Posted in

СӘНІ БӨЛЕК

Көркі, сән-салтанаты ерекше. ~ Басқалардан киім сәні бөлек, көп адамның қолпаш қоршауында келе жатқан әншіні мұндағылар сонадайдан шырамытып тұрған- ды. Қ.Жұм.

Posted in

СӘНІ КЕЛДІ

Ерекшелігі, құндылығы артты, жоғарылады; әдемілігі, көркі көрініс берді. ~ Көлдің көркі келсін деп, Қаптай көшкен ел берген. Нұрым Шыршығұлұлы Елдің сәні келсін деп, Қатар-құрбы тең берген. Теңнің көркі болсын деп, Сөйлесетін сөз берген. Сөйлеп кызық көрсін деп, Оралған қызыл тіл берген. Н.Шыр. ~ «Шым ораулы болмаса шидің сәні келмейді» — деген мақал осы кілемше өрнекті шым оралған шиге қаратылып айтылса керек. Е.Мұқам. ~ Жаһанның жамауындай жарты құрау — Ойран боп жатты ойпаңда алақандай. Күн сиқыр мазақ қылып күлімдеді, «Тойыңның келді сәні бүгін! » деді. Т.Әл.

Posted in

СӘНІ КЕЛІСТІ

Ажары ашылды. ~ Әрқайсысының астында тоқ жарау ат. Жомарт өзінің әйгілі қара айғырын мініпті. Қара айғырдың сәні келісті. С.См. ~ Алты сайлы елтірі тымағын шешіп, қанжығасындағы бөктерулі қоржыннан жекей бөркін алып киді. Салтанаты мен сәні келіскен жігіттің бір сот тізесі ат қолтығын соғып қап, босап кетті. С.См.

Posted in

СӘНІ КЕТТІ

Бұрынғы көркінен айырылды, қиюы қашты. * Осы күнде сәні кетіп бара жатқан үшінші бір жік бар. Бүл жіктің ақыны — ескі өлең, жыр, тақпақтарға еліктеп, желе-жортақтатып, қүбажондатып келетін Ғүмар Қарашев. Ж.Айм. * Ертістен бойды шіміріктіріп қоңыр салқын жел еседі. Кемерді тасқын кернеген. Аралды су алған. Аралдағы сәні кеткен сояу ағаштар. «Пәленді аулақ қыл!» дегендей, жан сауғалап, сендерге басы тиіп теңселеді. Ж.Айм. * Шайдан кейін терезенің алдында Еділге тұнжырай қарап отырды. Еділдің де сәні кеткен ажарсыз, сұрықсыз суы да салқындаған сияқты көрінеді. А.Чех. * Жылына бір дүркін жаңалап шығатын мынау қора-жай мен баспана да алқам салқамы шығып тозып барады, омарта мен бау — бақшаның да бұрынғыдай емес сәні кеткен. Қ.Ысқ.

Posted in

СӘНІ КІРМЕЙДІ

Көркі, құндылығы байқалмайды, бәсең тартады. ~ Енді біреулер бар — екі иығын жұлып жеп, ұрынарға қара таппай жүрген. Сөздерінше тұздықтап, боқтық араластырып сөйлейді. Онсыз сөздерінің сәні кірмейтін тәрізді. Б.Соқ. ~ Бастаңғылатып жататын жастардың ажары — Ақбөбек пен Қайып. Аққудай таранған Ақбөбек араларында отырмаса кештің сәні кірмейтіндей. Ү.Жәл.

