Шарасы қалмады; не істерін білмей, дал болды. * Соныңмен Құдай жолын емес, ләззат қуған кәзіргі Адам түптің-түбінде тұйыққа тірелері хақ. Өйткені нәпсі – тұзды су. Ішкен сайын шөлдетер. С.Елуб. * Екеуі де тұйыққа тірелгендей бір ауық үнсіз қалды. Т.Әбдік. * … ал халық сорлы, бұрын-соң адам баласы есітпеген ем қонбайтын бейдауа індетке ұшырап, келешек ұрпақтың тағдырын тұйыққа тіреп қойғаны анау деді. Ә.Нұрп. ~ Күшің қораш болса, құлқыңмен жағып, еңбегіңді өткізіп сыйласып қинайсың. Не оның да тұйыққа тірелер осал жерін біліп ап, амалсыз көнуге мәжбүр етесің. Біреуіне қайрат, екіншісіне мінез, үшіншісіне айла керек. Ә.КЕк.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ТҰЗ-ДӘМІН ТАТТЫ
Біреудің қолынан дәм татты. ~ Едәуір жыл болды-ау. Өгіз өлгеннің басында «айт» болып ат шаптырғанымызда, жиылған адам қанша болса да, бөгелмей-ақ қымызға қандырып шығарып еді. Ақырында бүгін сол Бәкең қатынымен аштан өліп отыр… тұз-дәмін татқан жігіттер, ескеріңдер, еттеріңді жеген соң, жаназасын жерге тигізіңдер, сауап қой… Б.Май.
ТҰҚЫМ-ТҰЯҒЫНАН ТҮК ҚАЛДЫРМАЙ БОҚТАДЫ
ТЫм дөрекі түрде сыбады, балағаттады. * Майбасар балаға ақырып, ұрысып, тұқымтұяғынан түк қалдырмай боқтап, аттың бауырынан алып сабап жүр. М.Әу.
ТҰЗ-ЕҢБЕГІ ЖАРАСТЫ
Тұрмыс-тірлігі оңалып, жұрт қатарлы отбасы болды. ~ Еркектің түрі не керек? Ақылды, өнерлі болса, асырап сақтауға жараса, тұз-еңбегі жарасса, со дағы… – деді. Ж.Айм.
ТҰҚЫМ ҚУАЛАУ
Белгілі бір қасиеттер мен ерекшеліктерді атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа берілуі. * Адамда осы ес түрлерінің біреуінің күшті болуы болуы көбінесе тұқым қуалайды. М.Жұм. ~ Таң саз бергенше әңгіме-дүкеннің қақпасы жабылмады. Молларахым осы өңірдегі ең жас басқармалардың бірі. Біз «тұқым қуалаған шахтер, тұқым қуалаған металлург» дегенді жиі естиміз, жиі айтамыз. Ал Молларахым болса, тұқым қуалаған колхоз председателі. С.Шайм. ~ Ескерткіштің қаптал гранит тастары ала-құла болып қалыпты. Кенесарының жаулары әлі таусыла қоймаған, тұқым қуалап келе жатқан жауыздар екен — ескерткішті жаралап, бүлдіріп тастапты. Ш.Мұрт.
ТҰЗ КӨТЕРГЕНДЕЙ (БОЛДЫ)
Ауыр көтергендей қиналды. ~ Есіктің алдына шықса, секретариаттың жігіті борша- борша боп терлеген. — Ей, немене сонша, тұз көтергендей. — Тұз көтерген емес, бұдан бір қап тұз жеген жеңіл. Екі оттың арасында күйіп-пісіп тұрдым да қойдым. К.Қаз.
ТҰҚЫМЫН ҚҰРТТЫ
Біржола жоқ қылды; түп-тамырымен жұлды. * Семейден, Барнауылдан қашқан большевиктер Рубцовка деген қала маңында жиылып жатыр дегенді естіп, большевиктің тұқымын құртуға офицер, казак-орыс, қазақ отрядтері жіберілді. Ж.Айм.
ТҰЗАҚ САЛДЫ
Қолға түсірудің амалын жасады, тор құрды.~ Адамды, адам ағзасын ширату үшін тұзын басым салған қара көже-ақ құлқынның ашқарақтығына тұзақ салды. Б.Қыд. ~ Жұрт кетіп, Байтабын екеуі оңаша қалғанда: — Қарашығым, бақыт деген бір қоңыр қаз, ер жігіт оған тұзақ сала ма, тор құра ма, ұстай білуі керек,— деп күрсінген. І.Ес.
ТҰҚЫМЫН ТҰЗДАЙ ҚҰРТТЫ
Тып-типыл қылып құртты, көзін жойды; түбіне жетті. ~ Жеңіп тасып көрді, жеңіліп жасып та көрді. «Сары ізіне шөп салып» аламыз деген ірге жауы, қазақтар, ақыры өздерінің тұқымдарын тұздай құртып, «Көзден ұйқы, қабақтан күлкі кетірді». К.Сег. ~ Әлден ақшаға құныққан күзетші шалың анау, оған тағы бірлер қосылса… тұқымын тұздай құртар. Қ.Жиен.~ Адамдардың тұқымын тұздай құртатын ең қатерлі кесел Құдайдың жіберген ауруы емес, осы — ар-ұяттың жаназасыз жерленуі. Е.Әл. * Іргесінде сыңсыған қалың қол жиналып, тарпа бассалар апатты шабуыл әзірленіп жатқандығынан иіс-сыбыс алмаған аңғырттық пен бейқамдық бұл елдің түбіне жетіп, тұқымын тұздай құртып жіберуге шақ қалған. Ғ.Біл. * – Менің ақ дегенім –алғыс, қара дегенім –қарғыс. Кім маған немесе мен жұмыс істеп отырған үкіметке қарсы шығатын болса, көзіне көк шыбын үймелетіп, тұқымын тұздай құртамын! –деген дөң айбат көрсететін болды. Ж.Шәк. ~ Әлден ақшаға құныққан күзетші шалың анау, оған тағы бірлер қосылса… тұқымын тұздай құртар. * Аңғалдық, долаңдық істесе азулы жаудың тұқымымызды тұздай құртуына мұрындық болады. Ғ.Біл. * Қаңғыбас сәурікке қысырақтың үйірін бөлмей тынбайсың. Ұлды ұяға қондырмасақ болмады. Бірдеңеге ұшырап жүрмесін. Қара бүркіттің шеңгеліне түспесін де! Түсе қалса тұқымын тұздай құртады, — деп қарқ-қарқ күліп алған. Т.Рыск.
ТҰЗДАЙ КӨЗ
Көк көз.~ — Әй, бала, сен кімсің, әрмен тұр! — деп жекірген дауысқа бұрылса, Көпжасар бұған тұздай көзін қадап, уысындағы екі бүктеулі қамшысын шолтандатып сыртты нұсқап тұр. С.Ел. ~ Есікке жан бітіп, сықыр етіп ашыла берді. Арғы жағындағы сақшының тұздай көзі атыздай болып, саған не керек деп, кесе көлденең тұра қалды. Ш.Бейс.
