~ ~ Бұрын әлде кімнің балаларындай шырық бұзып, ата-анамен тайталасып, жүз шайысып жатпайтын ұл, қызына іштей разы болатын әке, бұйығы, үстіне ілетін киім мен алдындағы асты ғана білетін жетесіз болып өскеніне енді ғана намыстанайын деді. Қ.Ысқ. ~ «Дүниеқоңыз қорқау шал, енді маған әкіреңдегенді шығарды шаршы топтың көзінше. Бір заманда дәуірледік, бір заманда тоздық шапанның ескісі құсап. Арадан ажар кетті, шырық бұзылды. Бұ да болса тағдыр. Ақыры не болады. Ш.Мұрт. ~ Қызды алатын сендер ме, Құлшығаш па? О несі-әй?! – деп Үрбала тағы тосыннан қойып қалды. Шырық бұзылды, сөз үзілді. Д.Дос.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШЫРЫҚТЫ (ШЫРЫҚ) БҰЗДЫ
~ «Ары жат, бері жат – төсектің тарлығы, ары отыр, бері отыр – көңілдің тарлығы». Әлде көңіліміз тар ма?.. Жо-жоқ, бұлай болжау – қиянат. Халқымыз жомарт, алды ашық, құшағы кең. Шырықты бұзатындар – ат тебеліндей тобыр ғана. Қ.Тол. ~ — Қазақта пәлсәпа көп, — деді Бескемпір. — Соның бірі, әйел қызғанатын еркекпен қос болма деуші еді. Қызғаныш шырық бұзғаннан басқа не әкеледі?.. Қызған, қызғанба, қатын қағынса бақырайтып қойып та көзіне шоп салады, вот так вот! — деді Бескемпір. Қ.Ысқ.
ШЫРЫЛДАҒАН ШЫНДЫҚ
Ащы ақиқат. * Қуаныш пен қайғы-қасіретті айқын сипаттай біліп, шырылдаған шындыққа сүйенген поэзиясы өмірдің бір шетін тесіп шығады. К.Салық. * Шырылдаған шындықты от ішінен. Алып шығам сәбидей бесіктегі. Қ-М.Әли * Мойындау ауыр, ащы, жаныңды ауыртып барады бірақ шырылдаған шындық осы. Аспанға атыл, көкке шаншыл аласұр сыртқа тістеніп… М.Мақат. ~ Бұл, көзінің тірісінде ешкімге қастандық жасамаған, қайта өзі қастандыққа ұшыраған, әрі мас күнемдікке салынса да, шырылдаған шындықты айтудан бір жазбаған, озбырлық, жемқорлық, әділетсіздікке жаны қас пенде болатын. Т.Рыск.
ШЫРҒА СӨЗ
Алдамыш сөз. ~ Сан жерде әр топтың ортасына қойған ақсақал, қара-сақалы, жігіт-желеңі, жас-кәрісіне шейін осыны айтқызады. Қазіргі топтардың әралуан, әр үйде қайталай түсіп, қадағалап айтып жатқан бір шырға сөзі тағы бар. О да Оразбайдан тараған болса да, бір Оразбай емес, Тобықтының бар байының аузынан шығарлық сөз. М.Әу.
ШЫРҚЫН БҰЗДЫ
Мазасын алды, сәнін кетірді. * Көп сөйлеме, тыныштық бер мына жұртқа. Елдің шырқын бұзба, – деп Бөлен кесіп айтты. Ә.Шәр. * Ауланың ішіндегі үйлердің бірінен әлдекім есік алдына шыға қалса, бізді көреді де, бөгелмей жалт бұрылып кетеді. Өздерімен өздері рахаттанып отырғанда, шырықтарын бұзбайын дейтін тәрізді. Б.Соқп. * Тыныш кештің шырқын бұзбай, қайта осынау бейуақ сәттің тылсым кейпіне әдемі үйлесіп жарасады… С.Елу. * − Тәйт! – деді. – Сені Мұртаза мойнына алабұршақ салып, қорасанға қой айтып, әулиеге мал айтып, Құдайдан тілеп алса да! Әңгіменің шырқын бұздың ғой! Ш.Мұрт.
