Ес жия алмады, есеңгіреп, не істерін білмей қалды. * Есік ашып кіре берген қыз өкшесінің таныс дыбысын естуі-ақ мұң екен, Исабеков өз жүрегінің дүрсіліне өзі теңселіп, ес-түссіз, қызға сең соққандай сенделе қарады. Ш.Айт. * Ақтоқты сөзін қимаса да, өзі көзінен аттандырып салуға дәті бармай, сең соққандай сенделген ақын Құлагеріне мініп, Сырымбетті бетке алып жүріп кеткен. С.Жүн. * Соңына арбиған үлкен әріптермен «Әсем» деп қол қойыпты… Дәнеш сең соққан балықтай сенделіп тұрып қалды. Қ.Жұм.
Автор: Админ
СЕҢДЕЙ СОҒЫЛЫСТЫ
Сапырылысып; біріне-біріне соқтығысып, абыр-дабыр болды. * Құдайдың дес берісінде, қара нөсер төгіп берсе, сонда ғана басылады. Әйтпесе, сеңдей соғылысқан халықтың өлгені өліп, өлмегені жан сауғалап, бетінің ауған жағына босып кете береді. С.Шайм. * Мың-мыңдаған адам-хайуан бірінің арасында бірі қалып, сеңдей соқтығысып, өмірі көрілмеген сүренді сүргін қалыптастырды. Ғ.Біл. ~ Көшелерде адамдар сеңдей соғысады. Ш.Мұр.
СЕҢДЕЙ СОҒЫСЫП, ҚИДАЙ ҚИРАДЫ
Иін тіресіп, аласапыран болып арпалысты. ~ Міне, сеңдей соғысып, қидай қираған найсаптар да сондай нәпсінің қызуына құштар, әрі көздеріне қан құйылғанда тасбауыр, қатыгез. Ә.Ыб.
СЕҢІ БҰЗЫЛДЫ
Қозғалысқа келді, тізгіні босады. ~ Қазақ әдебиеті менің бір досым әзілге сүйеп айтқандай «жапырақтың дірілінің өзін жарты беттен асыра суреттейтін» лирикалық прозаға қол артты. Оқиға мен табиғат көрінісі арасындағы бұрынырақта олқы соғып келген байланыс әлсіздігінің сеңі бұзылды. А.Нүс.
СЕҢСЕҢ БӨРІКТЕЙ
Үп-үлкен боп дудыраған шашқа қатысты айтылады. ~ Жүрегім атқақтап кеудеме сыймай кетті. Өй, жарығым сол! Сорайып өсіп кетіпті-ау өзі. Дудыраған қара шашы сеңсең бөріктей. Кәдімгідей жігіт болып қалыпты таралып. Т.Сәу. ~ Сол келіншек күлгенде сенсең бөріктей дудар басын шалқайта, көзін кейін қарай төңкеріп тастап, рақаттана күледі екен, ал оның өзі тынымсыз күле бергендіктен бе, көзі шел басқандай соқыр болып көрінеді екен. В.Рас.
СЕП БОЛДЫ
Иші әсерін тигізді. ~ Егін әлі кәсіптің негізі емес. Я аңшылыққа, я мал баққан шаруашылыққа қосымша сеп болған. А.Байт. ~ Шынының пайда болу тарихы туралы өте қарапайым тілмен, қызғылықты баяндаған. Ертеде болған оқиғаның шыны жасауға кездейсоқ сеп болғаны айтылады. А.Байт. ~ Осылай күніге жарты қорап темекіні түгеседі, бұл жағымсыз иістен сәл де болса қашуға сеп болады деп есептейді. Ж.Шам. ~ Содан соң аспан да биіктей берген. Әуе де ашылып, орманнан шыққан өрт Көктегі отты тұтатуға сеп болған-мыс. С.Сағ.
СЕПТІГІ (СЕП) БОЛМАДЫ
Көмектеспеді, пайдасы болмады. ~ Саңғал киізден сығалаған аңғал шуақ Ақбілектің бетіне түсіп, жайраңдаса да, телегей аққан жасын құрғатуға септігі болған жоқ, жанын жанышқан қараңғылық қараңғы дүниені аңсатты. Ж.Айм. ~ Ерсіліқарсылы уқалап жын соққан торғай бастандырып, шашымды да дудыраттым. О да түкке сеп болмады. Ж.Айм. ~ Сансыз көп әскер төгіп, құртымдай айыропландар ұшырып, титімдей түтік жаудырып, қайткелі жүргенін қайдан білсін. Өкіметтің жарнамасы түкке де сеп болған жоқ. Ж.Айм. ~ Әкем марқұм айтып отырушы еді: "Жаманның мал табуға кемдігі жоқ, бірақ адамдыққа септігі болмайды, — деп. О.Сәр.
СЕПТІГІ ТИДІ
Пайдасы болды, көмегі тиді. ~ Ұжым қабырғасы қайысса-дағы қалт-қалт етіп құламай қалды, бірден-бірге селбелесті, септігі тиді, соғыс біте шаруа қауымы да еңсесін тіктеп алды. Д.Дос. ~ Басын шайқайды. Әрине, ештеңенің қажеті жоқ. – Уақыт өткізуге септігі тиер, ертеңмен стол сағатымды әкелсем қайтеді? М.Қаб.
СЕРГЕК ҚҰЛАҚ
Алғыр, зерделі, сақ адам. * Тоңқалаң топ басынан асқан тұмақ, «Бәлі» деп бас тұқырған төмен құлап. Бой балқып, ой өрістеп, жаның жусап, Күзетте қалған жалғыз сергек құлақ. І.Жанс. ~ Қанатты сөздің қарапайым сөзден айырмасын сергек құлақ, алғыр ой ажыратады. Б.Мом.
СЕРГЕЛДЕҢ ЖОЛ
Қалтарыс-қиындығы көп тағдыр соқпағы. ~ Өткен өмірімнен көріп отырсыздар, мен кішкене күнімнен-ақ сергелдең жолға түскен адаммын ғой. С.Мұқ. ~ Серке санды ат мініп сергелдең жолына түспегенмен селтеңдеп белсенді болған едік. Бірақ оның арты өкінішпен, өксікпен мұнасып, мұңға батқызып кеткен жайы бар. Б.Қыд. ~ Әкеме сауданың пайдасы аз уақытта ғана көрініп, көп жылдың бойына сергелдең жолдың бойымен қаңғырып киім-кешектен, төсек-орыннан, ыдыс-аяқтан жүдеген біздің үй, сыртына аппақ сүттей кигіз жамылумен қатар, кәзір жасау-жиһаз жағынан да, киіну жағынан да қазақтың ең салтанатты байына таласарлық. С.Мұқ.
