Сымдай тартылған сұңғақ бойлы. ~ Алдыңғы партада отыратын он сегіз жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың денесі сыптай түзу, кимі тап- таза, қою шашы қапқара, кең маңдайы кере қарыс, қоңырқай жүзі байсалды, маңғаз, көзінде ақыл тұнып тұр… З.Қабд. ~ Жақындай келе олар әдейі ақырын жүріп, қасынан өте бергенде, қыздың біреуі иығымен қағып қалды да, жаңа ғана көрген адамдай бетіне жалт қарап, шұрқыраса кетті. Бұл — бойы сыптай түзу, сұңғақты, қара көзі жайнаңдаған қара торы қыз екен. Дж.Лонд.
СЫПТАЙ БОЛДЫ
Әп-әдемі болып киініп, сәнденіп, бой түзеді, тартылған сымдай түп-түзу, жіп-жіңішке, сұңғақ қалыпқа түсті. ~ Мына инеліктей қатқаны кім болды екен? Қартаяйын деген екем, танымай қалыппын ғой, бұл өзімнің көне жолдасым Сиқымбай екен ғой. Қайдан білейін, сыптай болып киініп алыпты. І.Ес. * Раушанды үш баланың анасы деп ешкім ойламайтын. Өйткені оның бала көтеріп, сәби жетектеп жүргенін езгелер түгілі, ең жақын көршілері де көрген емес. Ғұмырында пұшпағы қанамаған әйелдей- ақ ылғи сыптай боп, қаздияды да тұрады. Н.Кел. ~ Көрерін көріп, түйерін түйіп әбден біткен шамада алысқа қалдырған арқандаулы атына барып, қоржындағы қордан жүрек жалғап алды. Сосын артық-кем дүниені сол жерде қалдыра, сыптай болып межелі тұсқа беттеді. Т.Әлж. ~ — Міне, үйіңе үсті-басыңа шаң жұқтырмай сыптай болып барасың…Азелла костюмін щеткамен сыр-сыр тарап, жаныға тазалап жатыр.- Біраз кепсін. Су күйі кисең мыжылып қалады. М.Қаб.. * -Олардың сыптай болып киінгеніне қарап, дөкейдің өзі екен деп қалма, — деді араб әңгімесін созып. А.Смай. * Өздерінің бір- бір баламен қаңтарылып қалғанын көрмейсің бе? Келіні де, қызы да қашан көрсең сыптай болып жүргені…» Қ.Жұм. *
СЫПСЫҢ СӨЗ (ӨСЕК)
Желдей ескен өсек әңгіме, жалған сөз. ~ Бейсембі. Елдің бәріне де сыпсың сөз кірген көрінеді (Қымыз келеді.) Жәркенің жігіттері: «Елді алдық», деп, есіріп жүр. Қанша сенің бауың берік болатынын кім біледі? Біз әлі қозғалғанымыз жоқ. Жаңа ғана жан айласын қылып, қыбырлай бастағанымыз осы. М.Әу. ~ Сенің адыра қалған уәдеңнің күйігі шығар, күйеуінен жыпылдаған ауыздардың сыпсың сөздері құлағына жеткен сәттен күн сайын көрген тепкісі бар, бәрі қосылды. Н.Дәу. ~ «Ұрылар ақжауын басталмай тұрып өтіп алған-ау!» деп болжамдады Мұса. Уақыт ұзатпай ұрылардың ізіне түскен бұл жатқа сыпсың сөз таратпай, жұлдызбен жусап келеді. А.Алт. ~ Ақиқатты тыққыштамай ашық айтқан жерде, сыпсың сөз, өсек- аяң да жайына қалады екен ғой. Қ.Жұм. ~ Бала кезінде, Таңжарық ақын мен Ақтоты жайлы ауыл әйелдерінің сыпсың өсегіне құлағының иі қанған. Т.Рыс. ~ Осыдан он жыл бұрын сыпсың өсек сыңар езулеп жүріп, Ақтоты ұзатылып кеткен соң, от орнындағы қоламтадай, бір- екі жыл қоздап жатып сөнген. Т.Пыс.
СЫПСЫҢ ҚАҚТЫ
Сумаңдап, жылмаңдап қозғалды, жылпостанып әрекет етті. ~ Мәлішін қағып-сілкіп жайып жатса, Көзінеелес еткен түсті жарық. Жалт етіп жарқ еткенге қарай қалса, Барады сұлу қатын сыпсың қағып. Қасаптың ләпкесінен ағып өтіп, Келеді дүкеншіге қайта оралып. Сұлудың сылаңдаған сымбатына Аузынан сілекейі кетті тамып. ҚАӘ. "Ғаяп қатын". ~ Мұндайда бұта, бүргеннің арасынан сыпсың қағып жорғалаған кекіліктің дауысына ілесіп сайрайтынбыз келіп. Ж.Сәм. ~ Жабырқау сезім шалығы домбыра сағағында емеуріндеп сыпсың қағады. Ғ.Біл. Сампылдап өсек айтысты. ~ Сыпсың қаға абысындар сыр тартып, азулысы сүйкеп өтіп, бір қарпып,орнатыпты отауына жесірдің басынғандай жары жоқ деп тың тәртіп. Г.Сейт. ~ Дана болсаң, ойбай, онда сабалық, Абайды да орға жыққан даналық. Бұл бір енді таптырмайтын жаңалық, Балағың мен жағаңыздан алалық. Өсек пенен өлшеп-пішіп таңалық, Өрден ойға сыпсың қағып шабалық. Тырнақ асты бір кір іздеп табалық, Көк желкеңнен, ту сыртыңнан қадалып. Теспей сорып қаныңыздан алалық. С.Ад.
