Posted in

ҚҰЙРЫҒЫН ҰСТАТПАДЫ

Сытылып кете берді, айласын асырды, дес бермеді. ~ Былтырдан бері ауылнай сəбеттің жинайтын майынан бір жарым пұтты Сүлей сіңіріп кетіп, сəбет мүшесі Төкен деген жігітпен ұстасып, құйрығын ұстатпай жүруші еді. Ж.Айм. ~ Қазақ баласы бұлдыратып, түссіз қылып сөйлейді: ақтан тигізіп, тапбасар сөйлейтін адам кем болады; көбінесе құба жондатып, тайғалақтатып, бетін қырпып, жалпы сарынға салып отырғаны. Сотта жауап берген кейбір қазақ бұлтақтатып, құйрығын
ұстатпай қояды; жауабын олай да, бұлай да ұғынуға болады. Ж.Айм. ~ Жайшылықта Балықбай құйрығын ұстатпайтын шешен. С.Бақ. ~ Жөні кеп тұрса да, жолдама керек деген судағы балықтай құйрығын ұстатпайтын жақсы сылтау бар. Т.Сәу. ~ Ол бірден ішіңнен кіріп, сыртыңнан шығатын. Қазақстанға Қанат шақыртуымен барып алған соң, сан қилы бұлтаққа салып, құйрығын ұстатпай қойған. Т.Рыск.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *