Posted in

ШАЛА МАС

Не сау емес, не мас емес. * Әйел жиған үйірлеп, «Әйел!» деген күбірлеп Өңінде де түсінде. Шараптан ылғи шала мас, Тажындағы тізген тас Гауһар, күннің көзіндей. М.Жұмаб. * Пай- пай, киікотының иісі — ай! Адамды шала мас қылып, десте үстіне кішкене қисайғанда әсіресе әтірдей аңқиды. Ш.Мұрт.

Posted in

ШАЛА МЕЙІР (МЕЙІРЛІ)

~ Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. …Шала мейір шала байқайды. Абай. ~ Шалдың осы соңғы мысқылынан оның шала мейірлі ниеттері айқын аңғарылып қалған. О.Бальз.

Posted in

ШАЛА НАДАН

Азғана ғана білімі бар адам туралы. * Бір күні Сәрсенбайдын үйіне ескі жолмен оқыған, дүниеде білмеген нәрселерім жоқ деп дұға қылушы бір шала надан молда келіп қонды. М.Дул.

Posted in

ШАЛА САУАТ (САУАТТЫ) АДАМ

~ Ферма бастығы шала сауат адам екен. Көзі бақшиып, аузыңа қарай береді… Б.Тоғ. ~ Мұғалімдері шала сауат болғанмен, көрдей қараңғы тіршіліктен келген жас жеткіншектерге үңгір аузынан жалт еткен жарық сәуледей көрініп еді… Б.Тоғ. ~ …әдетте мектепті әзер–мәзер бітірген, одан асып екі жылдық театр студиясын үшке зорға тамамдаған шала сауатты ұрғашы тап бұлай төгілдірмейді, шағым жазу ойына келмейді, бұл хатты ізіме баяғыдан түсіп жүрген жауыз жазушы жазып берген… көзім жетті… Д.Дос.

Posted in

ШАЛА ТУДЫ

~ Қарақатын күйеуімен тақымдасып отырып алды. – Бала жүдеу, – деді Еламан. – Шала туды ғой. Сонан болар,– деді Дос. Ә.Нұрп. ~ Одан Қайратын көрді. Келіні аяқ–қолы шидей неме екен тұмсасын шала туды. Адам болмай ма деп қорқып жүріп тымаққа салып бағып алды. С.Досж.

Posted in

ШАҚ ҚАЛДЫ

Азғана қалды. ~ Іргесінде сыңсыған қалың қол жиналып, тарпа бассалар апатты шабуыл әзірленіп жатқандығынан иіс-сыбыс алмаған аңғырттық пен бейқамдық бұл елдің түбіне жетіп, тұқымын тұздай құртып жіберуге шақ қалған. Ғ.Біл. ~ Береді санап-санап Базарқанға: – Сырыңды білгізбе, – деп, – ешбір жанға! Жалғыз ат сатылуға шақ қалды ғой, Жоқшылық қарар емес ұят-арға. БС "Ғаяр қатын".

Posted in

ШАҚ ОТЫР

Әрең шыдап отыр, дайын отыр. ~ Әкесінің соншалық әлжуаздығына зығырданы қайнайды. Жарылып кетердей боп, терісіне сыймай шақ отыр. С.Мұр. ~ Басы қазандай қара ұл үлкен көздері шатынай түсіп, тиіп кетсе жарылып кетуге, жер тепкілеп бақырып әлек салуға шақ отыр, тек, әке қаһары мен шешенің ащы шапалағын еске алып тыныш отыруға, шыдауға мәжбүр. Ә.Тар.

Posted in

ШАҚАР АЙҒЫРДАЙ

~ Құнанбай Майбасар мінезін білсе де түсірмеді. Ол өзінің қара күші, зілі сияқты болатын осындай бір Майбасардың жүруін мақұл көрді. Үлкен бір есебі, «Анау жұртты шақар айғырдай мойын салып қуып ықтырған уақытта, ел арыз айта өзіме келеді, өз бауырыма қайырып беріп отырады» деп топшылаған. М.Әу.~ Етекбасты Еженханға қарағанда, Ақ патша адуын, ширақтығын танытып, өзіне қараған жұртты бері қарай көп жақындатпай, өз үйірін шақар айғырдай қайырып әкеткен секілді. Қ.Жұм.

Posted in

ШАҚПАҚ ТАСТАЙ (ШЫМЫР)

* Көп жыл ел басқарып тізгін ұстап қалған машығы ма, әлде өзгеден қашан да бір демі артық, пысы басым жаратылған өктем жан ба, түр — түсін көрмесем де, маған ол шақпақ тастай шымыр, шақар адам боп елестейді. Т.Ахт.