Жүректі билеген ғашықтық, махаббат сезімі. ~ Бұл – туған жердің торқалы топырағына деген аялы да іңкәр сезімнің алақаны маңдайымнан сипағанда, өре түрегелген тәкаппар көңілдің шын елжіреуі… О.Бөк. ~ Жаны жарасым тауып, сезімі үйлесім тапқан жастардың сүйіспеншілігі шығар, сондай сөзді айттыруға себепші болған. Енді сол іңкәр сезімді уысында тұншықтырып жатқан қандай қорқау қоғам, қарау заман еді бұл?! Ү.Жәл. ~ Найзағай құшағы қандай мамық, қандай әсем! Аспан бесігін жердегі жетім жел емес, көк бүршіктен көктеген іңкәр сезім тербейді. АҚ «Болмаған өмір».

