Home » Page 268
Posted in

СЫРАЛҒЫ СҰРАДЫ

Аң аулап, олжалы келе жатқан аңшыдан сұрап алатын сыйлық. ~ Маңғыстау тауы мұнарлы, Өзіңнен медет сұралды. Сырыңды сенің ашуға, Отырмын сұрап сыралғы. Тұнған тарих тау тасы, Кең далам оның сырласы. Ашуға сырын ақтарған, Балаңыз енді жырласын. Н.Қож.

Posted in

СЫРАЛҒЫ ЖАУ

Айла-шарғысы белгілі ежелгі дұшпан. * Менікі үйреніскен ауру ғой, сыралғы жау: бір күні ол жеңеді, бір күні мен жеңем. Бүгін сәл бетім бері қараған түрі бар. Т.Сәу. ~ “Аттан! Аттан! Жау шап- ты!” Жұрт дүрлігісті. Суыт хабарды ақылмен топшылап мән- жайды ой елегінен өткізген елбасылар сыралғы жаудың бұл жолғы қоқайының зымияндығын салғаннан-ақ тап басқан. Ө.Кәр.

Posted in

СЫРАЛҒЫ ДОС

Етене жақын, ежелден бір-бірін білетін, сырлас, сыйлас шынайы дос. * Басқа-басқа, өзінің сыралғы досы десе де боларлық, осы әйел келген кезде де алпамсадай шикі сары, қаны бетіне шығып тұратын қызыл өңді ол өзінің ықтиятты қожайын екенін көрсетіп қалуға тырысады. Ж.Айм. ~ Қарасай ойлай-ойлай келіп, Жәңгірді құтқарыуға сыралғы досы Ағынтай екеуі ғана барыуды ұйғарды. Ойындағысын ың-жыңсыз оңаша орындағысы келді. Б.Нұрж. ~ Бұл ауылда Жырғал деген ескіден сыралғы досы бар еді. Еділдің бойында саят құрып жүріп танысқан. Содан бері қатынастарын үзбей, ылғи түз төсінде аңшылықта жолығатын. Ә.Ыб.

Posted in

СЫР ШЕРТТІ

Жан құпиясын жайып салды. * Бітеу жатқан жан жарасын тілімен жалаған мұң самалы сағағынан үзілердей, қалтыраған құба жапырақтарға сыр шерткендей – шешен тілмен көсем сөйлеп, жорғақ басты. Ғ.Біл. * Талай сыр шертісіп, әңгіме-дүкен құрып, қосылып ән салып, аунап-қунаған, масаты дала шаңы бұрқыраған тақыр жердей. С.Жүн. * Аяушылығын ба, әлде басқа сезімін бе, бәрі-бәрін білдіріп тұрған осы күміс сымдай саусақтары. Оның әрқайсысы өзінше сыр шертіп тұрған сияқты. К.Қаз.

Posted in

СЫР ТАРТТЫ

Ойын білгісі кеп, әңгімеге шақырды. * Әмірші есігінен аттаған адамның аузына телміреді, әр қимылын көзімен тінтіп сыр тартқысы келеді. Ә.Кек. ~ – Сарысудың қымбаты мен арзанын айыра білсеңіз сізде бөтен болмадыңыз. Қосқа кіргенше таза ауада жүрмедіңіз бе. Мұндай сәттілік ілуде бір болады, – деді жылқышы одан сыр тартып. Ж.Рах. * — Апа, қай жақтансың? — деп, былғары плащты кісі сыр тартты Дәу ападан. С.Ел. * – Отыз қарасы біздің қолда өлген соң мұндай сұмдық шықпай қоя ма?… Бірақ, мына баласы тіпті жақсы. Көргенсің ғой, оқыған бала. Сыр тартып байқасам, қарындасың да теріс еместігін білдірді. Қ.Шабд. ~ Сол тоқалдың кесірі, Батырдың басын кесіпті. Айтып айтпай не керек, Келеді айла бір қолдан. Бір қатынның мекері, Қырық қашырға жүк болған. Жас тоқалдың жоқ есі, Сыр тартыпты көңілдесі. Н.Қож.

