Сырықтай арық, сұр өңді. ~ Бұны ел «қашқын Досбол» немесе «Жапон Досбол» деп атайды. Осында келгесін аспирантураға оқуға түсіп жапондық қызбен үйленген, – деп төмен қарап жымиып отырған сіріңке қараны нұсқады. Ж.Шәк. ~ Есіктен отыздың ар жақ бер жағындағы сіріңке қара кірді имиіп. А.Кеңш.
Автор: Админ
СІРКЕ ЖАУЫН
Ұсақ тамшы түрінде түсетін, майдалап жауған жаңбыр түрі. ~ Шығыстан көтерілген қою қара бұлттар әукекесін жондарға артып, сыздау қабақтап тымырсыған ауаның соңы себезгілеген сірке жауынға айналды. Б.Жұм. ~ Ертеңіне сондай бір сылбыр күн болды. Таң атар-атпастан сірке жауын төпеп берді де, шамалыда басыла қоймады. Көшеде адам аз. Ә.Кек.
СІРКЕЛІ ЖЕҢГЕ БИТТІ БІЛЕК
Әркімнің өзіне лайық теңі табылады д.м. ~ Мыжырайған бет- ауыздың қай қатпарында мысқыл, қай жапсарында күлкі жатқанын албастының өзі болмаса адам баласының аңғара қоюы қиын еді, "сіркелі жеңге битті білек" дегендей қитығып отырған Бекет те бежірейе телміріп: — Шоқынды ма едіңіз? — деді. Қ.Ысқ. СЛЕД В СЛЕД ӨКШЕСІН БАСТЫ
СО ДА (ДАҒЫ)
Сол ғой; сол емес пе д.м. * — Еркектің түрі не керек? Ақылды, өнерлі болса, асырап сақтауға жараса, тұз-еңбегі жарасса, со дағы… — деді. Ж.Айм. * Ертең қыстау-қыстауға кетеміз де, қыс бойы інге кіргендей жатып қаламыз. Қатынның күні со да. М.Әу. * Орайы келсе солардың тап ортасынан ұшырармын. Жатқан жерін көрсететін атой белгі со да. Ал енді тарт, шырағым, жолың болсын! — деді. М.Әу. * "Қатар-құрбыдан кем болмай, ел ішінде қарайып жүрсе, со да керегі". Ә.Тар. * Әлсіздер қала берсін, соқпақ жолдың үстінде жүндей түтіліп бода-бода, Өмірдің қызығының өзі со да! С.Бақб.
СО ДА СӨЗ БОП ПА
Мәнісі жоқ, айтуға да тұрмайды д.м. * Пәлі, со да сөз боп па, мен әлі саған самұрық құстың қауырсынын алып берем. Ол тек Найза-Көк шоқысының шыңында ғана болады. Қ.Ысқ. * — Тәйір-ай, со да сөз бе екен?.. Тек біздің балаларға оң көзбен қа рай жүрсеңіз… Д.Әш. * — Нені шатып тұрсың?! — Ауылға қайту жайын… — Өй, со да сөз боп па? Қ.Найм. * – Тәйір-ай, со да сөз боп па… Ал, жақсы, мен кетейін, – деді Шықаң тыпыршып. Т.Сәук.
СОҒЫС МАЙДАНЫ
Әскери айқас жүріп жатқан кеңістік. * Оның артынан қызылдар келді. Қазақ даласындағы соғыс майданы ашылды. Ж.Айм. * Соғыс майданы бейнебір ажал аранындай ашылды. Т.Рыск. * Тіпті тигелі тұрған сияқты. Егер, осы арманға жете далса, соғыс майданы емес, ішкі майданның үлкен-ақ полковнигі болатыны айдын-ау?! Ғ.Слан.
СОЗБАҚҚА САЛДЫ
Әлдебір мәселені уақтылы шешпей, кейінге қалдыра берк туралы. ~ Ел тіршілігінің ұтыс, ұтылыстарында жұмыстары жоқ бес болыс Керей-Уақтың болыс-билері жерге орналасу мәселесін созбаққа салатын бір саңылау табылғанына мәз болып тарасты. Ғ.Мүс. ~ Өткен қыс ол үйден менің аман аттанғанымды естіп алса керек, әуелі «солай болып па еді?» деп сұрап алады да, мен «рас» десем,—«осы қыз сені созбаққа неге сала береді?!» деп күдіктендіреді де, аржағын,— «ұялып қалатын жайы болмағай еді!» деп тереңдете бастайды. С.Мұқ. ~ Ұлпан үйінде жоқ екен. Соны пайдаланып Мүсіреп келген жұмысын созбаққа салмай қыздық әке-шешесіне бірден айтып тастады. Есенейдің сәлемін тура жеткізді. Бояған да жоқ, бұрмалаған да жоқ. Ғ.Мүс.
СОЙҒАН ҚАСҚЫРДАЙ
Тісін көрсетіп ыржалақтау жөнінде. ~ – Немене, сойған қасқырдай ыржалаңдайсыңдар? Самолетті шүйгінге жайылсын деп арқандайды дейсіңдер ме? Жеңіл нәрсені жел ұшырып әкетпесін деп арқандайды да… К.Сег. ~ Минзуктің да қақ айырылып тұрған басы орнына түсіп, сап-сары тістерін ақситып, сойған қасқырдай ыржиып қояды, пәтшағар! Р.Зәй. ~ Сонда ғана Хасанның езуі жиырылып‚ сойған қасқырдай күрек тістері ырсиды. Ақшаны үн-түнсіз жытқырып жіберген Хасан: — Қайсысы керек? — деп барқ етті. А.Алт.
СОЙҒАН ТҮЛКІДЕЙ (ЫРЖАҚТАДЫ, ЫРЖИДЫ)
Ыржақтап күлді. ~ Сорлы соншама көздің жауын аларлық қағына қызыл болмаса ғой, бір жерде нанын тауып, күнін көріп жүрер еді, міне, енді Әдібайдың жаман төсегінің тұсында сойған түлкідей ырсиып тұр. О.Әуб. * ― Сонда мен немене, әркімнің бетіне қарап сойған түлкідей ыржақтай бермекпін бе?! Б.Тоғ. * Шегені анадайдан көріп сойған түлкідей ыржиды Ждақай. Төртбақ келген, шымыр, тарғыл бет бала жігіт. С.Елу. ~ Осы иір сапты айырдың арғы басында сойған түлкідей ырсия күліп таяққа кигізілген боксшының қолғабы тұр. Д.Ис.
СОЙҚАН САЛДЫ (ШЫҒАРДЫ)
Айқай-шу көтеріп, бүлік шығарып, ойран салды. * Осыны білетін әйелі әркімге қараптан-қарап отырып, орынсыз ұрынып, ойдай сөз айтып, жүрген жеріне сойқан салумен болатын. Көп ұзамай Түгелдің үйімен судай сүзісіп жүріп, Сақар арам пиғылын таныта бастаған. Ү.Жәл. ~ Уәжге Бөкпенбайдың әйелі жүйріктік жасады. — Тәйт әрі! Әкіреңдеме! Қонақтар ел жата аттанып кеткен. Сойқан сап кететінін біз қайдан білеміз?.. Уәж орынды шықты. Кәден тасыған қаны суынып, сабырға бой алдырды. Т.Әл. ~ Осыны білетін әйелі әркімге қараптан-қарап отырып, орынсыз ұрынып, ойдай сөз айтып, жүрген жеріне сойқан салумен болатын. І.Ес.
