Posted in

ТҰСАУЫ КЕҢІДІ

Мойны босады, өз еркі өзіне тиді, мүмкіндігі молайды. ~ Рахым биылғы қыстың көбін Дәрменнің үйінде Ақшоқыда, Абай аулында өткізсін. Сонда мұсылманша да, орысша да азырақ түртініп оқи берсін. Ал келесі жылы, Жаңыл Дәрменнің қолына көшкенде Рахымның қалаға барып, қалауынша мұсылманша, не орысша оқуына тұсауы кеңиді, алды ашылатын болады деген. М.Әу.

Posted in

ТҰРА ҚАШТЫ

Қорыққаннан безе жөнелді. ~ Орыс көре сала ұмтылды. Исахан тұра қашты. Қоймады. Мылтықтың дүмімен желкеден түйіп-түйіп жіберіп еді, Исахан сілейді де қалды. Ж.Айм. ~ Анау қоңыр қойды алып ұрып, жұлмалай бастаған кезде барып, бір сұмдықты іші сезген. Зәресі ұшып тұра қашты. Тіл байланған, дыбыс шықпайды. З.Шүк. ~ Ал ар-ұяттан, абыройдан ада-күде айрылған мына қоғамды жалаңаш демей не дейік? Қысылмаған қыз, қымсынбаған ұрғашы, тәйірі-ай, кімге дәрі? Мұндайда Абайшалап еріксіз: “Бетті бастым, Қатты састым, Тұра қаштым жалма-жан” дейміз бе, қайтеміз? Қашқанда қайда бармақпыз? Қоғамнан тыс өмір бар ма, заманнан тыс қоғам бар ма?.. И.Сап.

Posted in

ТҰСАУЫН КЕСТІ

Тәй-тәй жүре бастаған сәбидің аяғына байланған ала жіпті кесіп, тезірек жүріп кетсін деген тілекпен жасалтын ырым. ~ Ұмытып кетпей мені де тойына шақыр. Сәлиманың тұсауын өзім кескенмін», — деп кетті. ~ Бұл ауылдың балалары кеше аяғы бірге шығып, тұсауын бір күнде кескен құрбыларын іздесе кейін іздейді. Ә.Нұрп. Әлдебір істің бастамасын жасады. ~ Нұрәлидің суқаны сүймейтін жергілікті автордың жергілікті пьесасының "тұсауын" күтпеген жерде, күтпеген адамдар, күтпеген жағдайда "кесті". Ә.Тар.

Posted in

ТҰРА ҚУДЫ

Апыл-ғұпыл артынан жүгірді. ~ — Мен оның қылышын боқтадым, ол менің басымды шабамын деп тұра қуды, сонсоң мен қашып кеттім. Ә.Әб. ~ Қалмақтың қара домалақ баласы да қайсар екен. Ботаның соңынан тұра қуды. Ол енесінің бауырына тығылды. С.Дос.

Posted in

ТҰСАУЫН ШЕШТІ (АЛДЫ)

Еркіндік алды (берді), әлдебір тәуелділіктен азат болды (қылды). ~ – Мылқау дедің жаңа, Иса! Үш жыл мылқау болдым! Бүгін байланған тілім тұсауын шешті. Сен шештің. Естіп тұрсың ба, сен, сен! М.Қаб.~ Бала қашан да ана алдына ақ жүрек, турашыл, Елтай да тілінің тұсауын шешіп, бір сеністік жайма-шуақ райдағы әңгіме бастады. М.Қаб. Еркіне жіберді. * Заңы жоқ, қорғаны жоқ елге келгесін, барлық айуаншылық мінездердің тұсауын алып жібергілері келді. Ғ.Мүс.

Posted in

ТҰРА ҰМТЫЛДЫ

Қарсы жүгірді; тап берді. * Түтін бұрқ етті. Орыстар тұра ұмтылды. Ақбілек енді не болар екен деп, арт жағында тұрғанда, мына жағынан қара мұрт орыс жүгіріп келіп құшақтай алды. Ж.Айм. ~ Арбиған, жуан, үшкір қос мүйізі бар. Әнеугүні өзі бұзау маңынан шықпай қойғанда өкіріп тұра ұмтылды. М.Мағ.~ Жүні сабалақтанып, қарны жабысқан Сары да соқтығарға қара таба алмай тұрса керек, жекпе-жеккке шақрудың рәсімін де жасамастан, бұған қарсы тұра ұмтылған. К.Сег. ~ Балмұхаммедтің жүрегі жарылып кетердей, Айдосқа тұра ұмтылған. Күзетшінің найзасы жарқ етті. З.Шүк.

Posted in

ТҰСПАЛ СӨЗ

Жанамалап, жұмбақтап жеткізілген ой. * Ғайша үндемей ырзалық білдіргендей болды. Әзірге тұспал сөзбен, емеурінмен ұғысқан жастар осы сөзбен бірін-бірі ертеңгі бақшада көретіндеріне нық сеніп айрылысқан болатын. М.Әуез.

Posted in

ТҰРАҚТЫ ПІКІР

Әлдебір мәселе жайында қалыптасқан, өзгермейтін ой, пікір, ұстаным. ~ Болыс болып сайланған Баймолданың өзінде тұрақты пікір шамалы еді. Б.Майл. ~ Қай тілде болсын фразеологизм, фразеологиялық единица дегеніміз не және тілдегі мұндай тіркестердің көлемі қай шамада дегенге келгенде тұрақты пікір жоқ. Ө.Айт. ~ Өзінің тұрақты пікірі, ойлы көзқарасы жоқ, біреу бірдеңе айтса, соған ере кететін, талғамсыз, ойсыз, ұшқалақ адам жайлы: "Анау айтса — анаған, мынау айтса — мынаған еріп кететін пәтуасыз", — деп, халық оған сенім артпайды. Ф.Оңғ.

Posted in

ТҰТҚА БОЛДЫ

Жол көрсетіп, көш бастады. * Қайта даму тарихымыздың тұрлаулы-тұрлаусыз, тағдырлытағдырсыз, дәуренді-тоқырау тұстарында тағы да сараланып, елдіміздің рухани нысанасын анықтауға тұтқа болып табылатыны анық. Т.Жұрт. * Хансұлудың есіне Шеге айтқан әңгіме оралды. Жаңа ауылға Қозбағар басқарма болыпты. Баяғы жаман Қозбағар, сөйтіп, елге тұтқа болған. С.Елу. ~ — Пах — пах! Қара басынды құрбандыққа шалмасаң сенде шығынға шашатын не дәулет бар еді?! Елге сен тұтқа болмайсың, Алтайды сен байытпайсың! Бүгінгі заман әпендіге зар емес, жұртқа жыр, қотиынға қор болғанды қойсайшы!.. Қ.Ысқ.

Posted in

ТҰМСЫҚҚА ЖЕДІ

Бөсті, алдап кетті. * Маңдайы жіпсіп үкіметке де, пақыр бұқараға да тер төкпесе несіне бұлданады, ей?! – Тұмсыққа жейтіндігін бұрын да сезуші едім. – Ондай әулиелігің болса бетінен ала түспей айға бата қып жүрдің бе? – Бетінен алған емес, тура ғана төбе құйқасын шайнап, төбесіне шай қайнатқан рәуә болар еді. Ғ.Біл.