Пара беріп, көндірді. ~ Жемсауларың бүлкілдеп отырғанын да білем. Ал егер біреуіңнің тамағыңды тығындасам, екіншің ауыз ашқалы дайын тұрсыңдар. Пара үшін жиған малым жоқ. Сендерге пара берем деп жалаңаш қалар жайым да жоқ. Өз қотырымызды өзіміз қасып, тыныш жүрейік те. Б.Мом.
ТАМАҒЫН ҚЫРНАДЫ
Көмейін кернеді, жөткірінді. * Елана да шыдай алмады білем, тамағын қырнап алды да, ақырын ғана қосыла кетті. Д.Рам.
ТАМАҒЫН ЖЕП, ТАБАҒЫН ТЕПТІ
Біреудің жақсыдығын ақтамады. ~ Тәкежандәл осы кезде ес жия ақырып, Дәрменді боқтап жіберді. — Қайда апарасың? Қалтасына салғышын мұның!.. Үйіме кеп, «тамағын жеп, табағын теп!» деген кім екен бұларға!? Бері акпел, қазір жыртып отқа тастаймын!- деп зекіді. М.Әу.
ТАМАҒЫ ТОҚ, КӨЙЛЕГІ БҮТІН (КӨК)
Ең керектісі бар, аш-жалаңаш емес деген мағынада. * Алтынайға тамағы тоқ, көйлегі бүтін болса болғаны, онан өзгені іздемейді. Үй міндеті әйелде, түз міндеті байында. Бұл құдайдың бұйрығы. Ж.Айм. ~ Бұларды біз асырадық, тамағы тоқ, киімі көк болды, содан не шықты, не үйренді? Машина айдай білмейді, атқа қамыт та кигізе алмайды. Қамытбауын да жөндеп байлай алмайды… Ш.Айт.
ТАМАҒЫ ТОҚ
Не ішем, не жеймін демейді; аш емес. * Қуарған сорлы жақсы бола ма екен? Онан менің емес пе тамағым тоқ!» Шәк. ~ Шалдың дауысы салмақты шығады: — Сексеннен асқан мені алмаған жасаған тәңірдің тамағы тоқ болғаны-ау! Ғ.Сл.
ТАМАҒЫ ТЕСІК
Пара алады, жебір д.м. ~ — Шекара, таможня қайда?— дейді Ақан аэропортта қол жүктерін қандай ыждаһатпен тексергендерін еске түсіріп. — Таможняның тамағы тесік… М.Қаб. ~ … Білдіңдер ме, сол ұлықтың тамағы тесік пе екен? — деген Таңғытқа күле қарап. – Ит біліп пе… Тамағы тесік болмаса, аштан өліп қалмай ма, — деп Таңғыт қалтасынан шытыралы шақшасын шығарып, насыбайға қол созған. Қ.Жұм.
ТАМАҒЫ ҚАЙТТЫ
Тойынды, тәбеті басылды. * — Отыр, пельмен желік, — деді Қапшекер оған қасық ұсынып. Бірінің қолында қасық, бірінің қолында вилка, бірі қара бурыл, бірі жидіген жирен бурыл, екі бас кастрюль үстінде тоқайласа қалды. — Әй, ит- ай, тамағың әлі қайтпаған екен ә, қарбытуың тамаша, — деді Қапшекер кастрюль түбі тықырлай бастаған сәтте.
ТАМАҒЫ ІСТІ
Әлденеден үміттенді, дәмеленді. ~ Командировкаға кеткен жас та алғыр журналистен сол кемсіннің орнын толтыратын мықты материал дәметіп, үстел календарына белгі қойып, тамағы ісіп жүрген. М.Қаб. ~ Олар тек көшбасшыларынан айрылғандарына ғана қабырғасы қайысып отырған жоқ, ертең үш арыстың игі жақсыларының қолындағы уыздай аппақ өре киізге қайсымыздың жамбасымыз тиер екен деп те отыр. Талайының қаралай тамағы ісіп, қаралай жемсауы күлбіреп отыр. Ә.Кек.
ТАЛЫП ЖЕТТІ
Алыстан үзіле естілген дыбыс туралы. ~ Әлде қайдан мұңдана созған марал даусы талып жетті. Қ.Ысқ. ~ Оқта-текте шегірткелердің ащы шырылы естіледі, одан ары бақаның үні. Соның бәрін басып тоғайдың арғы түкпірінен, Ертіс бойынан сыбызғы дауысы талып жетеді. Ж.Шәк.
ТАЛШЫҚ ҚЫЛДЫ (ЕТТІ, БОЛДЫ)
Аздап қорек қылды, талғажау етті. ~ Содан бері Домбай түйеші Жаманайдың жаман Тәукішін талшық қып, ІІІекерден күдер үзіп кетіп еді. Ж.Айм. ~ …Жеңгей, мына бір жүздікті келер жазға дейін талшық ете тұрыңыз. Б.Тоғ. ~ Өткен дәуреннің күй созып, үн салып тұратын мамыр шағы тағы да аударылып- төңкеріліп келіп, әншінің әбігері көбейген мына сұсты күндеріне кәдімгідей талшық болады. С.См. ~ Асқардың қара нан мен суды талшық етіп жүргенін байқаған жолдастары жаңа жыл қарсаңында жасырын ғана ақша жинап, конвертке салып сыртына: «Болашақ ұлы филологқа Аяз Атадан» деген жазумен оның жастығының астына қойған. Ә.Әл.* Самырсынның жап жасыл қылқаны мен теректің қабығын жібітіп, іші бұраудай қой ешкінің алдына тастасаң, талғамсыз талмалап талшық етеді. О.Бөк.
