* Бірақ, өткен іс өтті, кетті. Оған қайта қайрылар қауқар да, мұрса да жоқ. Мүмкіндік те жойылған. Мұндайда қолда барды жұбаныш етпей шара не?! Ғ.Біләл * Өрттің Малжан аулынан келген суық қолдан шыққаны айдан анық еді. Бірақ көзбен көріп, қолмен ұстамаған соң не дейсің. Іштен тынғаннан басқа шара жоқ. С.Жүн. * Бәрі көзіне жас алды. Ақсақал жанарының жасаурағанын ешкімге сездіргісі келмеді. Енді келіспеске шара қайсы. М.Рам.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШАРА НЕШІК
~ Немересі Абсенттің мақпал қара, Сүріндің бе, неліктен тізең жара? Айтуға арыз тілің жоқ, жануарым, Мен емеспін бапкерің, нешік шара?! Т.Әл.
ШАРАНАСЫ КЕППЕГЕН
Буыны қатпаған, тым жас д.м. * Мынау менің бабамның жылқысынан қалғам тұяқ, сондықтан менің де малым. О.Бөк. * Әкесі Досбол қырық екінші жылы майданға аттанғанда, бұл шаранасы кеппей емшекте қалған бала екен. Қ.Жұм.
ШАППАҚ БОЛСАҢ ЗЫМЫРА
* Кенет есік айқара ашылып, секретарь қыз тайтаңдап кірді. Бас редактордың дүмпуі ме, бұл бала редакция қызметкерлеріне ерке. Оның ішінде бойдақтарға қатты келетін. — Елтай, шаппақ болсаң зымыра! М.Қаб.
ШАРАПАТЫ ТИДІ
Көп жақсылық істеді; пайдасы мол болды. ~ Марқұм Түркістанға барып бедел қажы атанып, артынан Меке-Мәдинеге және барып қайтқан. Елге шарапаты көп тиген. Т.Әсем. ~ … үлкен кісінің шарапаты тиіп, сонау Мекке-Медине жақтағы ешкімге белгісіз бір жапырақ кішкентай елдің қаржылай көмегімен Нұр-Астана мешіті салынды. Д.Дос. ~ – Тоқалының өзі бес бала туған. Сондықтан бұл апам айтқандай майлы ошақ, бізге де шарапаты тиеді, жаным. С.Досж.
ШАПТАЙ ТҮСТІ
* — Е, ылау жалғыз маған міндет пе екен? Жектір басқадан,- деп ол орындаушыны беттен ала түседі. — Сенің жамандығың. Жаман болған соң, басынып келіп тұрғанын көрмейсің бе? — деп күйенте асынып тұрған қара қатын Шегірді шаптай түседі. Б.Майл. * ─ Осы Сонарбай биыл жаз бойы бос жүрді, қоңы да жақсы, егін қоруға өзін неге ерттеп мініп алмайсыз? – деп Жарболды шаптай түседі. Т.Әбд.
ШАРАСЫ ТАУСЫЛДЫ
Амалы бітті, енді не істерін білмей дал болды, басқа амалы қалмады. * Қазіргі жалақымен мәңгі-бақи үй ала алмайтынын және біледі. Баспананы шарасы таусылғандықтан сұрап отыр. Айтқан сөзіңнен замандастарыңа, достарыңа деген ешқандай мейірім көре алмай отырмын. Т.Әсемқ. * Осылайша шешесі мен баласы біраз дауласып сөйлесіп алды да, ақыры Зейнат шарасы таусылғандай лажсыз күлімсіреп әжеме қарады. С.Мұратб. * Күте-күте қалтырап тоңа бастады. Ақыры шарасы таусылып, біреуде ақысы кеткендей мойыл түбінен құлазып шықты. Ә.Асқ. * Ұл шарасы таусылғандай ыңырана қозғалып барып, жастығына жантайды, Келін де самауырынның шүмегін жұлқи бұрап, шай құйды. Тұлданған түрі. К.Сег. * … Бетпақ Далада адасқан У2 шолғыншы аэропланы жағармайы сарқылып, шарасы таусылған ең соңғы сәтте көз ұшындагы бозғыл ойпаңда адам тұрағы барын аңдады. М.Мағауин * Түн болды ғой… Балым! — деп, көмірқара Бұлыш шарасы таусылып жан-жағына қарады. С.Елу. СИН: АЙЛАСЫ ҚҰРЫДЫ
ШАПТАН ТІСТЕДІ
~ Әдетте, етікші мен ұстаның байқатпай шаптан тістейтін шақпа тілі болады. Құдықшыда о да жоқ. Ә.Кек.
ШАПТАН ТҮРТТІ
* Сөздеріне құлақ асып, дұрыстап сөйлесе білгенде өздері-ақ ың-шыңсыз тарап кетер еді. Өйтудің орнына үкімет шаптан түртіп өздері арандатты. Т.Сәу.
ШАПТЫРМА СӨЗ
Қаңқу әңгіме; кекесін. ? * – Кәрі қойдың басы піскенше, жас қойдың басы сылынып түседі дегеніміз осы, – делінетін шаптырма сөздер қарша борады. Ғ.Біләл
