Posted in

ТАСУЫ ҚАЙТҚАН СУДАЙ

Күш-қуаты қайтты д.м. * Адам үнемі бір нәрсені ойлап, алда тұрған қыруар ісін тәмамдағанша асығады, мұрны қанағанша алға ұмтылады, ал сол көксеген биігіне шығып, ойлаған мақсаты орындалған соң көңіл шіркін ортайып, тасуы қайтқан судай таязып қалары несі… О.Бөк.

Posted in

ТАСТАЯҚТАЙ ҚАҒЫСТЫРДЫ

Тақ-тақ етті, бірді-бірге ұрып, үйіріп әкетті. * – Жазғыштардан шаршадым, – деді ол темекісінің шырпысын тұтатып жатып. – Бұрынғыдай емес, бәрі сауатты, жазу- сызуға келгенде тастаяқтай қағыстырады. Ә.Асқ. * Ал, Боранқұл патша балаларын тастаяқтай қағыстырып қазымырланбай-ақ өз салауатымен бағындыра біледі. Ғ.Біл.

Posted in

ТАСТАП КЕТТІ

Күйеуі (әйелі) кетіп қалды, басқа біреумен көңіл қосты; жұбайынан, қалыңдығынан (балаларынан,) бас тарттып, кетіп қалды. * Әмірқан әнді шабыты келгенде қандай салса, қатынды да шабыты келгенде ала салады екен. Көңілі суыған күні не қатын тастап кетеді екен, не өзі шығарып жібереді екен. Қатыны тастап кетсе, өзі намыстанбайды екен, өзі шығарса, қатынға да обал болды-ау деп артық қынжылмайды екен. Ж.Айм. * Арыздан арыз көзін ашырмай қойды. Күнде тексеру, күнде сөгіс, әйелі тастап кеткен, қызмет бабымен өсе қоймадың деп анасы күйіктен төсек тартып жатыр. Ә.Тар. * «Елудің алтауына келгенде әйелі тастап кетсе оңай деймісің?! Облыстан тексеруге жіберген ревизор жігітпен қатыны әуейленіпті ғой. Бәлі, сен оны естімеп пе ең? К.Сег. * — Мен сізден сәл ертелеу, он сегіз жасымда автомобиль апатына ұшырадым. Сол күйі тізем шор боп қатып, бүгілмей қалды. Жігітім тастап кетті. Мен де жалғызбын. Қ.Түм. Біржола қалдырып кетті, жалғыз қалдырды. * Кемпірді Қадиша тастап кеткен соң, жар дегенде жалғыз жақыны — бір ақсақ бауыры бар екен: соны қасына алып қолғанат қылып, қайғылы өмірінің ақырғы күндерін баяғыша бірқалыпты жылаумен өткізіп отыр екен. М.Әу. * Атасы: «Ашаршылық жылдарында қыздарымызды өзбекке бір дорба бидайға тастап кете берген заман болған»‚ — деп айтып отырғанын талай естіген. Қ.Түм.. * Ғұмыр болса, әлі талай кездесерміз. Тастап кетті деп айып етпе, маған рұқсат бер, інім, — деп жолға жинала бастады. С.Смат. * Қолында тастап кететін бір уыс дәмі де жоқ екен, күншілік жерден қара басын алып ұшқанына енді өкініп тұр. Қ.Ысқ. Қайтыс болы, көз жұмды. * Келіншек иығы селк-селк етіп жылап сөйлеп отыр. — Жаным! Неге үндемейсің, е-е-е-. Тастап… тастап кеттің… бізді-е-е-е. Қасыңдамыз е-е-е міне! С.Елу. * Мешел көп жылдан бері түсіне де кірмеген анасын көз алдына елестетті. Фәни дүниені ертерек тастап кеткен бақытты жан екен деп ойлады. Қ.Ысқ.

Posted in

ТАСТАП КЕТ!

Барымташыларға қарсы айтылатын дөң айбат. * Сол кезде бес-алты қуғыншы да құрықтарын көлденең ұстап, қуып жеткен. – Тастап кет, тастап кет! Бұл – төренің малы. Неге тиесіңдер? – Төренің малы болса, қайтеді екен?! Қане, жандарыңның барында қайтыңдар! К.Сег.

