* Менің айғайым да, ойбайым да қасқырға әсер етпеді, білем, көзі шамшырақтай жанып бірер мезет қарап тұрды. Ә.Асқ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШАЛЫҚ ҰРДЫ
~ Не болды саған? Таң атпай ішіп алғасың ба? Әлде шалық ұрды ма? Ө.Кәр.
ШАЛЫҚ ШАЛДЫ (БАСТЫ, ҰРДЫ, ТИДІ)
* Әлде тіпті екеуміз де бірігіп ұйқыдан шатасып тұрмыз ба? – деп Ербол, өзі де шалық шалған кісідей бола бастады. М.Әу. * Соның аяғы "Біржанды шалық басты, жын иектеді" деген сұмдық кесікке байлап, аяқ- қолға кісен салдырды. С.Смат. * – Осы қызды шалық ұрды білем, құманы ақтарылып қалыпты, төбенің басында сексиіп не қарап тұр, жаным – ау. З.Шүк. * Түпкі аталарың Қазанда мешіт ұстаған деседі ғой. Дұға оқып, шалық тиген науқастарды жазатын аруақты адам болыпты…» Т.Сәу. * Осы маған шалық тиіп жүрмесе жарар еді. Ә.Асқ. ~ Ер қанаты аты өлсе, адамнан кем көрмей, көр қазып жерлейтін; ең асыл тұқымының жалын тірі жанға сипатпай, ерен құпия сақтайтын; қисапсыз қазынаға айырбастамас, антқа берік текежәуміт, ата мал айғырын өлсе сатпайтын; астындағы атын жанынан, қойнындағы қатынынан артық көретін; айтулы батырлары ұрыста өлген атының басын ардақтап биік тауға қоятын, тұлпардан айрылуды өлімнен кем көрмейтін қайсар қазақ, түбі ер түрік оғыз- қыпшақ нәсілі жылқы десе еліріп, шалық шалғаннан бетер есі кетеді. А.Кем.
ШАЛЫҚҚА ҰШЫРАДЫ
Елірмесі ұстады; ауруы ушықты. * "Осы саған не көрінді, аяқ астынан шалыққа ұшырадың ба?!" — десе, одан жаман бажылдап, бет қаратпайды. О.Сәр. * Шабытын шақырып, шалықтай берсе, түбінде шалдығып барып, шалыққа ұшырап тынатыны анық. Т.Жұрт.
ШАЛЫС БАСТЫ
Жүрісінен жаңылды, қателік жіберді. * Іштегі қиялды хатқа қалай түсірерсің. Жас неме шалыс басса неғыласың? Күйік қой бір… Д.Досж. * Шалыс басқан қадамын түзетуге, өмірді қайта бастауға кеш сияқты көріне берді. Қ.Жұм. * Олар титтей шалыс басқаныңды кешірмейді, қайта су түбіне итерер. Ж.Шағ.
ШАМ АЛДЫ
Сезіктенді. ~ Бүгін Шыңғыс хан шатырының қасындағы шаршы топта мәжіліс көбейіп кеткенін байқап, бейшара жүрек әлденеден шам алып, үсті-үстіне сыздай береді. Ә.Кек.
ШАМ АЛМАДЫ
~ Шал кіріп үйді тегіс аралады, Бір Әзімнен басқа жан таба алмады. Біротала бейілді беріп алған, Әзім де бұл қылықты шам алмады. Абай.
ШАМ АЛЫП ІЗДЕСЕҢ ДЕ ТАППАЙСЫҢ
~ Өтінішін қабылдады. Өйткені‚ малдың бабын табар мұндай қойшыны колхоз бастық бұл өңірден шам алып іздесе де таба алмайды. Қ.Түм. ~ Алтын шыққан жерді айтатын ақымақты күндіз қолына шам алып іздесең деп таппассың, — деп мырс етіп күлді Бейқұт. – Кешке телефон соғарсың. АҚ "Карта". ~ Маған, әсіресе, ұнайтыны Сәкеннің ақындық еркіндігі. Кібіртіктеу, тұсаулы аттай шоқақтау Сәкен өлеңдерінен шам алып іздесең де таптырмайды. Т.Молд. ~ Не дейді, онда аса бір таптырмас қазына болдым десеңші. Ондай адамдарды біздің Академия шам алып іздеп таппай жүр. Қиссаларды домбырамен айтатын шығарсың. К.Қаз. ~ Қарабайырлау. Қарабайыр дейсің, кейбіреулер мына жарқылдақ заманда сондайларды күндіз қолына шам алып іздеп таба алмай жүрген жоқ па. М.Қаб.
ШАМ ЖАМЫРАДЫ
~ Өзен жақтан ауық-ауық пароход өкіреді, пароход тоқтайтын пирстен орман саңылауын осқылап шам жамырайды. Қ.Ыс. ~ Кешке, әйдік көшені бойлай тізілген бағаналардың басындағы шам жамырай бере қалтарыс–бұлтарыстан өріп шығатын «көбелектерімізді» түгендеп жүргенімізде, мен оны тағы көрдім. Д.Қуат.
ШАЛҚАСЫНАН ТҮСТІ
Бұрқан-талқан болып, ашу шақырды. * Түнде жүріп кетпек еді, Сиғат алғашында қара торы келіншектің әдемі шайын қимады, кейін шофер жігіттің аузынан сыраның иісін сезіп қап шалқасынан түсті. Қ.Ысқ. * — Жаса, Майра! — деп Жомартбек жалғыз өзі аямай алақан соқты. — Сағынованы шалқасынан түсірдің. Аяғын аспаннан келтірдің. Ә.Нұрш. * — Қашан танысып ең?—деп еді, Абыралы шалқасынан түсті. — Қатқаныңның басы! Мен не дейім, домбырам не дейді. Бүгін бөле қарындастың туған күні деп тұрмын, М.Қабанб. * .Бірде ағайым маған ақыл айтты. «Алтынай, сен бүйтіп жүре берме. Оқы. Өнерің болғанмен оны жетілдіру керек» деп. Күйеуіме айтып көріп едім шалқасынан түсті. Ү.Жәлеке. СИН: ШАЛА БҮЛІНДІ
