Жанкешті намысқойлық хақында. ~ – Бір Жексен емес, бар Бөкенші, бар Борсақтың жерін бір- ақ басып алған ғой. Бұл қорлыққа шыдағанша өлген артық! – дегенде, Бөкенші, Борсақтың тағы бірнеше жас жігіттері аттарын тебініп, ілгері шыға берісті. М.Әу. ~ Абайдың тергеуi қиындап, жаза кесiк сияқты қысталаң шақ болса, Ералы шатағын да Базаралы өз мойнына алмақшы. Абайдан жан аяғанша, өлген артық деп байлаған. М.Әу. ~ — Құлдыққа түсіп қор болғанша өлген артық… З.Шүк.