Posted in

ТАСТАЙ ТҮЙІЛДІ

Бес қаруын сайлап, барынша дайын болды. ~ Ай көзге түртсе көргісіз қараңғы. Өзен суы ернеулеп тасып жатыр екен, екі жағы жар, қорық-қорық қарасу. Барымталы ел — Керей тастай түйіліп күтінген. Ат үстінде. Малға күзет қатты. І.Жанс.

Posted in

ТАСТАЙ ҚАРАҢҒЫ

Түк көрінбейтіндей, көзге түртсе көргісіз қараңғылық. ~ Оның үстіне бір қара суық жел шығып, гуілдеп соғып, мазаны кетіре бастады, Түн көзге түртіп алса көрінбейтін тастай қараңғы еді. М.Әу. ~ Айнала тастай қараңғы. Сипаланып жүріп, кішілеу төбешіктің күнқақты құрғақ жағын тауып алып, тонын қаусырынып, шалқасынан жатты. Е.Зейіп.

Posted in

ТАСТАЙ БЕРІК

Барынша мықты, табанды, тұрақты; іске де, сөзге де бекем. .~ Абылай ханның қай қатынынан тараған ұрпағын алсаң да, тастай берік, ұйымшыл. І.Ес. ~ Демек, көңілге бір дүдәмал ойдың түсуі қиын. Ондай ой түсті дегенше, тастай берік сенімің балғамен ұрғандай шытынай жөнеледі. І.Ес. ~ Бұл екі ұлы адамның тастай берік достығы, бірін- бірі құрметтеп сыйлауы, аңсап сағынуы, жанымен жаны, қанымен қаны қосылғандай жақын болуы — тарих үшін де, бүгінгі біздің жас ұрпақ үшін де ғажап құбылыс. Д.Стам.~ Осы арада мен саған бір сыр айтайын. Бауыр-жан деген тастай берік, қара ағаштай қайыспай-тын ерекше адам еді. А.Жақс.

Posted in

ТАСТАЙ БЕКІНДІ

Әлдебір іске білек сыбана кірісті. * Бірақ Хансұлудың көңілі одан сайын жылымақ тұрмақ, түршігіп мұздай түседі. Қозбағарға өлсем тимеспін деп Хансұлу іштей серт жасап, тастай бекінген. С.Елу.

Posted in

ТАСТАЙ БАТЫП, СУДАЙ СІҢДІ

Барған жерге, бөтен ортаға еркін еніп, жарасып кетті; барған жеріне ұнамды болды. ~ Денелі жігіт болса да, қыз-келіншектің арасына тастай батып, судай сіңіп жүре берді. Ғ.Мүс. ~ Ертең мен, мынау қараңғы елдің ортасына тастай батып, судай сіңіп кетемін. Ә.Әбіш. ~ Көп кешікпей надзиратель Тұрарды тас камераға алып келді. тор темірдегі жаралы жолбарыстай аласұрған Рысқұлдың көңілі сонда бір жай тауып, түрмеде түңғыш рет тастай қатып, судай сіңіп сілейіп бір рақат ұйқыға кетіп еді. Ш.Мұр. ~ Қазір ойлап қараса, обалы не керек, жас келіншегі түскен жеріне тастай батып, судай сіңіпті. Н.Сам. ~ Ал, Ақперіште үшін қам жемейақ қой. Маған тастап кет. Осы уақытқа дейін алты бала өсірдім, жетіншісін де солардан кем қылмай өсіремін. Барған жеріңе тастай батып, судай сіңсең, мектепке баратын кезінде алып кетесің. Е.Әл. ~ Жас келін түскен жеріне тастай батып, судай сіңіп жүре берді. Қара шаңырақты қуанышқа бөлеп, араға жыл салып жеделдетіп бір ұл, бір қызды дүниеге әкелді. Ү.Жәл. ~ … үш жасты жия бере әке атты томырық қоңырқай бейне бұған белгісіз тұңғиық әлемге тастай батып, судай сіңіп, алыс- алыс бұлдыраған елеске айналды…. М.Қаб.