Жазалады, жұмысқа жекті, құлдыққа салды. ~ Асқақ басын иілтіп, Табанын тіліп құл етіп, Алдыма алып келіндер! М.Әу. * Төсек салғызып жатып қалды. Бүгін келген қонағын ертең табанын тіліп, қара жұмысқа қоспақ. М.Қаб. * Қызды енді қайта біреуге сатқанға дейін күң орнына жұмсап, баланың табанын тіліп қозыға салып қойса, аз олжа емес. Ж.Ахм. * … мойнына бұршақ салып Құдайдан тілеп алған жалғыз ұлы осы Жақыпқа дейін табанын тіліп отырып жұмысқа салған. Қ.Ысқ. * — Сол ант ұрғандар ғой, елдің ұл-қызын орысқа апарып напақа түсіріп, тірлік етіп жүрген. Шіркін солардың табанынан тіліп, қылтасын қияр күн болар ма екен, — деді тістене. Б.Жұм.
ТАБАНЫН ТАП БАСТЫ
Әлдебір мақсатта шешімтал қимылдады д.м. * Қайраттың қара жолына табанын тап басқан Ботагөз қалай асырауды бірер күн ойлады да, Қызылжарға барып әлі келетін жұмыстың біреуіне кіріп, тапқанын ағасына беріп тұруды мақұл көрді. С.Мұқ.
ТАБАНЫН САУДЫ
Жаяу қалды, жүре алмай қалды. ~ Прокуратура ызметкерлеріне қалған екі ат жетпейтін болды. Өйткені бірі жексе бірі табанын сауып қала берді. Прокуратура қызметкерлері Сатайдың мазасын алып, қайта ат сатып алу керек деп қыңқылдап жүргенде бір ат тағы сатылып екі мың сом ақша қолға келді. Б.Қыд. * Ірің-жалқық кеулеген табан ақ сары тартады. Сонан соң ол емшектеніп әр жерінен тесіледі. Әрине, оны сауып тастау, ағызып жіберу керек болады. Табаны жара адам жүре алмайтыны түсінікті. Міне, осы жерден келіп «табанынан сауып отыр» ұғымы шығады. Б.Қыд.
ТАБАНЫН ЖЕРГЕ ТИГІЗБЕДІ
Жаяу жүргізбеді. ~ Аузынан пәлендей адамым бар еді, көмектесе ғой деп шықты бітті, табанын жергетигізбей ала жөнеуге әзір тұрғанын жақсы түсінді. Дегенмен сырын айтпады. Р.Рай. ~ Бастық та тыным таппас беймаза біреу. Біресе ана мекеме, біресе мына мекеме… құдай оны да зыр қақтырып, табанын жерге тигізбей қойған. Н.Сам. Құрмет көрсетіп, шашбауын көтерді. ~ Үй толы жастар бұны «жиен» деп, көтермелеп, табанын жергетигізбей, қолданқолға өткізіп, төрге шығарған. Ү.Жәл. Алдына салып дедектетіп айдады. ~ Көз алдына қаһарлы шұнақ құлақ қара шал елестеуі-ақ мұң екен, қосмұңлықтың табанын жерге тигізбей алдына сап, айдай жөнелді. С.Дос. ~ Енді, міне… жуынып жатқан тыр жалаңаш кісілердің арасынан табанын жерге тигізбей дедектетіп жетелеп әкеле жатқан ағасын атарға оғы жоқ. Ә.Нұрп.
ТАБАНЫН ЖАЛТЫРАТТЫ
Тайып тұрды, жоғалды. ~ Саяси кеңестің кеңсе табалдырығынан аттай бере жиын жоқтығын көрген жерде-ақ маңайында торуылдап жүрген бір сұмдықтың ныспын сезіп, дереу табанын жалтырату керектігін біле қойды. Ғ.Біл. ~ Жұртты билеп- төстеп қалған адамның аузынан жарым ырыс шығып тұрғанда табанын жалтыратқаны абзал. Б.Қыд. ~ Табанын жалтыратып тайып бергеніне қарағанда оның бұған қайтып орала қоюы да неғайбыл-ау. М.Серв. ~ … азаттық алған бойда Дон Кихот өз кәсібіне қайта кірісіп, табанын жалтыратып тайып тұра ма деп қорқатынын айтты. М. Серв.
ТАБАНЫН ЖАЛАДЫ
Құлдыққа түсті, жағымпазданды, жалынышты күйге түсті. ~ Табынар Құдайыңды таба алмастан, Табанын жалай бердің әр күштінің. С.Қали. ~ Тілмашты айтамын да. Кулактың баласы екен ит неме. Соғыс кезінде фашистердің табанын жалапты. М.Қаб. ~ Есің дұрыс па?!. Көрінеу көзге біреуді жығып беріп көрген күнім құрысын!.. Өзі де табанын жалаған қу екен, майлы ішектей айландырып әкетіп барады. Қ.Ысқ. ~ Ел алдында асқақтап, аспандап кететін солардың патша чиновниктері алдында құрдай жорғалайтынын, табанын жалауға дайын тұратынын, арсыз намыссыздығын қатты мінейді. Т.Қож.
ТАБАНЫМЕН ШОҚ БАСҚАНДАЙ (БОЛДЫ)
Ыршып түсті. * Бәлемге жан керек екен. Табанымен шоқ басқандай екі-үш секіріп түсті де, ербиіп тұрып қалды. Қ.Ысқ. * Бабамыздың шоқ басқан табанымен, Бірдей екен жақсысы жаманымен. Қ.Мырза.
ТАБАНЫ ТҰҢҒЫШ ТИДІ
Алғаш келуі д.м. ~ Бір күні Сары алдыға түсіп алып, қарлы таудың асуының арғы бетіне асып түскен. Ақтөстің табаны тұңғыш тиіп тұрған жерлер. К.Сег. ~ Қазақ топырағына табаны тұңғыш рет тиген бауырлас елдің балалары тарихи шаһармен танысты. БАҚ.
ТАБАНЫ ТІЛІК
Көп жүрістен, қиын жұмыстан табаны тілім-тілім болған адам туралы. * Осы Сарқыт енеңнің әке-шешесі түкірігі жерге түспейтін атақты бай, табаны тілік Сүлей бала әуелі солардың маңыраған қой-қозысын, соңынан Сүлей жігіт үйір-үйір жылқысын бақты. М.Қаб. ~ Сенің қандай күнәң бар еді табаны тілік жүрегі сүлік ғұмыр кешетұғын, тастай қараңғы аулама бекер-ақ қондың-ау. Ұ.Зар.
ТАБАНЫ ТЕСІЛДІ
Шаршап-шалдықты, қажыды, тауқымет көрді. * …Боқбасар мен Имаш он күндей жол жүріп, арып-ашып, табандары тесіліп, ауылға зорға жетті. Б.Майл.
