Басына түскен қиямет-қиындық; қайғы-қасырет, ауыртпалық. * Тұтас тірлігінде сол арманның елесін малданып, тағдырдың тәлкегіне айналған жайы бар … Ғ.Біл. * Ұят-ай, бұл қазір іргетасын өз қолымен қаласқан, жиырма жыл бойы басынан кұс ұшырмай жырға қосқан Кеңес өкіметінің түрмесінде жатыр! Бұл не? Тағдыр тәлкегі ме, әлде асатынан келген зауал ма? Қ.Жұм. * Әлгіні айтқан шал тағдыр тәлкегіне ұшыраған Асқардың талансыздығын, иә Бәйтеннің қатыгездігін, болмаса дүниенің жалпы алдамшылығын айтқысы келді ме, ол арасы белгісіз болып қалды. Т.Әбдік. ~ Дүрбіттер мен байыттардың ортасына келген қотындар тағдырдың тәлкегіне тап болған дәл міне осындай қауым еді. Ш.Рах.
ТАҒДЫР ТЕРІС АЙНАЛДЫ
Қырсыққа шалдықты. * Бұрын ауданнан өкіл, бастық келсе, ең әуелі Сүкең үйіне тұмсық бұрып, емексуші еді, олар да ат басын басқа аулаға бұра бастады. Осы бұрылудан бастап тағдыр да Сүкеңе теріс айналды ма, әлде контузиясы ма, әткел аттан түсіп, қой соңына ерді. М.Қаб. * Ақыры уақыт өте келе болған іске амалсыз көнейін дедім. Тас түссе талайынан, жағдайдың бұлай болғанына, тағдырдың теріс айналғанына мен өзімді кінәладым. Ә.Асқ.
ТАҒДЫР ТЕПКІСІ
Басқа түскен қайғы-қасырет, ауыр сын. ~ Алты Алаштың тағдыры тек соның қолында. Тауы бүгін бір шағылғанымен, тағдырдың тепкісі оны шыңдай түседі.. Қ.Әбіл. ~ Бұл кезде тағдыр тепкісі айырған апалы-сіңлілердің бірін-бірі көрмегеніне он жылдан асқан болатын. Балалық шағын бірге өткізе алмай, жатбауыр болып қалса да, екі қыз енді ажыраған жоқ. К.Ахм. ~ Әйел тағдырының қиындығы мен тағдыры тездеген теңсіздігі мәселесі тек бір шығармамен шектелген емес. Тағдырдың тепкісі мен тәлкегіне ұшыраған қазақ қызының қысқа да мәнсіз ғұмырын кейінгі ұрпаққа ғибрат етер шығармалар желісі жетерлік. Б.Асанқызы.
ТАҒДЫР ТАУҚЫМЕТІ
Жазсыштың басқа салған ауыртпалығы, сыны, қиын-қыстау уақыт, қасыретті жағдай. * Міне, дәл осы тұста каторганың кесінді жылының аяқталғаны секілді тағдыр тауқыметі мойынынан біржола сыпырылып, басқа бір сәулелі жарқын өмірдің кіріспесі басталды. Т.Әбд. * – Әңгіменің ашығын айтсам, о баста екеуің туралы орманға қарап ұлуын қоймайтын қасқырдың бөлтірігін асырағандай күй кешкенім де рас. Бірақ тағдыр тауқыметі дегеннің адамның түріне, тегіне, ұлтына, ұлысына қарап түскенін көрген кім бар?! К.Сег. * Боранқұлдың тоқсан неше жылдық өмірін, арман мұратын, тағдыр тауқыметін жазу арқылы қазақ халқының өткен ғасырдағы тыныс-тіршілігін, алмағайып сәттерін, ұрпақ үшін берген бодауын кең ауқымда суреттеген. Т.Оразғ.
ТАҒДЫР СОҚҚЫСЫ
Басқа түскен қайғы-қасырет. ~ Гүлжиһан қайғылы ғой, ауыр ғой жас шақта мұндай тағдыр соққысы! Енді не болмақ? Папасы қандай ақыл бермек? Х.Ес. ~ Ахметқали, алғашқы кезде, тағдыр соққысынан мәңгіріп қалған ғой, еңбек кімді адам етпеген, әлі – ақ ширап кетер деп ойлаған. І.Ес. ~ Ақ халат киген қақпақтай жауырынына, сүйекті, ірі бітіміне қарап бұл кісі оңайлықпен тағдыр соққысына мойып, өмірі илікпестей көрінетін. М.Сүн.
ТАҒДЫР ОҒЫ
Басқа түскен ауыртпалық; уайым-қайғыға батырған оқыс кесепат. * Тағдыр оғы, ей, адамды басқа ұрма! Майдан десе ораласың сен еске: ер бейнесі, ал, елесте, елесте! Ж.Нәж. * Жанарымнан ағып түскен бір сәуле, Тағдыр оғы көздегенде көзімнен. Р.Ниязб.
ТАҒДЫР НОҚТАСЫ
Өмір қиыншылығы, мойнына түскен ауыртпашылық, зауал. ~ Тағдырдың ноқтасына басын ұсынған Балуан Шолақ аз жасында көрген өзге зорлық — зомбылығын ұмытуға тырысты және ұмытты да, бірақ, өзгені ұмытқанмен оның жүрегінен жабысып айырылмайтын бір ғана дерт бар. С.Мұқ. * Бірақ басқа бір киілген тағдыр ноқтасынан босану оңай емес екен, Ши- амбының шырмауынан шыға алмай, осы төңіректе қалып қойды. Қ.Жұм.
ТАҒАТЫ ТАУСЫЛДЫ
Сабырсызданды, шыдамы бітті. ~ Көптен сарыла күткен өмір қуанышына емін-еркін кенелгенше тағаты таусылып алып-ұшып тұр. Ә.Кек. ~ Түннің бір уағында ғана қалаға жететінін ойлағанда тағаты таусыла тынышсызданып кетті. Ж.Шаш. ~ Енді не болады, мылтық өні шыға ма? Деген хабарды күткен Шөке бастаған топты азаматтың тақаты әбден таусылды. Б.Жұм.
ТАҒАТТАН АЙРЫЛДЫ
Сабырын жоғалтты. ~ Сол кештен соң көп ұзамай басталған құпия кездесулер бозқырау түскенше тыйылмап еді.Екі жастың тілегі бір арнаға құйылып, жүректері бірге соққалы тағаттан айырылған. Ү.Жәл. ~ Мәтнияз бірдеңені ойға алса, қашан бітіргенше тағаттан айрылады. Баяғыда қазақ арасында жалғыз үй қалатын жолы да, Әнетейдің налығанын көре тұрып, тыңдаған жоқ-ты. Қазір де Сыр бойында байласан тұратын емес. З.Шүк. ~ Екі жастың тілегі бір арнаға құйылып, жүректері бірге соққалы тағаттан айырылған. Ү.Жәл.
ТАҒАТ ТАПТЫРМАДЫ
Маза бермеді. ~ Шынында қызды сақтан-дыруы керек екен. Осындай бір беймаза ой тағат таптырмай қой-ға-сын айдалада отырғандай өзі-мен-өзі сөйлесті. А.Әк.