Posted in

СӘНІН КЕЛТІРДІ

1. Көркін ашты. ~ Ауылға алыстан, әсіресе, таудан қарағанда–ақ жасыл ағаштың молдығына таң қаласың. Үйлерінің арасы қашық-қашық, әрқайсысының айналасы толған ағаш бақшасы мен картоп, қарбыз, капуста бақшалары. Көгал ауылдың сәнін келтіріп, көңілді қылады. Әсіресе тораңғы әдемі. А.Байт. ~ Бір қыздың қалыңмалына бергісіз еді.» Неке сақинасын қинала-қинала қиып салдырып едім. Сынамасы жоғары: 585-ші! Бетімнің сәнін келтіріп тұратын. «Алтынның буы болады» деген рас шығар, көп күле беретін болғам. Т.Сәу. 2. Мән-мағына берді, қызық қосты. ~ Жар қызығы, жастық өмір қызығы дегенді ұға ма! Өмірдің сәнін келтіріп, жарастықпен ұғысып табысқан екі аққу тәрізді біріне бірі жан қияр жұбайларды біреуінен біреуін зорлықпен ажыратып әкеткелі отыр. Б.Соқ. ~ Не деген шыдамдылық, не деген көрегендік, қанша жерден өңештері жыбырласа да той сәнін келтіретін «ащы суды» дастарханға жолатпаған. Енді еркіндік. Қ.Жиен.

Posted in

СӘП САЛДЫ

Назар аударды, ықылас қойды. ~ Бүгінгі әдебиетке сәп салар болсақ, елдің бәрі батысқа қарап маңырап жүргенде шығыстың желіне бетін берген бір ақын жұрттан өзгешелеу көзге түседі. Ж.Шәк. ~ Салпиған аңқау еріндеріне, сәл бүріскен кішкене құлағының қауметі астындағы қынадай қып– қызыл қалына да сәп салып, көз тоқтатты. Т.Рыс. ~ Әйтсе де, аз аялдап сәп сала қарап еді, мыналардың өз түйелеріне ұқсамайтынын аңғарды. М.Алм.

Posted in

СӘРСЕНБІНІҢ СӘТІНДЕ (СӘТІНЕ)

Қазақ сәрсенбі күнін ерекше, қасиетті күн деп санауына байланысты, сәрсенбі күнгі іс, бастама әрдайым сәтті болады деп есептейді. ~ Ол ақырын ғана көзін ашып «Ә, келдің бе? Сені сарылып күткеніме көп болды. Кел, төрлет! Сәрсенбінің сәтінде сенің де ісің оңға басар» деді Ажалға, бұрыннан аралас-құралас жүрген адамдай бойындағы еркіндікпен. М.Рам. ~ Сәрсенбінің сәтінде туыстары ақ жол тілеп жолға шығарып салды. Құлжа қаласына түс ауа жетіп, арнаулы тексерілетін емханаға барды. Н.Абд. ~ Келесі күн сәрсенбі еді, "сәрсенбінің сәтіне" күйеу баланың екі ағасы, Нұрәли мен Балбала "Терең — Шатқалда" отырған орманшы Ботабайдың үйіне Бөрібай — Бөкеңнің "Волгасымен" келіп, бой жетіп отырған қызы Сәнияға құда түсті. Ә.Тар.

Posted in

СӘСКЕЛІК ЖЕР

Сәскеге шейін жетуге болатын қашықтық. ~ Арбаның дауысы шыққан соң, Көңілім тұрды ұнатпай. Ішім жаман мұздады. Бөрі көрген ылақтай. Тап Жолекке келгенде, Жан тапсырады ұзатпай. Бұйрық болды Алладан, Сәскелік жерге шыдатпай. Намаздыгер шағында, Дауысы шықты арбаның. А.Байт. ("Төлебай") ~ Шырағым, алыс емес Қаршыға ақын, Болады сәскелік жер аулы жақын. Есітіп дабылыңа сенің қанық, Шақыртып алдырайын көрсең мақұл. "Қыз Жібек". ~ Күн сәскелікке көтеріліп, енді күдер үзе бастағанда, қырдан құмырсқадай қыбырлап, қалың жылқы құлайды. Сонда сәскелік жерден есіткені-ау… З.Шүк. ~ Жалғыз інім Жанғазы совхоздың қойын бағады. Осыдан сәскелік жерде Тасқұдықтың ойпаңында отыр. Ә.Тар.