Қамшылауды, тақым қағуды керек етпейтін жүйрік туралы. ~ Ес білгелі көңілінен кетпейтін бір арманы — тақым қаққызбайтын елде жоқ бір сәйгүлекке қақаиып отырып алып, айдарынан жел есіп, ен даламен еркін бір ызғыта шабу еді. Ж.Дар.
ТАҚЫМ КЕРДІ
Ат үстінде ұзақ шапты. ~ Шіркіндердің ажал алдында жан-жақтарына жаутаңдағандары неткен аянышты еді. Төбе құйқаңды шымырлатады екен. Кең дүниеде тақым керіп емін-еркін шапқылаған аз ғана күн тіршіліктерінің қалайша бұлай төтен аяқталғанына түсіне алмай қайран қап жатқандай. Ә.Кек. ~ Тайланның үйі де бұлардың аңға мінетін ұшқыр керсылаң аттарының әнеугіден бері тақымдарын аямай керіп тастаған алатағанақ жылмағай үстірттің кенет күрт сынып кемерленіп бітетін күн батыс шетіндегі сондай бір жымысқы аңғардың түбіндегі жылымшы бұлақтың басында екен. Ә.Кек.
ТАҚЫМ ЖАЗБАДЫ
Қатарласып жүріп отырды. ~ Осыдан кейін бұл екеуі тақым жазбай қатар жүріп отырды. Генерал Чернов анда-санда артына бұрылып, бұл екеуіне көз сап кояды. Ә.Нұрп. ~ Сонан болар-ау, көлденең бөгде кісілер түгіл, тіпті тірлікте тақым жазбай қатар жүрген қанжығалас достары мен қосшы-қоландарының өзі де жас мырзаның арғы жағындағы ойын анық болжап білген емес Ә.Нұрп.
ТАҚЫМ БҰРАУ, ТАР ҚЫСПАҚ
Басқа түскен қиыншылық, тауқымет. ~ Талай тақым бұрау, тар қыспақты көрген, өжет жауынгеріміз деп алсақ та, ол орынға олқы соғып тұрмыз. Ғ.Мүс. ~ Үйдегі екі үлкенді әдейі ертіп апардық. Бүгін қандай күн екенін езбей, тақым бұрау, тар қыспақ көрген ата-бабалардың ауыр жолын Иманжүсіп арқылы көрсін, жүрекпен сезініп, жанмен түсінсін деген ниет. М.Әліб.
ТАҚЫМ БҰРАУ САЛДЫ
Қылмыскерді, тұтқынға түскен жауды азаптаудың бір тәсілі; жазаның түрі. ~ Ақсарыбайдың мергенін Қарауыл ұстап алады, Тақым бұрау салады. – Қосай батыр қайда? – деп, Мергендерден сұрады. Тақым бұрау өткен соң, Мергендер зар-зар жылады. "Ер Қосай". ~ Халқын сатып, жауына болысар адам Жомарт па екен, тақымына қыл бұрау салып, дүреге жықса да су жолын көрсетпепті. Т.Ахт.
ТАҚЫМ АУЫСТЫРДЫ
Көлігін жаңартты, тың атқа отырды. ~ — Алтын жамбы, күміс тайтұяқты алыс жолға азық қып құрттық. Кең даланың пейілі қушия түсіпті. Жол бағатын ұры— қарыдан қашсақ та, тың көлікке тақым ауыстырсақ та қияқ мұрт, жанары өткір қазақ қиылып қарап өліп- өшеді. Құтылып шығу оңай болмады. Әйтсе- дағы саған деген жанқұмарың бойымда, қоңтайшы! Д.Дос.
