Home » Page 319
Posted in

СӨЗ СЫҢАЙЫНА ҚАРАҒАНДА

Айтылған сөздің астарына үңілсек д.м. ~ Пакетті Бәйкен жіберіпті. Тез қайтыңдар дейді. Мен оған қыс түскенше бола тұрамыз, бітпей жатқан жүмыстар бар деп жаздым. Сөз сыңайына қарағанда, әлде біреулер арыз айтқан тәрізді… — Ноғайбек маған сынай қарап біраз тұрды. Б.Тоғ. ~ Соны Әуезов үйден оқып келіп, Байкенжинге пікір айтқан, кеңес берген; қашан, қалай және қайда қорғайтынын шешкен. Сөйтсе де сөз сыңайына қарағанда Әуезов Байкенжиннің бітірген ісіне онша риза емес. З.Қаб. ~ Ұлының қалжадай дәстерлеп көтеріп келген түшпарасынан да дәм татпай қайтарып тастап, ол аз болғандай: — Осыдан өле қалсам, әкеңе бір ауыз тіл тигізсең, мен көрде де тыныш жата алмаспын! — деп салды. Сөз сыңайына қарағанда шеше мен ұлдың арасында әке туралы бір гәп болса керек. Қ.Ысқ. ~ Сөзінің арасына кітаби лұғаттарды көп кірістіріп, аздап шағатай, татар тілдерін араластырғаны болмаса, бұл кісі де қазақша жатық сөйлейді екен. Сөз сыңайына қарағанда, Ешен– Сейіт қазаққа жақын, сүйегі — қожа, өзіміздің Түркістан төңірегінде өскен көрінеді. Қ.Жұм.

Posted in

СӨЗ СЫҢАЙЫ

Айтар ойдың бағыты, нобайы, астары. ~ Ал апамның қазіргі сөз сыңайынан Әлимаға алдын ала араша түсіп отыратынын жақсы сездім. Менің ұрысуыма ендігі жерде жол бермейтіні анық еді. С.Мұр. ~ Сөз сыңайы соғыс сарыны, ел жайы секілді. Үйдің иесіне ауылдағы әрбір түтіннің хал-жайын баяндайды. К.Қаз. ~ Мен шын кейідім. «Осыншама іш тарлықтың не керегі бар? Кешегі соғыс жылында да өлгеміз жоқ. Енді дүниенің шеті көріне бастады. Бөліп-жарып ала бермей ме». Жоқ, кемпірімнің сөз сыңайы бөлек. С.Жүн.

Posted in

СӨЗ СЕМСЕРІ

Уытты, өткір сөз. ~ Лапылдаған осы мен өрттімін бе, Арыстандай ыңыранған дерттімін бе? Шыға келер майданға ат ойнатып, Сөз семсерін суырған серттімін бе? Неге менен кей адам қаймығады, Жау көргендей жүрегі шайлығады? Т.Әл. ~ Осы киімдері тәнімен бірге жанын да түлетіп жібергендей Мәдидің әнімен өзі де шалқып келеді. Ішінен Текеш пен Текежанға сілтейтін сөз семсерін де сайлап келеді. Ә.Әб.

Posted in

СӨЗ САУДЫ

Тіл мен жағына сүйеніп күн көрді. ~ Осы кезде көзі жұмулы, қолында таяқ, беті шұп-шұбар, домбыра асынған адамды бір бала жетелеп келді. Келе-ақ домбырасына қосыла сарнады сол адам: «… Сұрасаң руымды Қояныштағай Ішінде Қояныштағай Дәулет-Таңай. Белгілі Қақбан ақын мен боламын, Саумысың Махамбетше жарқыным-ай. Тал қармап, сөз сауады соқыр Қақбан Тәңірім әр несіптен оны қаққан. Ғ.Мұст. ~ Даласы кеңнің – пейілі кең, дастарқаны кеңнің – несібесі егіз деп; өзге жұрт ой бақса – бұл қой бағып, өзге ел есігіне құлып салса – бұл жіппен байлап, көңілдің көркін ойлап, домбырасын күйлеп, сөз сауып алшаң басып жүре беріпті ғой! Д.Дос.

