Posted in

ТАСТАЙ БАТТЫ

Ауыр тиді, қинады. ~ Қоңсы қонған екі ел тату болмаса, олардың бұл қылығы әлемнің әр қиырында жатқан өзге мемлекеттердің де бүйіріне шаншудай қадалып, жамбасына тастай батқан мәселеге айналып шыға келмек екен. Н.Сам. ~ Ал қара басының қайғысы жанына қара тастай батқан Бірләнға, көңілі ренжуде, қасіретте жүргенінде, ерлік, не қуаныш арияларын орындау тіпті қиынға түскен. Қ.Түм. ~ Шаңқ еткен дауыс Кенжеғұлды да селк еткізді. Құлағына шыңнан үзіле атылған тастай батты. Ол көзін ашты. Басын көтеріп қарады. Сұп-сұр боп тұрған Анарды көрді. Р.Рай.

Posted in

ТАСПИХ АУДАРҒАНДАЙ

Әлде бірдеңені құлшынбай, құлықсыз істеу туралы. – Торқалы тойын ыдыратып, Сарысудың көкпарын алып қашып келген шал манаурамайды, таспих аударғандай неге мүлгисіңдер?! – деп шымшытып өтті. Т.Әлім.

Posted in

ТАСПАДАЙ ТҮЙІНДІ

Белін буып, берік шешім қабылдады. * Ана жолы да ақ ниетімен Айша қызға таспадайын түйініп- ақ барып еді, көрдің бе, Көбей сұмырай тағы да жолын кесіп өтті. Ә.Асқ.

Posted in

ТАСПАДАЙ ТІЛДІ

Екіге бөлді, арасын жіктеді. * Сарғайған жол сілемі қарағайлы белесті таспадай тіліп түсіп қайтадан қияға тырмысып жатыр. С.Ел. * Атқа жеккен, өгізге жеккен, жаяу сүйреткен көп соқа енді-енді бозқылшықтана бастаған тақтай тегістіктің сауырын таспадай тіліп, жеңіспен оралған сапардың салтанатты шеруіне тұрды.Ә.Кек.

Posted in

ТАСПА ҚАРА, ТАҢҚЫ МҰРТ

Өңі шойындай қара, ұсқынсыз. * Ал, егерде ісіміз сәтті болып, егініміз мол шықса — ол тарыдан таспа қара, таңқы мұрттарға ғұшыр тағы тимейді. Х.Ес. * Қаншырдай қатып қалған «таспа қара, таңқы мұрт» Сұршин шүңірейген ін түбінен әрең жылтырап көрінгендей шегір көзін төралқа жаққа қадап алып, залды жаңғырықтыра таңқылдай жөнелді … З.Қаб.

Posted in

ТАСПА БЕЛ (БЕЛДІ)

Мүсіні жан сүйсінерлік, жіңішке бел. ~ Сөйтіп жүрген Қылыш бір күні кешке дембелшелеу келген таспа белді бір қара торы әйелді үйіне ертіп ала келді. Д.Аман. ~ Жердің түбі екен ғой! – деді өкшесіне қаранған таспа бел қара торы әйел автобустан түсіп жатып. Ә.Асқ. ~ Сөйтіп жүрген Қылыш бір күні кешке дембелшелеу келген таспа белді бір қара торы әйелді үйіне ертіп ала келді. М.Дәул.

Posted in

ТАСҚЫН СУДАЙ

Кемерінен асып төгілген сезім туралы. ~ Бастабында бас қаңғып, Рыздык түзу термедім. Батырмын деп пәле іздеп, Тасқын судай селдедім. Батыр болсам қаһарман, Сендерге кәне селбегім? БС "Алтынасық…" ~ Ал айналаң тасқын судай арнасына салып алып ағызып бара жатады, құлқың соқпаса да киноға барасың, атыс-шабыс, у-шу басыңды қатырады. Дж. Сэл. ~ Иә, иә! — деп іліп әкетті қыз; ол сөйлеп тұрған жоқ, шыңғырып тұр — сөздер деген тасқын судай ақтарылып жатыр. — Солай өмір сүрем… Суық, сызды, лас көшелер — менің үйім! Ал сіз — көп жыл бұрын мені сол көшеге қуып шыққан, енді өле-өлгенше, күні-түні солай ұстайтын сұмырайсыз… Ч.Дик.