ТАҚУА БОЛДЫ
Әсіре діндарлық, дүмше молдалық хақында. ~ Басқа жұрт табаққа басын салып жібергенде, ауыл кісілерінің алдында әманда тақуа боп көрінгісі келетін молда қолыныңұшын әрең созып, аузынан піссімілдасын тастамай отырған. Ә.Нұрп. ~ Сөйткен шалдарды көрсе шақшасына жармасып, жастарды көрсе шылымына ортақтасып, кеңсеге барса шікірейіп қалпақ киіп, садақада басына орамал байлап, тақуа болып қырық құбылатын қу аяқ неме енді, міне, жоқ қараған қонақтан бір уыс бұйра насыбай олжалап, жөн сілтеп кемеңгерсіп отыр. Ә.Кек. ~ Әулиелік пен ақ көйлектік бүгінде кімге дәркер? Солар өзі қалды ма? Жаным — арым деп әлденесін бұлдаған кәрі қызша тақуасып отырып алғаннан не ұғады? Ұта қояр ма? Тақуа болғаннан не ұтады? С.См.
ТАҚТАН ТҮСТІ (ҚҰЛАДЫ, ТАЙДЫ)
Патша, хан, ел билеуші билігінен айырылды. ~ Пері патшасы тақтан түсіп, Болатханның қасына келіп бетін ашып, қанаты мен сипап өтті. Ж.Шәк. ~ Он жетінші жылғы революция, патшаның тақтан құлауы, болашақ коммунизм заманы туралы Сағатбай майын тамызып айтады. Б.Соқ. ~ Ат үстінен бәрін көріп тұрған Сарыбала біріне түсінген жоқ. Патша тағынан қалай тайды? Тайдырған кім? Патшадан мықты да болғаны ма?! Сол мықтыны көрсем! деген құмарлықпен келе жатып, Пақрейдікіне атының басы тірелгенін бір-ақ білді бала. Ғ.Мұст ~ Аязы әлі қайта қоймаған ақпанның аяғына қарай, қалаға қатынаған кірешілер: «Николай тақтан құлапты, елді енді Уақытша үкімет басқаратын болыпты», «барша халықтарға теңдік, саяси тұтқындарға бостандық жарияланыпты» деген хабарды құм ішіндегі елге лезде жеткізген. Б.Тоғ. ~ Уезд орталығы Қапалға соңғы барғанында Әкімбек патшаның тақтан тайғанын, елді енді қос өкімет билеп тұрғанын өз құлағымен естіген. Б.Тоғ.
ТАҚТАЙДАЙ ТЕГІС
Еш мінсіз, кедір-бұдырсыз, ұңғыл-шұңғылсыз. * Алайда, қазақ жазушысы Сәбит Мұқанұлының өмірі әлгі қаламгер аға айтқандай тақтайдай тегіс те тура жол ма? Жоқ. … Абзалы қандай жазушы болса да оның жүріп өткен жолы тақтайдай тегіс болмасқа керек. Қ.Ергөб. ~ Қырқаның жері бетегелі бозды келеді, жаңбыр қандай қалын, жауса да сазданбайды және тақтайдай тегіс. Оған іліксек жолсызбен де тарта береміз. С.Мұқ. * Тек тас жол тақтайдай тегіс даладан қырқа-қырқа тау арасына сұғынып кірісімен беліне қамшы тиген жыландай иреңдей бастады, сол мұң екен, алға бір, артқа екі лоқу басталып берсін. М.Қаб.
ТАҚҚА ОТЫРДЫ (МІНДІ)
Патша болды; билікке қол жеткізді. ~ Міне, содан бері Өңгелбай болыс. Бірен-саран байлар — жуандар бір кездегі үзеңгі жолдасы таққа мінген соң, қайта-қайта құтты болсын айтқансып, бағының таймауын, әкім алдар ісінің былықпауын көздеп, баяғы болысекеңнің писары Алексейді хатшылыққа ұсынған. Б.Майл. ~ Қарабет басқармалық таққа отырысымен ара-тұра жұмыс бабын сылтауратып қиғылықты салып, басыма әңгір таяқ орната бастады. С.Жүн. ~ Болыпты бір падиша Сұлтанмахмұт, Шаһары Шаһинұр Борай деген. Ақсүйек жеті атасы таққа мінген, Бәрі де әділ болып дәурен сүрген. "Нұрғаз." ~ Бұл таққа отырған бойында ұсақ хандықтардың басын біріктіргісі келді. Ә.Кек.
