Біреумен ара қатынасын, байланысын үзді, бөлектенді. * «Бісмілда» деп эстрада, сәннің соңғы жаңалықтарын білмейтін жерлес қыз жігіттерден ірге бөлді. М.Қаб.* Нәзиләнің алдында Зипагүлмен ірге бөлісуге уәде бергенімен, содан бергі аз күннің ішінде бұл уәдесін Боранқұл орындай алмады. Ғ.Біләл. * «Алла-ай, есіңді жи, махаббаттан өлген ешкім жоқ. Қазбектің орны толады әлі», — деген жан болмады.Соған ренжіді ме, Тоты редакциядан іргесін бөліп алды. М.Қаб.

