Әбден шаршатты. * Жасы бар, кәрісі бар, сұңғыла білімдісі бар, түк сезбесі бар — талай мұғалімнің шашын ағарттық. Соған қарамастан білмейтініміз қандай көп. С.Асылб. * Кадр бөлімінің бастығы — осы мекемеде он жылдан бері істеп, шашын ағартып, көз майын тауысып еңбегін сіңірген денсаулық сақтау ісінің үздігі — жаңа бастығының жүзіне сүзіліп кеп ұзақ қарады. Д.Досж. * Шаршадым. Бір Байсеркенің биылғы салған лаңы талай шашымды ағартты білем, — дей келіп, жақында болып өткен «Қара күмәннің» жайын айтып кетті. Қ.Жұм. * Жасы бар, кәрісі бар, сұңғыла білімдісі бар, түк сезбесі бар — талай мұғалімнің шашын ағарттық. С.Асыл.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШАШЫН АҚ (ҚАР) ШАЛДЫ
Шашына ақ түсті, шашы ағарды. * Жиналғандардың ду қол шапалағымен балалар 60 ардагерге гүл шоқтарын сыйлады. Шаштарын ақ шалып, көпшілігі балдаққа сүйенген қарттар қаздай тізілген мәшинелер легіне қарай аяқ басты. БАҚ
ШАТАҚ ШЫҚТЫ
~ Бөкенбай бұндай сөзді бұрын айтпай, кейінірек айтпай, бүгін неге айтып отыр? Әлде бір күні күлік, бір күні бүлік болып отыратын қазақ арасында тағы да бір шатақ шыққаны ма… Б.Мом. ~ Дәл қазір бір шатақ шықса екен деп жатып кеп құдайдан тілеймін, тым болмаса еңкейіп сүйіп алса ғой, бәрі де осымен шешілер еді, жүрегімнің дүрсілі де, ширықкан жаным да жай табар еді-ау! И.Бун. ~ Шатақ шықты. Ел жиналып қалып, бізді аттан түсіріп, кәриелері: — Дәуренбек, сенікі жөнсіз, бұлар жүктерін атына артып бара жатқаны еп емес. Ақыр өзіңнен бір түйе сұраса, бермей қалғаның ұят емес пе? — деп мені жүйелеп жатыр. Б.Мом.
ШАШ АҒАРДЫ
1. Жасы келіп, қартайды, шәу тартты. * … сонан жылдар өтер еді; шаш ағарып, жүйке жүн болар еді; жас кездегі жалын, жігер, күш-қайрат күрт кеміп, жүзі мұқалған алмастай, ешкімге, ештеңеге қажетсіз боп қалар еді … Ә.Нұрп. * . Шетел өмірін кітаптан да оқып білуге болады, оған уақыт жоқ, қалыңдығы кере қарыс томдарды оқып біткенше шаш ағарады. М.Қаб. * Шынында да, Ғалекеңді «қартайтатын» мың-сан уайым, қам-қарекеттің, тым құрғанда, ширегі ойына келіп көрмеген алаңсыз бастағы шаш ағарып қайтсін… Т.Шап. 2. Әбден қажыды, шаршады, титықтады. * Е, қайтемін. Кинодан қайтқан сайын Әйешті шыр-пыр қорғаймын деп шаш ағарды. М.Қаб.
ШАТАҚҚА ҰРЫНДЫ
Басы бәлеге қалды; істі болды. ~ Әмірбек тыныш жүрмейді Көкімбек дегенмен бірігіп ат ұрлады деген шатаққа ұрыныпты. Тапа-тал түсте Алматыға айдалды да кетті. Б.Тоғ. ~ Оныншы сыныпты әне-міне бітіремін деп жүргенде шатаққа ұрынды, бала. Төрт жылға кесілді, бала. Ә.Тар.
ШАШ АЛ ДЕСЕ БАС АЛДЫ
* Жігіттер де даланы жаңғырттыра сөйлеп, қарқылдап күліп келеді: «Шаш ал десе, бас алатын», барған ісін орындамай келмейтін өңшең өжет сарбаздарың емес пе? Ж.Айм. * Және атқарушы болғанда қандай, шаш ал десе бас алатын, жамандық істеуде алдына жан салмайтын, құдай алдында да, адам алдында да айылын жимайтын нағыз есірік нақұрыс еді. С.Мұр. * Оның үстіне қасымыздағы адамдар да шаш ал десе бас алып, мәселені тым асқындырып жіберді. Қ.Жұм.
ШАТТЫҒЫ ШАЛҚЫДЫ
~ Нұрланның ашыққан асқазаны да, шалдыққан денесі де азықтанып жадырай бастады, бірақ жаны жүдеу қалпынан көп өзгерген жоқ. Оның жанын жүдетушінің бірі осы қыз. Неге екені белгісіз, осы қыз Нұрланды көрсе шаттығы шалқып сала беретінді шығарды. Ә.Әб.
ШАТТЫҚ (ҚУАНЫШ) КЕРНЕДІ
* Ақырында өз рухын таныған, Құдайдың дидарын көрген адамның бойын телегей шаттық кернейді. Т.Әсемқ.
ШАТТЫҚ ҚОНДЫ
Бақытқа кенелді. * — Көйлегім бар,- деді әйелі (қабағына мұң қонды), — Бір бешпетпен жүрсің өзің, міне, қанша жыл болды… Екеуі де менен бұрын оған шаттық қонса деп, Алдыменен ол қуансын, оның көңілі толса деп, Бір-біріне сый ұсынып, бірін-бірі жақтады… М.Шах.
ШАУ ТАРТТЫ
Қартайып, күші тая бастады. * Бәз-баяғы қалпы. Міні құрасайшы. Ол –мәңгілік. Өзі ше? Шаш ағарып, көп нәрсеге көңілі қарайып шау тартты. Жас кездегі ашулы қайраты бара-бара сап-сап сабырға ұласқан. Р.Отар. * Сөйлеп келген жыр тілде, Ақынның да шау тартуы мүмкін бе. Жасымда ылғи лапылдасам от болып, Оты сөнген жанартаумын бұл күнде. Р.Ниязб. * О, кез заманның аумалы-төкпелі шағы емес пе?! Бүгін — көл, ертең — шөл. Арада небір дүрбелең жылдар өтеді. Сәби жігіттікке жетсе, жігіт шау тартады. М.Сүн. * Елудің бесеуіне жаңа келсе де, жалғыз-ақ түн қасқағым сәтте жүз жылға бір-ақ қартайып кеткендей, өз-өзінен қорынып, жасына жетпей шау тартуы – көмбеге ілінбей жол ортада ақсап, жайылып қалған бәйге атынан айырмасы кәне? О.Бөк.
