Posted in

ШЫРҒА (ШЫРҒАҒА) ТАРТТЫ

1.Тамырын басып көрді; сыр тартты. ~ Жаздыгүні партия дауының болысы Арап- байдың кара шұнақ қызын үйіне тығып қойып, етке тойып, есі шыққан 5 жігітке шырға тартып, бір ауылнайдың іс- хатын алып кетті деп еді, со ғой. Ж.Айм. ~ Мұқыш та келді. Алғашқы көргендегімдей екпін жоқ бәсең. Әйтсе де, шырға тартып жақындап: ~ Жақсы келдіңіз, сізді ынтығып күтіп отыр едік, — деді. Б.Майл. ~ Сол кеште Ғаббас көп төселген дағды бойынша, ептеп шырға тартқанда, Ғайша қарындас аса көп сыр білдірмесе де, созалаңдап, әнтек иіліп келе жатқан тәрізденіп еді. М.Әу. ~ Төртуыл жуандарына шырға тартып, қолтықтарына су бүркіп жүрген — сол сұмның өзі ме, кім білсін… Қ.Жұм. 2. Аңшылардың аң-құсты алдап, далбаймен шақырып алатын айласы; Біреуді айламен қақпанына түсірді, айтқанына көндірді. ~ Құсты қолда ұстаудың екі түрлі әдісі бар. Бірі –қанат-құйрығын қырқу, екіншісі –шырғаға тартып, жеммен алдау. Олардың тентегінің қанат-құйрығын қырық, ақымақтарын шырғаға тартып, қолыңа ұста. Ж.Шәк.

Posted in

ШЫРҚАУ БИІК

* Осы кісіні үнемі бір шырқау биіктен көріп келген; үнемі ақ дегені алғыс, қара дегені – қарғыс болып, өмірдің бар үзірін жебей сауған атақты байды осыншалық мүсәпір халде кездестірем деп ойлады ма. О.Бөк. * Бүкіл дүние жаратылғаннан бері бір орнынан жылысып көрмеген Темір қазық жұлдызына арқандалған əйгілі жеті қарақшы да шырқау биікке көтеріліп алған. Е.Мұқам.

Posted in

ШЫРҒА ҚЫЛДЫ

Айламен өзіне тартты, айтқанына көндірді. ~ Ол елдің партиясын, сайлауын, кімнің пара алғанын, кімнің бергенін, кім қызын сайлаушыға шырға қылғанын, кімнің үйі, малы таланғанын, кімнің үйінде тінту болғанын, кімнің қатыны, қызы кеткенін, кім мен кімнің керіскенін, төбелескенін, қызыл мен ақтың соғысқанын, кімнің басы сотты болып, кімнің үстінен арыз беріліп, газетке басылғанын, кім абақтыға түскенін, кім шығарып алғанын, кім кепіл іздеп жүргенін, — бәрін саулатты. Ж.Айм.

Posted in

ШЫРҚАУ ШЫҢЫ

* Менің жазушылық еңбегім, жазған том-том кітаптарым өз алдына. Ал, 1962-жылғы көш — менің ұлт алдындағы азаматтық қызметімнің шырқау шыңы. Қ.Жұм.

Posted in

ШЫРҒА СӨЗ

Алдамыш сөз. ~ Сан жерде әр топтың ортасына қойған ақсақал, қара-сақалы, жігіт-желеңі, жас-кәрісіне шейін осыны айтқызады. Қазіргі топтардың әралуан, әр үйде қайталай түсіп, қадағалап айтып жатқан бір шырға сөзі тағы бар. О да Оразбайдан тараған болса да, бір Оразбай емес, Тобықтының бар байының аузынан шығарлық сөз. М.Әу.

Posted in

ШЫРҚЫН БҰЗДЫ

Мазасын алды, сәнін кетірді. * Көп сөйлеме, тыныштық бер мына жұртқа. Елдің шырқын бұзба, – деп Бөлен кесіп айтты. Ә.Шәр. * Ауланың ішіндегі үйлердің бірінен әлдекім есік алдына шыға қалса, бізді көреді де, бөгелмей жалт бұрылып кетеді. Өздерімен өздері рахаттанып отырғанда, шырықтарын бұзбайын дейтін тәрізді. Б.Соқп. * Тыныш кештің шырқын бұзбай, қайта осынау бейуақ сәттің тылсым кейпіне әдемі үйлесіп жарасады… С.Елу. * − Тәйт! – деді. – Сені Мұртаза мойнына алабұршақ салып, қорасанға қой айтып, әулиеге мал айтып, Құдайдан тілеп алса да! Әңгіменің шырқын бұздың ғой! Ш.Мұрт.

Posted in

ШЫРҒА ТАРТТЫ

Қыран құсты үйрету, қанатын бекіту үшін түлкі терісіне қызыл байлап сүйретіп, соны алдыру әдісі. Алдап, қолға түсіру деген мағынада. .~ – Нені білдің, білсең, айтшы! – Жаздыгүні партия дауының болысы Арап- байдың кара шұнақ қызын үйіне тығып қойып, етке тойып, есі шыққан 5 жігітке шырға тартып, бір ауылнайдың іс- хатын алып кетті деп еді, со ғой. – А, солай ма? Білерсің. Ретін тапса, қарғаға қаз ілдіреді деген осы болатын. Ж.Айм. ~ — Мұныңа келісе алмаймыз! — Айласын асырмақ алаяқтардың пасық ойларының түбіріне балта шапты. — Біреуіңнің бет-жүздеріңді көрелік, ақшаны қолымызға әкеп беріңдер. Біз де өз қолымызбен бұйымтайларыңды табыстаймыз. — Мұнысы жай араларына шырға тартқаны. Ә.Ыб. ~ Ұстамақ боп сол құсты салып жүрген аңға əлек, Шырға тартты бір күні құс ұшатын маңға кеп Тегі қыран болған соң қалай ғана бөгелсін, Құс жаңылып жайылған торға түсер деген шын. Д.Әбіл. ~ Алдында алтын жатса, алмайтұғын, Жан-жағын, қу болмасын, жалмайтұғын. Өлген қоян терісін тұлып қылып, Тартқан шырға көрінсе бармайтұғын. М.Ж.Көп.