Posted in

ШАРТАБАҚТАЙ АУЫР

* Оқиғаның басталуы, да¬муы, көркемдік шешімі, нысаны қат- қабат қатталып, көркем ойдың салмағы сом-данып шыға келгенде шап- шағын әңгіменің салмағы шартабақтай ауыр тартады. Т.Жұрт.

Posted in

ШАРУА БАҚТЫ

* Шаруа баққан адамның әр нәрсені орайластыра жүретін әдеті емес пе, Өмірбек жолшыбай қысқы мал жайылымына соға кетуді мақұл көрді де, Тасқұдыққа тартты. С.Шайм. * Тау-тасты, өзен-сулы, орман-тоғайлы алтайдың әр қойнауында шаруа бағып отырған момын елді қинайтыны, әсіресе осы жол азабы еді. О.Бөк. * Әрине, күнкөріс қамы үшін шаруа бағып, мал өсірген де жақсы. Қ.Жұм.

Posted in

ШАРУА ТАПСЫРДЫ

~ Бұл ұры тазыны, дәу де болса қазақ арасының қалай екенін біліп кел деп жансыз қылып жұмсап жіберген шығар. Әйтпесе оған қай бір пәтуалы шаруа тапсыра қойды дейсің… Ә.Кек. ~ Қорықпа, Күреңбай! Иншалла, аман-есен келерсің. Мен сенің ақыл-айлаңа, қайратыңа кәміл сенбесем мұндай шаруа тапсырмаған болар едім. С.Ом.

Posted in

ШАРУАҒА (ЕҢБЕККЕ) ҚЫРБАЙ

~ Әжем болса қартайды, інім болса жас. Тұңғышбайдың келіншегі шаруаға қырбай адам, оның үстіне 3 жас баласы бар… Ол кетсе, осынша жанның міндеті менде болады-ау!.. Ж.Айм. ~ Бұларды дос қылған екеуінің де құмарлығы, әуесі — аңшылық еді; екеуінің сүйегінде де жалқаулық, серілік бар еді; екеуі де шаруаға қырбай еді; әкесі Бекболат екеуін «Екі әуейі» деуші еді. Алайда екеуінің жаратылысы екі басқа еді. Ж.Айм. ~ Майының артығын сатып, киім-кешек, ұн-шайға жұмсайды. Ауылдағы кексе қатындар шаруаға қырбай келіндеріне ұрысқанда, «Жидіген, шірік күң! Ана Алтынайды көрмеймісің, бит терісін биялай қып отырғанын!.. Қазақтың қатыны сондай келеді» деп ұрысатын… Ж.Айм. ~ Жасыңнан еңбекке қырбай едің. Есіңде ме, екеумізді де әкеміз пішенге аяғымызды тұсап салды. Мен сол күні түске жетпей-ақ тұсауымды алдым. Сен екінші жылы да шөпті тұсаумен жүріп шаптың. Ғ.Мұст.

Posted in

ШАРУАҒА ҚЫРЫ ЖОҚ

~ Ол жігіттің өзі қалай екен, шаруаға қыры жоқ, бос белбеу, орашолақ емес пе… мынадай жауапкершілігі үлкен, қиын сапарға жарар ма екен?.. О.Бөк. ~ Әке көзі сыншы, жалғыз ұлдың шаруаға қыры жоқ, іске олақ болып өскенін іші сезеді… Олай-былай болып, өзінің көзі жұмылса, бұл үйдің күн көруі қиын еді. З.Шүк.

Posted in

ШАРҚЫН КӨРСЕТТІ

~ Қарашалы баласы Уысыңнан аспаған. Таутекенің мүйізін Садақ қып ойнап ұстаған. Іш Оғыз бен сырт Оғыз Түгел білер даңқыңды, Арыз ұлы хан Басат Маған көрсет шарқыңды, – деп зарлайды. Ғ.Біл.

Posted in

ШАРТ АЙЫРЫЛДЫ

*… еркелетіп өсірген кенжесінің тектеуге түскеніне отыз қанша жылдан бері екі үйдің бірдей барлық ауыртпашылығына қыңқ етпеген шешесі шарт айырылды… Қ.Мүб.