* Айтылған күні жігіт шырттай киініп, бұрылыстан шығып келе жатқан қыздың машинасына қарсы жүгіреді. Т.Әсем.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШЫРАЙЫ ТАЙМАҒАН
~ Отыз бестерге келіп қалса да, шырайы таймаған. Т.Дәу.
ШЫРҚ АЙНАЛДЫ
* Әр жер-әр жерде жыбыр-жыбыр қыбырлап, кішкене-кішкене қарайғандар жүр. Көктем шаһарды шырқ айнала қоршап жатқан кең ойпаттың астын үстіне шығарыпты. Ә.Кек.
ШЫРТТАЙ ҰЙҚЫДА
* Шағын ауылдың жұрты шырттай ұйқыда. Иттердің әупілдегені ғана қар басқан меңіреу аймақтың бірер сәт тыныштығын бұзғандай. Ш.Құм.
ШЫРАЙЫН АШТЫ (КІРГІЗДІ, ШЫҒАРДЫ)
~ Бұл Шыңғысхан дәуірінде болса шындыққа жақындар еді. Ал Абылай заманында Буддизм мен Исламның ұқсастығы шығарма шырайын ашып тұрған жоқ. Ж.Шәк. ~ Босаға жақтағы кебеже үстінде түтіндеп, бұлындап жанған сықсима шам жарығы олардың ашық шырайын аша түскендей. Н.Сер.~ Ал роман-эссенің 1936 жылы түзетіліп толықтырылған басылымының көркемдік жағынан шырайын кіргізіп тұрған «Шоқай болыс», «Ашай», «Ықылас күйі», «Түркістанға асарда» деген тараулар 1927 жылғы бірінші басылымында жоқ. К.Ахм. ~ Сыр топырағының дәмі тіл үйірген жас өскіні — баланың басындай әңгелек, күләбі мен торлама, қызыл қауын мен баспалды, ғалымдар ойлап тапқан жаңа тұқым — мұзжарғыш кемедей үп-үшкір «торпедо» тізіліп, қауын базардың шырайын шығарып-ақ тұр. Қ.Жиен.
ШЫРҚ БҰЗЫЛҒАН ЖОҚ
* Құдайға шүкір, әзірге шырқ бұзылған жоқ, бірлік берік, береке мол, бұл да болса атаның аманатын ақтағанымыз. Д.Досж.
ШЫРШУ ҚЫЛДЫ
~ Əзір арсыз болса да, Қасымның бетінен оты шықты. Қайтсін: бəрі де сақалды басымен мойын салып отырғансын… – Енді сүйт, шырағым! Келін, бала– шағаларды шыршу қыла бермей… – деген сияқты сөздер іліп ала жөнелді. Қасым жер шұқып отырып қалды. Ж.Айм. * – Енді сүйт, шырағым! Келін, бала-шағаларды шыршу қыла бермей… – деген сияқты сөздер іліп ала жөнелді. Қасым жер шұқып отырып қалды. Ж.Айм.
ШЫР КӨБЕЛЕК ОЙНАТТЫ
~ Байшуақ та тоқпақ жалды торысын шыр көбелек ойнатып, соларға қарай бұрылған. К.Сегізб.
ШЫР ҚАҚТЫ
Безектеді; жан даусы шықты. * – Ойпырмай қойсаңдаршы енді?! Қойсаңдаршы!.. – деп апам екі ортада шыр қақты. Қ.Ысқ.
ШЫРАҒЫ ӨШТІ
~ Ақыны мен Ақсақалы қағажу қалған халықтың басынан шырағы өшеді, астынан пырағы қашады. И.Сап. ~ Тозақтың демін бүріккен мың-сан аруақ кебіндері сүйретіліп ажал биін биледі. Түтеген бораннан тіршілік шырағы өшіп, жер-дүниені түнек басты. Т.Сәу.
