Жұмысқа жарамсыз, біреуге масыл болып жүрген адам туралы. ~ – Неміске осы ауылдан 10 арба ер азамат кетіп еді, аман қайтқаны некен-саяқ, – деді Тақабек шал. – Аман қайтқаны көбіне біз секілді тамақ тауысар. Н.Дәу.
ТАМАҚ ІСІРДІ (ТАМАҒЫ ІСТІ)
Үміттенді, әлденеден дәме қылды. ~ ~ Қайырусыз кеткен хайуан мұжықтардан кек алуға жолмен жүріп іс қылатын заман әлі келген жоқ. Ақыл сұрап, босқа үміттеніп, тамақ ісіріп дәме қыларлық дәнеме жоқ. С.Сей. * Өз күдігі де солай дейді. Командировкаға кеткен жас та алғыр журналистен сол кемсіннің орнын толтыратын мықты материал дәметіп, үстел календарына белгі қойып, тамағы ісіп жүрген. М.Қаб.
ТАМАҚ АСЫРАДЫ
Біреуге қыщмет етіп, күнін көді.. ~ Тамақ асырау үшін келген кедейлер бастапқы кезде Мұратовтың бұл қулығын аңғармай, артынан біліп, еңбектері өнбейтін болғасын жанжал .шығарып, жұмысты тастап, кейде десятниктерін ұрып жүрді. С.Мұқ. ~ Шегір көз, иіртұмсық балапандар енді күнбе-күн қанаттары қатайып, енді өз беттерінше тамақ асырайды. Ш.Айт. ~ Содан кейін Түгелдің мойнына түсіп, қосшы бала болып, тамақ асырап күн көріп жүрген Сақар үйі аш қалды. Ү.Жәл.
ТАМАҚ АҢДЫДЫ
Біреудің үйі қазан көтеруін аңдыды. ~ Қонақтарды сылтауратып, осы үйге бас сұғып, тамақ аңдып айналшықтап отырған. Көбейдің уытты сөздеріне мәз боп, көздері жыртия күліп, қолпаштап қояды. С.Жүн. ~ Күні кеше ғана ат сабылтып, ауыл кезетін бозбастар, тойлы, дастарқанды жерден тамақ аңдитын сұғанақтар, үйде жатып ұлыққа арыз айдайтын жалақор, ағайын арасын беріктіріп койып, екі ортада пайда табатын пәлеқорлар – батпақта жатқан, босағадан тыс барлық атарман – бүгін күшіне енген, өкіметтің оң көзі – белсенді. М.Мағ.
ТАМАҒЫҢА ТАС ТЫҒЫЛҒЫР
Қарғыс. * Ой, сол сүмелектің де сұғынбайтын жері жоқ екен. Тамағыңа тас тығылғыр, – деп ортайып қалған тегенені түбінде қалған қымызын шайқақтата ала жөнелдІ. О.Бөк.
ТАМАҒЫНАН АС ӨТПЕЙДІ
Көңілі көншімейді. ~ Күніне бір шумақ өлең жазбаса тамағынан ас өтпейтін Есенинше елегізу таланттылардың көбіне ортақ қасиет. Ж.Шәк. ~ масасыз жан едім? М.Қаб.
ТАМАҒЫНА ТАС ТЫҒЫЛДЫ
Айтарын айта алмай үнсіз қалды. ~ — Тәте!..— деді табалдырықта теңселген жігіт тамағына тас тығылып. Бет моншағы үзілген қызыл шырайлы қыз: «О не дегеніңіз, тәтеңіз кім, мен кім?» — деп ытырынып үріккен жоқ М.Қаб. ~ Еламан Судыр Ахметке шошына қарады. Судыр Ахмет өзінің жаңағы қоразданып едірейіп алған қалпынан кенет күрт өзгеріп, тамағына тас тұрғандай тоқтап қалды. Ә.Нұрп.
ТАМАҒЫНА ӨКСІК ТЫҒЫЛДЫ
Жылауға тақау қалды, көз жасын әрең тиып тұрды. ~ …өткеннің шексіз қайғысын бойына жиған Тораңғыл қасқа елестегенде күні бүгінге дейін тамағыма өксік тығылады. Т.Әс. ~ "Мама, деймін. Маматай, кетпеші ешқайда. Маған киім де, ойыншық та керек емес. Тастамашы мені", дегенде тамағына өксік тығылып, сөйлей алмай қалды. А.Үс. ~ Таяп келіп, шашымнан сипады. — Қарғам-ай, жүдеп кетіпсің ғой. Бейуақта бүк түсіп неге жатырсың? — Әшейін, — дедім тамағыма өксік тығылып. — Жәй жатырмын, апай. Ж.Шағ. ~ Ананың балаға деген сезімінің күштілігіне тәнті болып, тамағыма өксік тығылып, көзіме жас келіп, тәлейіме қайран қалушы едім. Н.Қуан.
ТАМАҒЫНА ЖАС ТЫҒЫЛДЫ
Жыларман болды. * – Ата, сонда Тораңғыл қасқа қанша жаста? – дедім тамағыма жас тығылғандай болған мен. Т.Әсем.
ТАМАҒЫНА (ӨҢЕШІНЕ) ТАС ТҰРҒАНДАЙ БОЛДЫ
Үні өшті, үндемей қалды. * Еламан Судыр Ахметке шошына қарады. Судыр Ахмет өзінің жаңағы қоразданып едірейіп алған қалпынан кенет күрт өзгеріп, тамағына тас тұрғандай тоқтап қалды. Ә.Нұрп.