ШЫРҒА ТАРТТЫ
Қыран құсты үйрету, қанатын бекіту үшін түлкі терісіне қызыл байлап сүйретіп, соны алдыру әдісі. Алдап, қолға түсіру деген мағынада. .~ – Нені білдің, білсең, айтшы! – Жаздыгүні партия дауының болысы Арап- байдың кара шұнақ қызын үйіне тығып қойып, етке тойып, есі шыққан 5 жігітке шырға тартып, бір ауылнайдың іс- хатын алып кетті деп еді, со ғой. – А, солай ма? Білерсің. Ретін тапса, қарғаға қаз ілдіреді деген осы болатын. Ж.Айм. ~ — Мұныңа келісе алмаймыз! — Айласын асырмақ алаяқтардың пасық ойларының түбіріне балта шапты. — Біреуіңнің бет-жүздеріңді көрелік, ақшаны қолымызға әкеп беріңдер. Біз де өз қолымызбен бұйымтайларыңды табыстаймыз. — Мұнысы жай араларына шырға тартқаны. Ә.Ыб. ~ Ұстамақ боп сол құсты салып жүрген аңға əлек, Шырға тартты бір күні құс ұшатын маңға кеп Тегі қыран болған соң қалай ғана бөгелсін, Құс жаңылып жайылған торға түсер деген шын. Д.Әбіл. ~ Алдында алтын жатса, алмайтұғын, Жан-жағын, қу болмасын, жалмайтұғын. Өлген қоян терісін тұлып қылып, Тартқан шырға көрінсе бармайтұғын. М.Ж.Көп.
ШЫРМАУЫҚТАЙ ОРАТЫЛДЫ
~ Бұл байғұстың осал жері — төсек… Күн аралап келетін өз кезегін тағатсыз көңілмен шыдамсыздана күтіп жүреді. Ел жатып, шам сөнісімен желімдей жабысып, шырмауықтай оратылады. Қ.Жұм.
ШЫРҒА ТАСТАДЫ
Аңшылардың аң-құсты алдап, далбаймен шақырып алатын айласы; Біреуді уысына түсіру мақсатында әлдебір қулыққа барды. ~ Халықшыл ой, Россияның көп қауымына жайылған ой. Соны біліп отырған патшалықтың уақытша жасап отырған бір тәсілі ғана. Бұны шыны деп білмеңіз, қыры деңіз. Ол – жұртпенен шырға тастап, алдасып ойнау, ойнау ғана! – деді. М.Әу. ~ Жөкеңнен де дамыл алмай кісі тартып жатыр. Тобықтының ішкі шебін өзінікі етіп алу үшін Жігітекке тағы шырға тастайды. «Құнанбай баласының өз арасын ірітсем» дегенде көкірегі қарс айрылады. Осындай есептің біріне жаратқалы Базаралыға кісі салыпты. Жақында Абылғазы келіп кетіп еді. Базаралы өзінің бар жауабын, жау сырын маған әдейі сәлем ғып айтып жіберіпті,- деп насыбайын иіскеледі. М.Әу. ~ Матен- амбы бүгін үкірдайлардың әрқайсысын кезек- кезек қасына алып, әртүрлі әңгімемен алдарқатып келеді. Емексіткен жылы- жылы сөздер айтып, шырға тастап, өз жағына тарта түспек болады. Қ.Жұм.
ШЫРМАУЫНА ОРАЛДЫ
~ Кәріліктің енесін ұрайын, ол сәл шегіне тұрар, әлгі орыс бәлшебектердің ең құрмаса бір-екеуін жер жастандырып, қыршынынан қиылған баламның кегін неге алмаймын, азар болса о дүниедегі кемпірім, балам екеуімен қауышармын, бұ дүниеде мен қимайтын не қалды» деген ой-пиғылдың шырмауына оралады. Осы жайында сол Қытай жерінде қосы ауған өз өрен-жарандарымен ақылдасады. Ұ.Дос.
ШЫРҒАҒА КЕЛДІ
~ Жәмеш бұрын жастықпен өзінің даусыз бақытына сенгендікпен паң болып тәкаппар болып, маңына үміт қылған бозбаланы дарытпай келсе де, енді мұның алдынғы өмірін ойлайтын мезгіл жетіп еді. Жұматай да, Қабыш та күн ілгері өткен сайын, Жәмешке ой түсер, шырғаға келер деп үміт қылатын. М.Әу.
