынтасы ауған. Құс салып, құмай тазы жүгіртіп сергіп қайтпақ-ты. Ақ ордасынан адым оздырмай құйрық талдырыпты. Есігінен сығалап иіліп-бүгілген елшілер мен дәргейіне бас ұрған жұрттан қажып бітпеді ме?» Р.От. ~ Үстіден үңіліп, екпеттеп жатып алған еңкіш қабырғаны оңдысолды қиып, айқыш-ұйқыш тартылған бау-шуға ептеп ынтасы ауа бастаған сыңайлы. С.Үс.

Posted in

ЫНТАСЫН ҚҰРТТЫ

* Толықсып, толқып, бір басылып, бір серпіліп, тамағынан төсіне құлаған сайын ақшулан тартып, шапақ шашып тұратын омырауы тыныстағанда ыммен сөйлеп тұрғандай ынтаңды құртады. Б.Нұрж.

Posted in

ЫНТЫҒЫ АРТТЫ

~ … еркек атаулы әйел тәніндегі Тәңір ие “тартуын” осы күнге дейін тәрк еткен емес, керісінше, көргенше ындыны кебеді, көрген соң ынтығы артады!.. И.Сап.

Posted in

ЫНТЫҒЫ ҚҰРЫДЫ

* Мен әйеліме Ялтаға баралық дедім! Жоқ, үйге барамын деп болмады. Барсақ, баралық, соншама ынтығың құрып тұрса дедім. Өзім әмәнда Ялтада демаламын. В.Шук.

Posted in

ЫНДЫНЫ АШЫЛДЫ

Араны ашылды; ашқарақтанды. * Жоқ, елес емес, қолына жуа сабағы ілікті. Жұлғанша шыдамай еңкейе құлап қарш-қарш шайнады. О, паруардігер! Тал жуаның өзінен-ақ кәдімгідей өмір нәрі тамғандай таңдайына. Құлшынып, ындыны ашылып, көк шөпті аралап еңбектеп келеді. Тағы да, тағы да қарш-қарш шайнағысы келеді, көк жуа сабағын. С.Елуб. СИН: ЫНДЫНЫ КЕПТІ

Posted in

ЫМЫРАҒА КЕЛДІ

~ Алтай аймағының қазіргі уәлиі Жәнімхан дейтін, сақшы бастығы бір қытаймен ымыраға келіп, бұрынғы көтеріліс басшысы Есімхан төңірегіндегі он үш адамды алдап қолға түсіріпті. Т.Рыс.

Posted in

ЫМЫРТ ЖАБЫЛДЫ

Күн батты; қараңғы түсті. Ақбілек өзі жүрейін десе де, дуана болмай тағы арқалап алды. Ымырт жабыла ит даусы естілді. Ж.Айм.* Ымырт жабылып барады. Аздан кейін әлем жүзін көзден тасалап, қою қараңғылық көмгелі құшағын жайып тұрған секілді. Б.Майл. Ымырт жабылған соң Малдыбайды шақыртып алып, қара тоқтыны сойыңдар, – деді Бикенге. Т.Әбд.* Алған беттен айнымаған “халық жауы” жымы да‚ із кескен қызыл жағалылар мен Егор һәм Борза да ымырт жабылып‚ жұлдыз жамырап‚ дүние қарауытып қалған кезде Қарабұлақ ауылына жақын отырған сиыршының қыстауы үстінен шықты. А.Алт. СИН: ЖҰЛДЫЗ ЖАМЫРАДЫ; АҚШАМ ЖАМЫРАДЫ

Posted in

ЫМЫРТ ҮЙІРІЛДІ

Күн батты; қараңғы түсті. Күн батып, ақшам жамырап, ел орынға отырған кезде аң аулағандар ауылға келді. Т.Әбд. Жылқы жан-жағына мойынын созып қарайды. Ымырт үйірілді. З.Шүкір Ымырт үйірілгенде қонақтар бір-бір зереннен қымыз ішіп, қайта қисайды. Т.Әлімқұл. ~ Бұлар екі шанаға шөп тиеп болған кезде күн еңкейіп, ұясына қонуға таяп қалған. «Ауылға ымырт үйіріле жететін болармыз»,— деп шамалады Дәнеш. С.Мұр. ~ Таңның атысы, күннің батысы тыңдайтының сан алуан үнде құйқылжыған, сәт сайын жаңарып, өзгере құбылған әуен, шағаланың шаңқылы, қаздың қоңыр сазы, үйректің қарқылы мен аққудың сұңқылы, ал ымырт үйірілсе болды, әупілдектің жағы сембейді. А.См. СИН: ЖҰЛДЫЗ ЖАМЫРАДЫ; АҚШАМ ЖАМЫРАДЫ; ЫМЫРТ