Posted in

СӨЗ САУДАСЫ

Тіл безесіп, тәжікелесіп, айтысып-тартысу. ~ Сыйды сатып бергенді мен де көрген емеспін. Қане, сөз саудасы осымен бітті, ат арбаны қашан қай, жерден алатыныңды айт. Ә.Әб. ~ -Жә, қойыңдар! Екеуің сөз саудасын бастадыңдар ғой?! Жақан, ей, жүр, ары қарай кеттік, болды! Ғ.Қаб.

Posted in

СӨЗ САУДАЛАСТЫ

Дауласты, сөз жарыстырды. ~ Олар өстіп сөз саудаласып тұрғанда, үйден Шәйі шықты. — Әкем бәріңді үйге кірсін деп жатыр. Арыздасқалы жатқаны ма деп, Тазабек шошып кетті. Б.Нұрж.

Posted in

СӨЗ САТТЫ

Айтар сөзін, сөз өнерін пайда көзіне айналдырды. * Бір үйде өлеңші отыр жұрт мақгаған, Сөз сатып, тиын тілеп елді ақтаған. Толтырып сүйек-саяқ дорбасына Бір қора қайыршылар жүр қаптаған. І.Жанс. * Ол менің тұңғыш қаламақым болатын. Сөз сатып тапқан ақшаға тұңғыш ауыздануым. Б.Соқп. * Рас, Байсұлтан бұл жасына дейін біреуге сөз сатып, сөз бұлдатып көрмеген жан еді, амалың таусылса ондай кіріптарлыққа да баруға мәжбүр болады екенсің… Ә.Асқ. ~ . Бұрын Әбдірасылда, өзі ашық мойындамаса да, ақын- жазушыларды белгілі мамандығы жоқ, сөз сатып, тіл безеген біреулер ретінде көретін бір астамшылық болушы еді. Қ.Жұм.

Posted in

СӨЗ САРЫНЫ

Түпкі ойы; сөзінің шынайы мағынасы; айтқысы келгені. * Жауырыны қандай жалпақ. Қолы қандай ыстық». Бірақ, осы кісінің сөз сарынына түсіне алмайды. Қ.Түм. * New York Times газеті Владимир Путиннің сөз сарыны «мүлде қарама-қарсы бағытқа» өзгергенін айтады. БАҚ.

Posted in

СӨЗ САПТАУЫ (САПТАСЫ)

Сөйлеу үрдісі; сөзінің мәні мен мәнері. ~ Алғашында бұл жақтың ғұрпын Зияш жатсынса, Зияштың сөз саптауын бұлар ерсі көрді. Т.Әл. ~ Сөз саптауына қарағанда, аудан жақтан келген бе деп қалдым, бір жас жігіт сөз алып … О.Әуб. ~ Ауылдың ақылғөй қарияларының сөз саптасымен айтқанда Қуанға құдай- тағала шүкірлік, қанағатшыл адал пейілін аямаған. М.Сүн.

Posted in

СӨЗ САЛМАҒЫ

Сөздің мән-мағынасы, құдырет-күші, мазмұны. * «Жарылғанды жау жейді, бөлінгенді бөрі жейді», елден кетіп, жерден кеткендегі жұмақтарыңыз осы ма? – деп, сөз салмағын үлкендерге бұрды. Ж.Шәк. ~ Тартатыным сонан ғой азап-зарын, аяймын да, мен сені шын сүйемін. Сөз салмағын жоғалтса өңшең залым сонан тағы сырқырар сай-сүйегім. А.Ахм. ~ Сөз жансыздана бастады. Жансыз сөз – тұл болып, жауыр сөз бен қысыр әңгіменің заманы туды. Сөздің салмағы түсіп, қадірі кете бастады. Егер бұрын сөзге тоқтау деген болса, қазір ол да жоқ. Сәйкесінше сөзді еститін құлақ та қалмай барады. Ж.Қуан.