Home » Page 209
Posted in

ТАС ҚҰШАҚ

Жылуы жоқ, қайырымсыз, қатыгез. * Көбі «әттеген-ай, бекер келген екенбіз, сол туған жерде неге өлмедім» деп өкінді… Бірақ көк найзаның ұшыменен еріп келген ажал ешқайсысын мүсіркеген жоқ, тас құшағына ала берді… І.Ес.

Posted in

ТАС ҚҰРСАҚ

Бала көтермеген бедеу әйел. ~ Ертең ауызы батыр бір тентек: "директорымыз ерге шыққалы етегі қанамаған тас құрсақ бедеу қатындай, ғылымға қосқан түк еңбегі жоқ, тұл ғалым",- деп айқайлап шықса қайтеді? Ә.Нұрп.~ — Құлыным, тас құрсағымды жібіткен тұла бойы тұңғышым! Не істейін? Аңырап қалар ма екем? — деп еңіреп жіберді. С.См.

Posted in

ТАС ҚҰЙРЫҚ

Бетпақ, қатыгез. сезімсіз. * Өз үйінің терезесінен ұрланып қашып шыққанда, өзін бүкіл әлемнен қызғанған тас құйрық қатыны Софья Андреевнадан емес, көрсоқыр қоғамнан безді. Н.Дәутай.

Posted in

ТАС ҚОРЫҚ

Қойдың сүтіне отқа қыздырылған тас салып қайнатып ішуді осылай атайды. ~ Қой сауып, сапты аяққа сүт толтырып қойған екен, дереу шақпағын шағып от тұтатты. Отқа бірнеше тас салды… Жапан даладағы қойшы тіршілігін тамашалап отыр бала. Тас неге саласын? Тас қорықты әлі көрмеп пе ең? Тасты қыздырып, сапты аяқтағы сүтке салам. Сүт қорылдап қайнайды. Екеуміз ішеміз сонсоң. Жылқышы етпен, қымызбен сыйласа, қойшы қонағын осылай сыйлайды. Ғ.Мұст.

Posted in

ТАС ҚОРШАДЫ

Жан-жақтан қоршап, қыспаққа алды. * Бір уақыттарда барып аңғар да таусылды. Екі жақтан ентелеп тас қоршаған тар қыспақтан шыққан соң шұбар аяңды көсілтіп, тауды бөктерлеп оңға тартты. Ә.Кек.

Posted in

ТАС ҚАРАҢҒЫ

Көзге түртсе көргісіз. * Өксік үнін, шер даусын, жан жоқтауын, жұбаныш күлкісін самарқау күздің тас қараңғы түні тыңдасын! Ғ.Біл. * Қарашашты қолдан тартып, өзімен қоса ала кетпек, ал арқыраған ағыс қайда апарады, қай жарға апарып соғады, ол жағы тас қараңғы. М.Қаб. ~ Қанат ұшып түсті. Ойға берілем деп абайламапты. Аяғын іліп қалған ақбас па, әлде шырмауық па, тас қараңғы, еш біліп болмайды. Н.Сер. * Бір кезде мас солдат барылдап қоя берді. Оны біреулер іліп әкетті. Қосылып айткан көп дауыс әрі-беріден кейін баяулап ақырын созып осынау бір айдай әлемді еңселеп басып тұрған тас қараңғы дүниенің тағы да тынысын тарылтып жіберді. Ә.Нұрп.

Posted in

ТАС ҚАМАУ

Қапас, түрме, абақты. * Түйеші мана түн қараңғылығы түспей-ақ ауылға кеткен. Оның сәскеге дейін бұл маңға оралмасы зайыр. Аруана алғаш тас қамаудан босап, өріске шыққаннан кейін бір апта бойы түйеші оны көзінен таса қылған жоқ. С.Досан.

Posted in

ТАС ҚАЙНАТ (ҚАЙНАТҚАН)

Асқан пысық, іске жылдам, ұқыпты д.м. ~ Жазда бұлармен бірге мектеп бітірген бір қыз іңірде сиыр іздеп жоңышқалыққа барған екен, бір топ мас жігіт ұстап алып абыройын төгіпті. Сегіз жігіт екен. Тас қайнат, өжет қыз еді, ештеңеден қаймыққан жоқ. Т.Сәу. ~ Кейін үйлі- баранды болғанда, өткенді ұмытып, Жанмырзаға еріп үйіне барып жүрдім. Сыр білдірмейді, тасқайнат ғой. Қазір де жақсы араласып тұрамыз. О.Бөк. * Обалы не керек, кезінде тас қайнатқан, бұл күнде шау тартып, өзге түгіл, өзінің де тізгінінен айрылып қалған Сәкеңді Елтай іштей әрі мүсіркеп, әрі жек көрген. М.Қаб.

Posted in

ТАС ҚАБАҚТАЙ ТҮЙІЛДІ

Қаһарын төккен ашулы қалып. * Бұл кезде биіктен тас қабақтай түйіліп аққан ақ шегір қия бетте сідігін атып, қыржыңдап тұрған ақшуланға тас жағынан келіп сарт етіп түсіп, есін жиғанша екпінімен етекке қарай қағып алып жөнелді. М. Әуез.

Posted in

ТАС ҚАБАҒЫ АШЫЛДЫ

Ашуы қайтты, көңілі көтерілді. * Таймас жақсы хабар әкелгелі бұл ойынан өзі де үміттене бастаған. Сол себепті ол соңғы кезде тас қабағы ашылып, дүниеге сәл күлімсірей қарауды шығарған. І.Есенб. * Ол Байтабын шапқан малды Ағыбай айдап келе жатқанын, Ожар екеуінің көштен бөлініп жақсы хабарды айтқалы бұрын жүріп кеткенін естіп болды да, жадырай түсіп тас қабағын қайта ашып: — Біраз шаруа бітіріп қайтқан екенсің, көп-көп алғыс, — деді, — Ожар осында ма? І.Ес. * Тек жалғыз көзді емес, екі көзді және сонау тас қабақты қоңырқай сұсты түсінде бір жылы шырайдың сазы білінеді. І.Ес.