~ Бұл кезде Марат Мирзо-ев-ян-заде-пулоның ұлттық қысымнан серпім алған күш-қуаты өзінің шарықтау шегіне жетіп еді. М.Мағ. ~ Мына тынымы жоқ тіршілікте әркім әр шаруамен байланып, таңның атысымен күннің батысына дейін тыпырлаймыз да жүреміз емес пе? Мәселен, мен композитормын. Ал Мұқағали ақын. Әсіресе жетпісінші жылдардың орта шенінде оның поэзиясы шарықтау шегіне жеткендей аспандады. Н.Тіленд. ~ Жергілікті маңызы бар барлау-бақылау, күш сынасу ұрыстары советтермен майданының барлық жерлерінде жүргізіліп жатты. Күшті ұрыстар күзге қарай басталып, қыста өзінің шарықтау шегіне жетті. Ә.Нұрш.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШАТ-ШАДЫМАН КӨҢІЛ
~ Кәрі кемпір-шалдың қуанышын бұл арада сөз етпей-ақ қоялық. Олардың шат-шадыман көңілдері онысыз да мәлім ғой. І.Ес. ~ Яғни темір-терсектен құралған бір жансыз, үш жанды төртеу — қызыл «Жигули» және көкем, мамам, Маймақ, «Шат-шадыман көңіл және ерке» деп аталатын салтанатты симфонияның бір-бір ноталары тәрізді. М.Қаб.
ШАТ (ШӘТ)-ШӘЛЕКЕЙІ ШЫҚТЫ
Берекесі кетті. * Ғажайып ертегі тыңдағаннан бетер кісінің аузына кіріп кететіндей ентелеп, арасында әлдекімді қоштай, әлдекімге өкпелеп, енді біреуге шат – шәлекейі шығып кейіп, қырық құбылған күйеуіне әйелі: «Бәтір – ау, текке отырып күйіп–пісетінің не», – деп басу айтқан болады. Т.Әлімқ. * Сейсен інісіне сондай бір өшпенділікпен ішіп-жеп қарасын. Ұрып жібермегеніне тәуба! Сол бір көкиген қызға бола соншама шат-шәлекейі шығып, бүлінгені несі? М.Қаб. * — Сегіз інім! Жау келіп қалды! Сауық қүрған жастардың шәт-шәлекейі шықты. Б.Тоғ. * Тәңірім- ау, жападан- жалғыз отырып шай ішудің өзі- ақ қиын. Талай жыл болса да үйрене алмай- ақ қойғаным. Айжан келді бір жасап қалдым, қарағым. Әйтпесе көршілерге барып, не шақырып шәт-шәлекейім шығатын. М.Сүн. * Содан соң билікке уақытша өкімет келіпті. Одан кейін бұлығып, былығып, шат-шәлекей болып жатқан сияқты. М.Мағ. * Жеңеше, әй, жеңеше, мынау менің арқаным! Міне, міне, бір ұшына қайыстан тұйық жасаған болатынмын, дәл өзі ғой, менің арқаным ғой! – деп Шойынбек таңданып та, қуанып та шат-шәлекей бола қалды. Ғ.Қаб. * Қопада отырған қойлы ауыл шәт-шәлекей болды да қалды. К.Қаз.
ШАТ КҮЛКІ
Өмірге дән риза адамның шынайы күлкісі. * Не керек, көре алмадым өзге қызык, Жастардың шат күлкісі көңіл бұзып… Б.Тоғ. * Ит үрікті түтеген түтіндерден, Шат күлкілі даланы жат күй алды. Жұб.Молд.
ШАТ ӨМІР СҮРДІ
* Сол үшін Хафизаға жылатып тұрып, жас кездерінде Нұржан екеуінің қандай қуанышты шат өмір сүргенін үлкен ария еткізіп айтқызады. І.Ес.
ШАТАҒЫ ЖОҚ
Шаруасы жоқ. * Арман мұнда қалталарға батады, Сонда өледі, ешкімнің жоқ шатағы. Ә.Балқыб.
ШАТАҒЫМ ЖОҚ (ҚАНША)
~ Өзге суретшілерде шатағым жоқ, менің өмірлік тәжірибем осылай үйреткен. Ә.Асқ. ~ Моральді қой. Сен – менің әйелім емессің. Қалай табасың, шатағым жоқ. Ақшамды өндіріп алсам болды. Т.Сәу. ~ Сен… сені Әшір ұнатып жүр. – Мейлі… Мейлі, мың жерден ұнатсын, онда шатағым жоқ. Мені әуелі десе Асан да ұнатады. Онда менің не жұмысым бар? М.Қаб. ~ “Махаббат” деп мауыққан өзге жұртта шатағым жоқ, үйлене ме, қоя ма – өздері білсін. Ә.Асқ. ~ Бөтеннің мүлкіне біреудің басы ауыра ма. Жау шаппақ түгілі топан су қаптасын, өз жерін өзі қорғап алсын, менің шатағым қанша, қызыңды ұрайын деп, былайғы ағайын былқ етпей шалқасынан сұлап жата берді… Т.Сәу.
ШАРУАСЫ ШАЛҚАЙДЫ
Қиын жағдайға тап болды. ~ Хал-қадарынша екі партияның бірін беруге тырысады. Бастықты аяғаннан ұтқысы келмейді. О кісі шахматқа әкесі өлгендей жан-тәнін салады, шаруасы шалқайса, кәдімгідей қызараңдап, шатақ шығарады — шақар… М.Қаб. ~ Екі– үш күн сайын базар араламаса, басы ауыратын қатындар сияқты бұл үйреншікті осы мекеніне келіп қайтпаса, жиі– жиі ат ізін салмаса, шаруасы шалқайып қалардай көретін. К.Сег. ~ Ғажап! О, ғажап! Жезде… Кім жезде? Мен бе? Ол қалай?– деп, оң–солға бұлғақтап, шаруасы шалқая бастап еді, мен жалғыз ауыз сөзбен жөнге салдым: – Әйеште үмітің болса, дәл қазір мені Қарасуға жеткізіп тастайсың. М.Қаб. ~ Қайдан естігенін кім білсін, дәу де болса Абыралы айтқан-ау, баспадағы шаруасы шалқайған жинағын, пәтер күйін тықақтап сұрады. Ал Жапекең баяғы әп-әдемі Жапар ағай. Сөз біреу, құлақ екеу дегендей сынын бұзбай, сыртын салып, бипаз отыр. М.Қаб.
ШАТАҚ ШЫҒАРДЫ
Дау көтерді, лаң салды. ~ Бұлар елді қынадай қырып, пәре алды. Жұртты тасқаяқтай қағыстырды. Әсіресе «ат бермеймін» деп шатақ шығарған елдің бар жақсы атын жаздыртып отырып, сыпырып алды. І.Жанс. ~ Ғ а з и з (құшақтап). Иә… кешегі сенің Рақышқа айтқан сөзің шатақ шығармайтын сөз емес қой. М.Әу. ~ Саған еремін деп қайнілерімнің аттарын атап қойдым, Гүлжиһан. Кенже бала атын атағанын естісе шатақ шығарады. Оның мінезі екі ағасының екеуінен де өзгеше, қазір көресің. Х.Ес.
ШАРУАСЫ ШАЛҚАҚ
~ Сенің атаң, ұлым, ат баптап, ән салғаннан бөтен ештеңе тындырмаған кісі еді, ел қыдырып, жұмалап жоғалып жүрді, сонда да үйі орынында, шаруасы шалқақ-тұғын. Ж.Нәж.