Posted in

ТАСҚАЯҚТАЙ ҚАҒЫСТЫРДЫ

Жанын көзіне көрсетті, жерден алып, жерге салды, тас-талқанын шығарды, бидайдай қуырды. ~ ~ Мынау көзі үңі-рейіп, аузы опырайып,жаралы қасқырдай жамбастап жатқан баяғы Есім болыс. О заманда Өтеген әкесі осының төлеңгүті бол-ған. Бұл болыс бұрын төңректегі елін тасқаяқтай қағыстырып билеп-төстеген адам. І.Жанс. * Денесі түйенің жарты етіндей, беті сиырдың қарнындай күж- күж Анар бәйбіше «шұнақ тоқал» мен «көйлекшең қызға» аюдай ақырып, тасқаяқтай қағыстырады. С.Ом. * Егер шынжырдан босанса, мына тұрған қалың жұртты тасқаяқтай қағыстырып, қырып кетердей. К.Сег. * Жас тоқалдың тұсында үйдін іші астан-кестен болыпты: бәрін де өз қолына алып, тасқаяқтай қағыстырып бұл әйел ешкімге күн керсетпепті. С.Талж. ~ Бұ не асығыстық айнала? Жаңа…сіздердің алдарыңда Сәрсен малғұн тасқаяқтай қағыстырып жынданып жүр еді. М.Сүн. Тақ-тақ етті, бірді-бірге ұрып, үйіріп әкетті. * Кәрі кемпір – Бөтікейдің дұрыстап ұстауға әлі келмегендіктен кірлеген, тозған, көбі іске алғысыз болған үй ішінің бұйымдарын Күнтай тасқаяқтай қағыстырып тазалап, бүтіндеп… дегендей жұрт жиіркенбестік түрге келтірді. С.Мұқ. * Қасқақ та ойын жұптап отырса керек, Қалатайды аударып үлгіруге қиналдырып, қара сөзді тасқаяқтай қағыстырған. К.Сег. * Қаладағы мал иелерімен есеп айырысып, тиісті ақыларын бір тиынын қалдырмай тасқаяқтай қағыстырып, жинап алатын да сол. С.Ом. ~ Дуалап тартар болды бильярд жақ. Тастарды тасқаяқтай қағыстырып, Талаймен таланымды жарыстырып, Жеңгенде Көкірегім көкке шықты… Ұ.Ес. Бірін-біріне шағыстырды. ~ Дәукен қатын-қалаштың арасына кіргенде күндесті күндеске шағыстырып тасқаяқтай қағыстыратын қу ауыз. І.Жанс.

Posted in

ТАСҚАЯҚТАЙ ҚАҒЫСТЫ

У-шу болды, дүрлікті. ~ Болыстар дуанға барған соң ояз ақ патшаның «жұмысшы жігіт алынады» деген жарлығын жариялапты. Оны ел өзінше алып қашып, «солдат сұрапты» деген суық хабар ел ішіне дүңк ете түсті. Ел тасқаяқтай қағысты, Халықтың төбесінен суық су сорғалатқандай ел құлағы елең ете түсті. І.Жанс.

Posted in

ТАСҚАЯҚҚА СИГІЗДІ

Қырына алып, қорлық көрсетті, айтқанын істетті, зорлық жасады. * Кенет, сырттан бәйбішесінің шаңқылы естілді. Зәнталақтың өстіп айдың-күннің аманында қарадай шыжбалақтайтыны бар. Сондағысы осы үйдің отын жағып, суын тасып, малын қайырып жүргендерді тасқаяққа сигізу. Н.Дәут.