Posted in

СЫР МІНЕЗ

Етене таныс; ежелден білетін адам. Әдет-ғұрпын, мінез-құлқын жетік біледі д.м. * Бірақ, аспаз кемпірдің бабы табылмайды, ертеден қара кешке бұрқылдайды да жүреді. Ауыл адамдары онымен сыр мінез емес. Басқа жақтан жақында көшіп келген. Ш.Айт. * Екі хан кеңес құрды. Қайып айтты: «Қазақтың қаптағайлап шапқанына жоңғарлар әбден сыр мінез болып алған. Ә.Кек. * 1 д а у ы с. Үш күн сұрапылда сені қатты қинаған Қасболат жайы еді. Соның шешімін тапқан жоқсың ба? Қ о с п а н. Сыр мінез, сырын алдырмаған бір жан. Т.Ахт. * Осы күнгі өз жағдайына сыр мінез. Құдайдың құтты күні дәл осылай өз денесін өзі ауырлап әзер-әзер тұрса да, әрі-беріден кейін ұйқысы ашылып, басының ауырғаны да кетеді. Ә.Нұрп. * Жас мырзаның қоспа сөзді сүймейтініне сыр мінез жігіттер осы жолдан өз көзіме көргендерін ғана айтты. Ә.Нұрп. ~ Осындайда білген-түйгенімді әуел бастан соңынан еріп, сыр мінез болған ағаға шешіліп айта отырып … О.Сәрс. ~ Уа, қатын… қайдасың? Ыдысыңды даярла! — Сыр мінез Бибіжамал бүгін олжалы қайтқандарын біліп, қазанға су құяды. От тамызады. Ә.Нұрп. ~ Сыр мінез емес кісі, «мынаның дені дұрыс па?» деп шошып қалуы да ықтимал. К.Қаз.

Posted in

СЫР ЖАТЫР

Сөздің астарында, әлдебір істің, әрекеттің негізінде, түбінде маңызды мәселе жасырулы д.м. * Бас прорабтың осынша шәт- шәлекейі шығып шаптығуында үлкен сыр жатыр; осынау «алып құрылыстың негізгі сүйегін екінші тоқсанда толық құрастырып біттік, аяқтадық» деп жоғары жаққа, Құрылыс министрлігіне «рапорт» өткізуге тиіс. Д.Дос. * Бірақ, оның ар жағында басқа сыр жатыр еді, ол -үйге бір еркектің келуі және оны Сәргелге ешкімнің айтпай, жасырын сақтауы. Д.Ис. * Құртақандай қоңызда, тани білген кісіге, талай терең сыр жатыр. — деді Есімхан желпіне түсіп. — Ол дегеніңіз ғылыми атақ, машина, бедел. Ө.Ахм. * Бірақ «Мойныңа бұғау онсыз да түсейін деп тұрғанда…» деген сөзінде бір үлкен сыр жатыр-ау. Бұл сөзімен нені айтпақ? І.Ес. * Исатай хатты Гүлжаннан алып, қайта оқып шықты. — Менің білуімше, осы хаттың астарында таудай сыр жатыр,- деді екпіндеп. С.Ом.

Posted in

СЫР ЖАРМАДЫ

Тіс жармады, сыр бермеді. * Шаңырақтың діңгегіндей сүйеу сыңар, Жылқының тарпаңындай күйеу шұбар. Қалыңдық сыр жармайды сыртқа тебер, Дауылдан солқылдамас бейне шынар. Т.Әл. ~ Осындай ниетпен Елеусіз жонға келісімен-ақ Гүлнаш апайды тілге ала бастады. Бірақ Гүлнаш апай ақтарылмады, шешіліп сыр жармады. Тіршілік талқысына көп түскен адамның аузына берік келетінін істеген. Т.Әл. ~ Елеусіздің аңғаруынша, Шынардың мынау сұмдық, суық хабарын Қараштың да құлағы шалған сияқты еді. Бірақ ол сыр жармай, сазарып тұра берді. Т.Әл. ~ Шәйкүл қожайынына қарады. Қожайыны сыр жармай, сызданып отыра берді. Т.Әл.

Posted in

СЫР ЖАРДЫ

Құпиясын айтты, жүрек құпиясын бөлісті. * Осылайша, бәлкім шамалы басқаша, өз тілінде бипаздатып-мипаздатып айтып келді де, сөзінің соңында: – Исаханның әйелі сүйекті итке тастамай, құрдым суға тастайтын бопты ғой! – деп екіұшты сыр жарды. Т.Әл. * Сол кеште Шәріп әйеліне сыр жарды. Бикен де сыбырлап: – Қайдам, айналдырып көрейін: Тек Бимендеден сақ болайық! – деп ішкі қаупін аңғартып өтті. Т.Әл.

Posted in

СЫР ДЕСТЕ

Сырын ішіне бүккен д.м. ~ Әй, осы ит асау ғой, деймін,— деді жүгендеуге келе жатып Әбіш. — Асау болсашыңғырар еді, бұл сыр десте жылқы, тезірек жүгендеңіз,— деді Сатан. І.Жанс. Ой-толғаулар топтамасы д.м. ~ 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты. БАҚ.