Home » Page 213
Posted in

ТАРЫДАЙ ТАЛҚАНЫН ШЫҒАРДЫ

Күл-паршасын шығарды. * Сонда Шернияз: Мен саған не қылайын Адай болсаң, Үйіңнен шай берсейші, олай болсаң! Жылқыңның өлімтігі иттен де көп, Жылңыңды неге өлтірдің құдай болсаң? Тарыдай талқаныңды шығарған екен, Құдаймен азғана күн сыбай болсаң! — дейді. Үй иесі кешірім сұрап, түсіріп қонақ еткен екен. "Шеш. сөз."

Posted in

ТАРЫДАЙ МІН ЖОҚ

Барынша жетілген, мінсіз сұлулық. ~ — Иә, сенсің, ботам! Сен тал бойыңда тарыдай мін жоқ сұлусың. Тартымдысың! Ұлысың! Әйтсе де, менің Маргарита атты жарым бар. С.Дос. ~ Қалай ғана байқамай келген, он екі жыл қойнында жатқан Қамқа әлемдегі ең әдемі әйелдердің бірінен екен- ау, тал бойында тарыдай мін жоқ, нағыз сүмбіле сұлудың өзі. О.Бөк. ~ Сіздің көңіліңізді көтеруге жарасам арман не?-деді Күрлеу Гүлнұрдан көзін айырмай. -Тал бойында тарыдай мін жоқ өзіңдей сұлу қайда бар? С.Дос.

Posted in

ТАРЫДАЙ БЫТЫРАДЫ

Жан-жаққа шашырай тарап кетті. ~ Бой сергітер салқындық бар. Тас анау алаулы көрініске қарап тұрып, кеуде кере дем алды, тарыдай бытырап кеткен есақылы енді ғана жиналғандайтын. О.Бөк.

Posted in

ТАРТЫЛҒАН СЫМДАЙ

Тіп-тік, қатып қалғандай. ~ Олар бір басады, екі басады, ілгері жылжиды. Қол шапаның соңында тартылған сымдай болып, ап-айқын жіп-жіңішке қос сызық қалады. С.Шай.~ Аңсаған. Сыңғырлай шығатын даусы қатқыл. Мен үшін намыстанып қалғандай. Тұла бойым ду етіп жұлын — жүйкем тартылған сымдай жайсыз күйге түстім. Содан ба, кенет қолымдағы қасығым кастрюль жиегін абайсыз іліп кетті. Алда масқарай! Н.Сер.

Posted in

ТАРТ ТІЛІҢДІ!

Аузыңды жап, үніңді шығарма. * — Әй, шошқа! Тарт тіліңді Мен сені өліп кетсем де жібермеймін! Сені жіберіп, менің басым екеу емесі Күшті болсаң бар ана Нұрәліге! Б.Соқп. * Мен арасына өзімнің пайдама шешілетін бірнеше оқиғалар қосып,шөп басында болған жағдайды баяндап бердім. Мәселен, басқарманың «тарт тіліңді» деп жетіп келетін жерінде, керісінше, мен жетіп барған болып шықтым. Т.Әбд. * Басқарма атын тебіне түсіп еді, мен жерден шыбыртқымды алдым. Бірақ ол менен қорыққан жоқ. – Тарт тіліңді — ден қамшысының тобылғы сабымен кеудемнен нұқып жіберді. Т.Әбд.

Posted in

ТАРС ЖАРЫЛДЫ

Оқыстан ашу шақырып, долданды. ~ — Дядя Ваня, мен бара алмаймын. Ит ұрламаймын… — деп, бұл да тарс жарылып, қарсы кеп қалған. — Е- хе! — Иван таңырқай қарады. — Сен не оттап тұрсың?! Иттен туып, іннен шыққан хайуан! Өлексе… — деп Ваня- кочегарды ыза буды А.Алт.

Posted in

ТАРС ЕТТІ

Оқыстан шыққан дыбыс. ~ Тарс еткен дауыстан есін жиған жігіт оң жақтағы түймешені байқап, жұдырығымен періп қалды. С.Досж. ~ Тарс еткен мылтық дауысымен жарыса, Досжанның қатарында келе жатқан қара сұр атты жігіт, қардың үстіне далаң ете түсті. Т.Рыск.

Posted in

ТАРС ЕСІНЕН ШЫҚТЫ

Оқыстан ұмытып қалды. ~ Қазан суытып жібермек боп қойған. Қыздың әлегімен жүріп тарс есінен шығып кетіпті. «қайырымсыздар- ай, біреуі босата салса қайтеді екен! С,Ас. * Қазақ шіркін өрістен мал қайтып, ауылы азан-қазан болып кететін сол апақ-сапақта аңдыған қатынын, қорыған қызын тарс есінен шығарып, сиырын байлап, қойын қоралап, жылқысын тұсап, отпен жағаласып, ошақпен алысып, сіңбіруге мұршасы келмей кетеді емес пе. Н.Дәут. * … Қазір мына кісімсіп отырған немеге сәл ыңғай танытшы, өкімет деп өбектегені тарс есінен шығып, екі қара санының арасына қарай ұмтылсын. Н.Дәут. ~ Сол сеніммен аруақтап ауруханаға кірген діндей- діндей жиырма жігітті көрген медсестра қыз кірмеу керектігі, үзіліс екендігі тарс есінен шығып, есікті қарсы алдымыздан қалай кенінен ашып тұра қалғанын анық аңғармай қалды. М.Қаб.

Posted in

ТАРС (ТАРСА ҰМЫТТЫ

Есінен мүлде шығып кетті. * Екі көзі қыздарда боп жолды ойламаған Көкенай бұл маңда ескі тоғандардың сорабы барын тарс ұмытыпты. С.Сағ. * … соңғы жылдары тірнектеп жинаған азын-аулақ тиын-тебеніне ешкі сатып алайық, балалардың ерні аққа тисіндеген өзі еді. Енді сонысын тарса ұмытып, қабағынан қар жауып тұр. Б.Алд. * Содан көкең темір жұдырықтың зәбірін тарса ұмытты, қызыл жағалы жігіттерге әкелеп-көкелеп жүз елу сомды және санап берді. Д.Досж.

Posted in

ТАРПАҢ ТАЙДАЙ БҰЛА

Еркін өскен, шолжаң. ~ Бұл пақырда былайғы бойдақ қыздарға бодауын өткізердей құдірет қайдан келсін. Араға адам салып, үйге алып келген күнде, тарпаң тайдай бұла жастар мұнымен қосақ құрып тұра ала ма? Ә.Асқ.