СЫПА БАСЫ
Жалғыз өзі, қара басы. * «Мен де түйе балуанға бір атты атадым» дейтін бәсекешіл ағайындар, оның үстіне Солтан байдың атан бастатқан бір тоғызы бар дегендей, қалмақ елінен әзірге салт атпен сыпа басы ғана келген Барат біраз мал жинап алған. К.Сег.
СЫП ЕТТІ
Көзді ашып-жұмғанша сумаң етіп шыға келді, (өте шықты, жоқ болды). * Көз байлана сып етіп шал да келді, Әзім де есік ашты, дайын еді. Абай. * Өтіп кетіп жатқан жол қараушы ма, жолды оңдаушылар ма, бірде-бірі қайрылмайды. Сып етіп өте шығады. Ғ.Слан. * Қойнына сып етіп кіріп, ұятты жерін ашып көрсетіп, қанын қыздырып: «Қазір-ақ бастап кетейікші», — деді қалыңдығы. Д.Дос. * Бізді жұмсап тұрып, өзің майданға сып етіп кетіп қалатын сол бір жылды тегі ұмытар ма кісі? Р.Рай.
СЫҢСЫП ТҰР
Сансыз көп, толып тұр. * Екі қабырға түгелімен том-том қалың кітапқа сыңсып тұр. Шетел, орыс классикасы, философия, тарих, экономика, социология… М.Қаб. ~ Бұрын тек техникалық қозғалыстарға ғана бағынатын кеше-көшелердің барлығы да, жаяу жүретін адамдарға ғана лайықталынып, қатарласа сап түзей, мәуелеп өскен ағаштармен сыңсып тұр. С.Ғабб. ~ — Мен, — деді Мұқағали. — Мен. Сен атты, ошаққа сен жықты деп отырған мен бар ма. Атқан да, жыққан да мен, Рекең екеуміз. Қара ормандай сыңсып тұрған жұртпыз ғой, бес ағашқа — бес жігітке қалтырап құдай атты деймісің… Жігітке нелер келіп, нелер кетпес. А.Сүл. ~ Вагон іші сыңсып тұр. Ине шаншар бос жер жоқ сияқты. Жұрт тіпті жүк қоятын сөреге де жайғасып алыпты. К.Жүн.
СЫҢҒЫР ҚАҚТЫ
Сылдырлап, күмбірлеп шыққан үн, дыбыс хақында. * Түйе мойындарындағы жез қоңыраулар жүріске бір ырғақ тербеліп сыңғыр қағады. С.Елу. * Жеңгесі де: «қалауыңды айт» деп қоймағасын Түгел де тартынбай, қос бұрымының ұшында сыңғыр қағып жүрген қоңыраулы күміс шашбауға жиенқұрық салған. Ү.Жәл. * …аппақ жұмыр білекке жараса кеткен қос күміс білезікті сыңғыр қақтырып, сары қымызды да аса бір жарасымдықпен баптай сапырып, өзі құйған. К.Сег.
СЫҢҒЫР КҮЛКІ
Күмістей сыңғырлаған әсем, ұнамды күлкі. * Сыңғыр күлкіден айрылып сыңсыған мұң пернелерге оратылып қыңсылайды. Ғ.Біл. * Ырысқанның әсем сыңғыр күлкісі де бүгін шаншудай қадалып, соның бәрі әлдебір дарақылық, беймазалық сияқты көріне берген. Қ.Жұм. ~ Ақілгек сыңғырлай күлді. Оның күміс қоңыраудай сыңғыр күлкісі өн бойына шымырлап дарып, сіңіп жатты. С.Олж. ~ Айлы түн, алтыбақан қызығы, қыз-келіншектер мен бозбалалардың топтанып, қосыла шырқаған әндері, сыңғыр күлкі, шолпының сыңғыры, әткеншекте әуелете ән салып, ғашық жүректің ынтық зарын жеткізгенде көңіл шіркін мейлінше толқитыны әлі де ұмытылған жоқ. А.Жақс. ~ Тынысы ашылған домбыра қызша сықылықтап сыңғыр күлкіні күміс теңгедей қақпақылдады. Ө.Кәр.
СЫҢАР СҮЙЕМ
Байырғы қазақ өлшемі. * Бұл күбірі өз-өзіне берген сертіндей – боз қасқаның қанымен ант-тасқыннан сыңар сүйем кем шыққан жоқ. О.Бөк.
