Posted in

ШАР БОЛАТТАЙ

* Тұтқын бойындағы от пенсуға бірдей суарылған шар болаттай өткір жігер жүзін жасыта алмады. Ү.Жәлеке. * Алпамсадай балуан денелі, тұтас құйылған шар болаттай кесек жігіттің тұлғасын үй иесі отты жанарымен барлай бір қарап алды … К.Сегізб. * Осынау балуан тұлғалы кесек пішілген жігіттің сыртқы пошы- мына да аз ғұмырында біраз көресіні көріп, шар болаттай пісіп- шыңдалған ой орамына да әбден көңілі толған болатын. К.Сег.

Posted in

ШАР ЕТТІ (ЕТЕ ҚАЛДЫ)

1. Қатты жылап жіберген баланың дауысы. * Үстел шетінен орын тиген бұл бір кесе шайды аузына ала бергені сол… түкпірдегі бөлмеден шар ете қалған сәби үні естілді. Д.Әш. * Кенет нәресте шар ете түскенде шошып оянды. Н.Қабдай 2. Жан даусы шықты, баж ете қалды. * Салауатов телефонға жармаса бергенде, Сырдақов шар ете қалды. — Ағатай, звондамаңыз. Әйеліме қырсығым тиіп жүрер. К.Қаз. * Бас редактор – тақырыбына қарай салып, от басып алғандай шар ете қалған. С.Иман.

Posted in

ШАР САЛДЫ

Сайлауға қатысып, дауыс берді. ~ Қазақ қара табандарын тентіретіп, жүкшілерінің, жұмысшылардың жұлынын құрттатып, жеп жүрген өңшең хандарды, ақсүйек, жуандарды қуалауымыз керек… Әлгі өзің маған атын айтқан қазақ жемшіктері жиналып, біздің «Үш жүздің» шығарған списігіне шар салатын болыңдар… І.Жанс. ~ Малды да, сырды да көпке жаймай, тек он екі старшынның шар салатын елубасыларына ғана төгіп беріп отырып. үнемі астыртын әрекет етеді. М.Әу. ~ Сол білінбеген шар саны, отыз елубасы Оспанға тегіс шар салып шыққанша, білінбеген күйде қалды. Бар елубасы өтіп болған соң ғана начальник орнынан тұрды. Шардың басына ояз бен екеуі қатар келді де, тілмашқа бұйрық етті. М.Әу.

Posted in

ШАПАҒАТЫ ТИДІ

* Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін, кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер. Б.Соқ. * … өзіне төнген бақсы қара ала қабан боп елестеген Ұрқия талықсып құлап түсті. Бақсының да шапағаты тимеді. С.Жүн. * Бастық болғам соң өзіне жақын адамдарға шапағатын тигізуі қажет. Б.Соқ.

Posted in

ШАПАҒАТЫН КӨРДІ

* Димекеңнің талай шапағатын көрген пәтшағар су ішкен құдығына түкіріп, көки бастап еді, қызу қанды Шөкең – Шора байқұс атып тұрып: «Ей, анекдотшы, Қонаевты басқа жамандаса да, дәп сенің жамандайтын жөнің жоқ еді ғой. Айтар басқа сөз құрып қалды ма!» деп тиып тастаған… Т.Сәу.

Posted in

ШАПАН (ШАПАН-ШАПҚЫТЫН) ЖАПТЫ

Құрмет көрсетті, сыйлады. * Мағжанмен күлі күндес боп келе жатқан әлгі ағаш аяқ «рыцарь» бұл жолы бәрінен асып рекорд жасады – шойнаңдап барып, Біріншінің иығына шапан жапты. Т.Сәук. * Біздің үйдің іші шамалары келгенше, Балжан құдағиды сыйлап, риза етіп аттандыруға барын салды. Бұрынғының кәдесі деп, көйлек кигізіп, шапан жапты. Б.Соқп. * Соның сөзін құп алған бек Ойлыбайға арнайы кісі жіберіп, үстіне шапан-шапқытын жаптырады… О.Сәрс. * Енді осы сайысқа түсер қол шығының, жеңіп шыққандардың шапан-шапқытын, тойшы жұрттың сойысын қыпшақтың белгілі билері, майлы ауыз байлары кезек көтерісіп жатады. Д.Досж.

Posted in

ШАҢЫРАҚТАЙ МҮЙІЗ

~ –Жауыздық дейсің бе, жауыздық көрген жалғыз менмін дейсің бе? Ортаға шаңырақтай мүйізін шайқап тастап, ақ бурыл шаған бұғы шыға келді. Д.Қуат.

Posted in

ШАПҚАН АТТАЙ БҰЛДЫРАП ӨТТІ

Есіне түсті, көз алдынан өткендей болды. * Әлгі сөзді естігеннен Ақбілек жасын тыйып, көзі мөлдіреп, қиялға түскендей, алдында тұрған жез шәугімге қарап бедірейе қалды. Қарашаттағы құйын соққандай астан-кестен күндер заматта көз алдынан шапқан аттай бұлдырап өтті. Ж.Айм.