Мейірімсіз, қатал. ~ Күлге айналмай денеміз, Құлға айналдық неге біз? Тірліктің тас омырауынан біреулер Уыз еміп, неге біз у емеміз?! Н.Айт.
ТАС ОБАДАЙ БЕДІРЕЙДІ (ТАС ОБАДАН АУМАЙ ҚАЛДЫ)
Суық жүзін жылытпай мелшииіп тұрып қалды.~ Бәйбіше қыбыр еткен жоқ. Тас обадай бедірейіп, қатып қалды. С.Смат.~ Бір тілегімді берсең, дәл осы зар тілегімді бер! " — деп көкке қос қолын созып, қыбырсыз отырған сол тілеуқор түрі қара түнге мелшие төніп туратын тас обадан аумай қалған еді. С.См.
ТАС МІНЕЗ
Қайырымы жоқ, қатал мінез. * Жоламанның ақ көз Жәбірейіл, маңқа әлексалды деп тұрғаны Елек бойындағы бекеттердің Гаврилло, Александр деген урядниктері. Ашуланғанда көзі ағарып кететін Гаврилло мен мұрнынан мыңқылдап сөйлейтін Александр, Елек бойының қазақтары арасында белгілі қан ішер, тас мінез қатал урядниктер. І.Есенб.
ТАС МЕҢІРЕУ
Өлі тыныштық хақында. ~ Дала — тас меңіреу. Алыстан бұлақ сылдырайды. Тымық түннің ызғары білінбейді. С.Смат.
ТАС МЕЙІР
Сезімсіз, безбүйрек. ~ Бірақ әрбір әйелге, тіпті нағыз сезімсіз, тас мейір әйелдерге де тән имену, ұялу сезімдерінен туатын алғашқы еріксіз қимылдан кейін, ол жиренішті көзқараспен мені бастан-аяқ бір шолып өтті. О.Бальз.
ТАС МАҢДАЙ
Қайрымсыз, безбүйрек. ~ Жалғыз ғана нәрсе керек осынау жарық дүниеден. Ол сенің маған деген ықыласың. Өле-өлгенше сенің көзіңнің шуағына жылынып өтсем өмір бойы өзге тілек тілемес ем. Тас кедергі тас маңдай деп қарғамас ем тағдырды. С.Дос. ~ Жо-қ, мінезден көретін ештеңе жоқ; бұны арандатқан өзінің тас маңдай тағдыры. Ендеше түсіне Көк Өгіз тегін кірген жоқ. Ә.Нұрп. ~ Тас маңдай тажалдай күш бермей бұза-жарып ішке ентелеген темір қалқандарды таяқ-тастар сарт-сұрт төпелегенде, даңғырлаған дыбыстан аспан жаңғырықты. Т.Сәук.
ТАС ЛАҚТЫРЫСТЫ
Жауласты; бір-біріне қысастық жасады. ~ Өзіне де обал жоқ: басында бір шайдынам ақылы бар кісі бұрын талай тас лақытырсқан әлдебіреуге барып жағдай айта ма?! О.Сәрс.
ТАС ЛАҚТЫРЫМ
Қашықтық өлшемі, лақтырған тас жететіндей жер. ~ Осы сәт қос құлағын жымитып артын бағып келе жатқан Байшұбар демде адымын қысқартып, қара тұлпарды өзіне тас лақтырымдай жуықтатып еді. А. Сей. ~ Қанаты қара, бауыры ақ бір құс сол бұталардың арасынан далпылдап ұшып шығып, тас лақтырым жерге барып қонды. Н.Ор. ~ Жайпақ төбесіне алабота қаулап өскен тоқал там іргесінен бір топ торғай дүр көтерілді де, тас лақтырым жердей шеңгел-ши түбін лықа толтырды; сосын құрт-құмырсқаны қуалай қаққыштап кетті. М.Қаб.
ТАС ЛАҚТЫРДЫ
Қастандық қылды, қиянат жасады. ~ Ал, қазір дарқан өмірге арқа сүйеп, еркіндікті бұлдап, адам баласына бір-ақ рет берілген махаббатты қорлауға бола ма?.. Адамның ең асыл, ең шынайы тұнып тұрған мөлдір сезіміне тас лақтыру — үлкен қылмыс емес пе?! Т.Бер. ~ Ал қолынан ел қатарлы тас лақтыру да келмейтін жанды кім сыйлайды, кім соңынан ереді, кім сөзіне сенеді! М.Қаб.
ТАС ҚЫП ҚҰШАҚТАДЫ
Айрылмастай қатты құшақтады. * Түні, бойы анасын тас қып құшақтап, бауырына басын тығып, көрер таңды көзімен атқызып шыққан қаршадай баланың пәлен күннен бері қаралай қабынып кеудесіне симай келе жатқан жүрегі өмірінде алғаш рет сонда шаншыды. Д.Досж.
