Төгіп берді; бірінен-соң бірін лекітті; бастырмалатты. * Қала әкімі Киікбай Биікбайұлының атынан сөйледі, ол кісі айтпаған түйеден түскендей ірі, суық сөздерді таудан тас домалатқандай үйіп-төкті. Қалыңдатып нар көтере алмастай зілдендіріп жеткізді, жер түбіндегі іскер жігіттің үрейін алып үрпите сөйледі. Д.Досж. * Байқа, қонақ боламын, бас жеймін деп жүріп, үй арасында қиыңмен қатып қалып жүрме. «Қарасуда» ондай да болған. Арқаның қысы келген қонақты сөйтіп қытықтап ойнайтыны бар.— Үй арасында қиымен қатып жатқан Елтайды елестетті ме, таудан тас домалағандай тағы кеңкілдеп күлді. М.Қаб. * Сирек те болса, бейне, таудан тас домалатқандай биіктен етекке ұшқан жай ғана тас — жолындағы үлкендеу қойтасқа соғылып, қойтас ботатасты, ботатас пілтасты ысырып ылдитөмен құлаған кезде — екпіні күшейіп, жойқын пәрмені үдеп, көз ұшындағы етекке жеткенше сел құлағандай жолындағыны түгел жайпап, жер дүниені қарап қып кетер. Ел-сел етер. Д.Досж. * Саптама етігін босаға жаққа таудан тас домалағандай дүрс-дүрс тастаған шаруа шал төрге байпақшаң озды. Портфель сүйреткен Елтай есік көзінде дағдарып тұр. М.Қаб.
ТАУДАЙ ТАЛАП
Алға қойған зор мақсат; биікке талпыныс. * Бұлардың сапарларының мақсатын білген соң: «Апыр-ай, мыналарың біз естімеген кеп екен. Іздегендерің жақын маңнан табыла қалса, жарар да» деп таңырқаса, енді біреулері аягөздік жігіттердің таудай талаптарын қуана құптасып, сәт сапар тілеп қала-ды. К.Сегізб. * — Талап пен талант — егіз нәрсе,- деді Агафонцев сөзді әріден қозғап.- Таудай талап болмаса, теңіздей таланттан не пайда. Балаңыздың талантына сіздің талабыңыз қосылған соң, орындалмайтын несі бар. С.Омар.
ТАУАП ҚЫЛДЫ
Құдыретке балап, бас иді, тағзым етті. * Кеудеме күннің нұры толғандай боп, Жырлаймын алты Алаштың Абылайын. Арсыға асқандаймын, тауап қылсам, Кебедей Абылайдың Бурабайын. М.Жұм.
ТАУАНЫН ҚАЙТАРДЫ
Жасытты, көңілін қалдырды, меселін қайтарды. ~ Бүйтуге болмайды деп оған ықпал жасамақ боп көрген еді, бірақ Валя бет қаратқысыз етіп тауанын қайтарып тастады. — Ақыр-аяғы біздің деревняның әйелдері де тап мұндай ақшақұмар емес… В.Шук.
ТАУАНЫ ШАҒЫЛДЫ
Жігері қайтты, көңілі қалды, қайраты қайтып, екпіні басылды. ~ Амал не, бұл әрекеті де саяси соқырлық, идеялық қателік деп табылып, тауаны шағылды… О.Бөк. ~ Ал бұрқақтың маңайына жиналған жас балалар қарақұрым. Көбі әлгінде концертке кіре алмай, тауаны шағылған өңшең қарадомалақтар. Ж.Шағ. ~ Қу бала не істетпейді. Былтыр оныншыны бітіріп түсе алмай келіп еді. Бір жыл жұмыс істеді. Биыл тағы қулап қалса, тауы шағыладыау деп қорқам. К.Қаз.
ТАУАНЫ ҚАЙТТЫ
Қапа болды; түңілді; үмітінен айрылды. * Әншейінде «мен атайын, сен тұр» деп, жұмыс десе ішкен асын жерге қояр құлшынысы да сап басылған, тауаны қайтып, тосырқап қалғандай. О.Бөк. ~ Шарасыздықтан тауы шағылып тауаны қайтты. Аяқ, қолын тұсаған шындық көзге көрініп, мен мұндалап, жағаға қолды салған көрінеу ақиқат боп қамап келеді. С.Елу. ~ Ал, жаны жараланып тауаны қайтқан жастардың әлемтапырық халінде ешкімнің де шаруасы болмады. БАҚ.
ТАУАЛЫ ШАҒЫЛДЫ
Көңілі қалды, меселі қайтты. ~ Арызшылар бұл қылықтарын қоймаса, Балуанға қоса сотталады…» Ояздан, басқа ұлықтардан тауалы шағылған Балуан Шолақтың достары Омбыға, губернаторлық мекемелерге ізденуге кетті. С.Мұқ. ~ Бәрі де жыландай ысқырынып: «Енді ол саған жоқ» деп дүрсе қоя береді. Ұлықтардан тауалы шағылған Ғалияның дұшпандары да табалады. Амал қанша! С.Мұқ.
ТАУ СУЫНДАЙ САРҚЫРАП
Қарқынды, қуатты сарынды д.м. ~ Тау суындай сарқырап Ақ сауыты жарқырап Көбікті өтіп барады. "Қобл.б." ~ Әкең сенің қуансын, Өзіңе арнап бөпешім, Тау суындай сарқырап, Толқып аққан жыр алсын. ҚАӘ. ~ Алатаудың етегінде бір қала бар ғажайып, Ұлы ақындар сол шаһарда бара жатыр азайып. Жыр оқитын ортамызда тау суындай сарқырап, Көрінбейді сол бір ақын ақ дидары жарқырап. Қ.Бегм.
ТАУ САҒАЛАП, ӨЗЕН ЖАҒАЛАП
Жанын сауғалаап, малға ыңғайлы жер іздеп азып-тозып ұзақ жүрді д.м. * Тау сағалап, өзен жағалап, судың тұнығын, шөптің шүйгінін қуып, мал қамымен бытыранды жүрген халықты уайымдасуға үлгертпей, дулығалы сауыт құрсанып, тұлпарлар мінген айдарлы доспан қапыда қу шөпке тиген өрттей жалмаған. Ғ.Біл.
ТАУ ҚҰЛАТТЫ
Керемет зор іс тындырды. * – Дәмімнің садағасы кетсін! Шық үйімнен, оңбаған мұндар!.. Тапқан екесін үзеңгі теңестіретін адамыңды! – Көрерміз, тау құлатқаныңды! – Күліңді көкке ұшырармын! С.Мұқ. * Қыз қарсылық жасамады, бірақ өзі ыңғай білдірген жоқ. Көңілімен тау құлатардай болған Бәйтен тап осы арада не айтарын білмеді. Т.Әбд. * Патша айтты: – Айталық құсыңызды, Жылы қыл, суық қылмай түсіңізді. Сізден біз жаман қатты қорқып тұрмыз, Шығардың тау құлатып есімізді. "Нұрғаз." * Алғашқыда көкпаршыларды әудемнен орай құйғытып өтті. Бәйгеторының екпіні тау құлатардай. Тұяқ дүбірінен құлақ тұнады. Шал мұның бәрін місе тұтатын емес. Қ.Найм.
