Posted in

ШАЛҒЫ ЖҮЗІ ТАСҚА ТИДІ

~ "Орманов кінәлі болса, Күләй да сау емес, тықақтап жұртты тұқыртуға құмар– ақ. Адам намысын салу, ұстаздарға оқушылардың көзінше айқай салып, абыройын айрандай төге салу ол үшін түкке тұрмайды. Шалғы жүзі тасқа тиді деген осы. Мен Ормановты жақтамаймын, кекірейген тәкаппар жан. Ә.Тар.

Posted in

ШАЛҒЫ ТҮСТІ

* Арғы жағалаудағы шабындыққа да шалғы түскен- ау, тегі? Пәледен машайық қашыпты дегендей, соларға жанаспай- ақ аулақ жүргені жөн шығар. Ә.Асқ.

Posted in

ШАЛҒЫРТ ШАЛДЫ

~ Жаңа ғана текенің танауымен Марияны қорқытсам– ау деп, асық жарын тағы бір құшпақ болып отырған талпынған талабы талқан болып, біржола қарамаса да, жаралыстың жазғы шыққан, қызылды– жасылды жарасымды гүлдері әбден жетіліп болған соң, басын сарғыш шалғырт шалғандай, барша әлемге рақымды аспандағы жарық күн әбден жоғарылап болып, июньнің оңынан кейін қайта бастағанындай, Әділдің талпынған жас жүрегіне аз да болса кәдік білінгенін көрдіңіз бе? Міне, дүниенің қызығы осы! Шәк.

Posted in

ШАЛА ШАБЫЛДЫ

Қолынан келгенін аямай шашылып, әбігер болды * Жиып жаназа шығартпақ түгілі соңынан дауыс шығарып жылай да алмаған жалғыз бауырынан енді несін аясын, шала шабылып жатыр. Т.Сәук.

Posted in

ШАЛАБЫН (БОСҚА) ШАЙҚАДЫ

~ Талайдың көкірегіндегі ойын қазып алып, ауызындағы сөзін қағып алып, өзіне айтқызбай, өзің айтсаң, басқаға жараспағанмен, саған жарасады. Оған бола шалабын шайқайтын ешкім табылмайды. Ә.Кек. ~ Жас сұлтан мынандай ызғындай жұрттың алдында сыр алдырып, боламын деп болмай қалса, шалабын босқа шайқап, азын-аулақ абыройына нұқсан келтіріп аларын білді. Ә.Кек.

Posted in

ШАЛАҒАЙ ШАЛЫҚ

~ …əлгідей ғажайып сұлу жазулар мынау қара дүрсін саусақтардан қалай сусып түсіп жүр деп, көңіліме тағы да шалағай шалық ұялай бергенде көзім қайтадан «ортаң қолдың» бүйіріндегі мүйіз– сүйелге түсіп, тағы да дір ете қалдым. З.Қаб.

Posted in

ШАЛА БАУЫЗДАДЫ

Әлдебірдеңені шала-шарпы істеді. ~ — Қоштаспастан кеткені қалай? — деді Шалтай тағы да жайсызданып, — шала бауыздамай жөндеп айтсаңшы, бұл не? — деп Сәуленің көзіне телміре қалып еді ол сұраудың жауабы да жеңіл тиген жоқ. Ә.Әб.

Posted in

ШАЛА БҮЛІНДІ

1.Жоқ жерден ашуланып, бұрқан-талқан болды. ~ Қанды көз, қызыл езу қаншықтар жол шолып, ауыл қорып, күн бұрын қызғыш боп, шəуілдеп, шала бүлініп жүргенде, дүрдей көк қасқа, сары ала төбеттер қотан шетінде жайымен аяңдап келе жатып, анда-санда ауыздарын толтыра, «оһ! оһ!» деп қояды. Ж.Айм. ~ Сол мұң екен, Абыралының шабына от түсіп, шала бүлінді. М.Қаб. ~ Манадан ән шыққанда елеңдеп отырған жандайшаптары азайып қалғанын енді байқады. Сол- ақ екен, кеудесіне қызғаныш еніп, шала бүлінді. С.См. 2. Әбігерге түсіп, мазасы кетті. ~ — Тәуір болғаны құрысын! Тәуір болмады. Арада бір жұма өтті ме, өтпеді ме: бір күні кешке таман қаладан үш кісі сау ете түсті. Жоғарғы үйге кіргізіп, көрпе салып, қой сойып, шала бүлініп жатыр… Мұнысы кім деп отырмын. Ж.Айм. ~ Тойы деп шала бүлінгенімізбен қоймай, үстімізге бір сабақ жіп ілмесек те киімі деп, жасауы деп, әйтеуір, жат жұртқа апарып тыға береміз, тыға береміз!.. Қ.Ысқ.

Posted in

ШАЛА ЖАНЫ ҚАЛДЫ

Өле жаздады. * Әлде тағының жымын, ұрының ізін қуып үйренген егерь жұрты жансебіл ме, әйтеуір, төбесі көрініп тұрған Аюлыға жеткенше Бекеттің шала жаны қалды. Қ.Ысқ.

Posted in

ШАЛА ҚҰРСАҚ

~ Чердояқтағы Үлкен бастық шүлендік танытты. Шала құрсақ үй ішіне Егор шошқаның алақандай-алақандай төстабан “саласын”‚ екі жүз грамм сары май‚ бес бірдей ет бұқтырулы қалбыр алып қайтты. А.Алт.