Posted in

ШАРУАҢ ҚАНША

~ Ұйықтарда мені орталарына алып жатты. Түн ортасында ұйқылы ояу күйімде сөйлеген сөздерін естіп жатырмын. — Әрі кетші, әрі,- дейді апам әкемнің қолын менің үстімнен итеріп. — Шаруаң қанша менің баламда? Ж.Шаш. ~ Бірақ өзі Асқардан әлі күнге бірде-бір хат алмапты. — Жә, ол жазар — жазбас — онда шаруаң қанша. Онсыз да жұмысы басынан асады, күйіп-пісіп жүргені, хат жазуға мұршасы бар ма. Ә.Әл. ~ Бір бастық келеді, бір бастық кетеді, сенің ондағы шаруаң қанша?! Солай емес пе? — деп өз сөзін мақұлдатып бір қойды. С.Мұр. ~ Орындыққа отырған соң: — Қай ауруханадансың? — деп едім, "бәсіре" масым: — Онда сенің шаруаң қанша? — деп көзін алартты. Ә.Тар.

Posted in

ШАРУАСЫ БІТПЕЙДІ

~ Судыр Ахмет үндемей, Еламанды женінен тартып қасында тұрған кісілердің арасынан оңашалап алып шықты. «Осының–ақ шаруасы бітпейді»,– деп ойлаған Еламанның назары басқа жақта. Ә.Нұрп. ~ Әпкесінің ағасы жоқтағы әрекетін Мансия түсінбей-ақ қойған. Күйеуі жолаушы кете салысымен үй әктеу, кір жуу, көрпе жастықты сыртқа шығарып қағып-сілку сияқты жұмыстарды қолға алатын. — Ту, ол кісі жоқта өзіміз бір тынығып қаламыз ба десем, осы үйдің-ақ шаруасы бітпейді ,- деп кейитін Мансия. АҚ "Өткен өмір…"

Posted in

ШАРУАСЫ БІТТІ

Жағдайы нашар, енді оңбайды, құрыды д.м. * Жарқынбек Сабыровты аяп кетті. Қаталбаевтың шаруасы бітті енді. К.Қаз.* Қазір жан-жақтан қарды бұрқыратып шашып, біреуі келіп тарпа бас салса, шаруасы бітті. К.Қаз.* Айттым ғой, бес-он жыл шыда деп! Сол шамада шалдыңда шаруасы бітеді. Б.Тоғ.

Posted in

ШАРУАСЫ ЖОҚ

~ Бір минут көз алдынан таса қылғысы келмейді. Көзінен тайсам адасып кететін құттай баладай көреді де тұрады. Маған мұрт шыққанында шаруасы жоқ. Н.Сер. ~ Жарылмақ түгіл жаңқа боп кетсең де жігіттің мұнымен түк шаруасы жоқ, әлгі сөздерді газеттен оқып отырғандай төмен салбыраған басын көтерер емес. Д.Ис.

Posted in

ШАРУАСЫ КҮЙЗЕЛДІ

* Ел құмырсқа жауғанын берекетке, жақсылыққа жорыды. Келесі жылы жиянгерлік соғысы басталды. Ел шаруасы күйзеле бастады. А.Байт. * Торғай губернасына қараған елдің шаруасы күйзеліп, ашаршылыққа ұшыраған жайын Әбең уәкіл кеңінен келістіре сөйлеп, соған халқымыздың туысқандық, достық жәрдемін көрсетуді, жоғарғы орындардың атынан айтып өтті. С.Бег.

Posted in

ШАРТ СЫНДЫ

1. Оқыс мінез танытты, екі сөзге келмей, ашу шақырды. * — Атымды бермеймін!—деп шарт сынған Қарасұңқар. Ә.Әл. * Ой, айранда басың қалғыр! Былай тұр! — деп Әсем шарт сынды. — Айран дейді ғой құлқын сәріден! 2. Ортасынан бөлінді, күл-паршасы шықты, морт үзілді. * Жиырмасыншы ғасыр біздің шаңыраққа шаттық әкелген жоқ, заманның алай-дүлей дауылы шайқаса да шарт сынбағанымызға тәуба. Шам-шырағымыз өшкен жоқ, әйтеуір. Б.Тоғ. * Ақырында бір күні, тұма басы, Пайда бола кеткендей жын абасы, Бір нажағай жарқ етіп қыз есінде, Иінағаш шарт сынды тізесінде… Т.Әбдікәк. 3. Сарт еткен оқыс дыбыстың сипаты. * Көп ұзамай, тағы бір хабар ашық күнде шарт сынған найзағайдай ес тандырды: өзінің досы, ағайыны Жалменде ұлы Пышан атылыпты. Б.Тоғ.

Posted in

ШАРТ ТА ШҰРТ

* Нағыз бір өз күшіне сенген ұрдажық, ожар неме екен, балағаттап, келе Сейілханды құлақ шекеден қойып жібереді. Ондайға төзетін Сейілхан ба, шарт та шұрт төбелес басталып кетеді. Т.Ахт.

Posted in

ШАРУАСЫ ТҮГЕЛ

Қайғысы жоқ, алаңсыз, өз есебі өзінде. ~ Әжмұраттың шаруасы түгел. Өңешін жырта айқайлап, айта түседі. Ш.Айт. ~ Тұяқты тұлпар, қанатты сұңкар-ай, кілең, Жарысты бейбақ шаруасы түгел сайлымен. Бармағын тістеп, амалсыз қазақ тоқтапты, Үмітпен күткен келмесе аты бәйгеден. Т.Молд.