Қырып-жойды, опыр-топырын шығарды. ~ Арыстан. Өйтер болса, күшке салар мен болармын. Ол алмайды таңдағанын, мен алам. Егесіп көрсін есалаң!.. Шынға кетсем, қалғанын да тигізбей, басына әлек, топалаң да салармын. М.Әу.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ТОҢ МІНЕЗДІ
Ожар, беті қатты, жат бауыр. * Ол Сүйіндіктің кіші баласы — Әділбек. Асылбектей емес, ол ожар, тоң мінезді болатын. М.Әу. ~ Күні кеше қанды қамшы жендеттері таяғының астында шіріткен тоң мінез қара жүректің ел ортасынан аласталғанын қору қандай шерді болса да шешпей ме? Бұлар сол күнді асыға күтуде. С.Бег. * Атадан балаға, атадан ұрпаққа кетер томырық ашу, тоң мінез бен керенау, кердең қылықтың тамырын қырқар құдірет қандай?" С.Смат.
ТОПАЛАҢ ТИГЕН ҚОЙДАЙ (БОЛДЫ)
Індет тиген қойдай болып қырылды. ~ Сорлы қазақтың қырылғаны аз ба? Отыз екінің аштығында топалаң тиген қойдай жаусапты ғой. Ө.Кәр. ~ Аштықтан топалаң тиген қойдай қырылып жатқан тамам қазақты жоқтаған баяғы ақын қыз Қоңыртай еді. Ө.Кәр.
ТОҢ МОЙЫН
Мінезі ауыр, ырыққа көнбейтін, томырық кісінің сипаты. * — Бүйткен күні құрысын. Ылғи ілде- алда, іске жаратамын деп қанша тыраштансаң да, икемге келмейді. Жиған- тергені ана тоң мойынның тура өзі секілді. Ондай дүлейге қайдан дені дұрыс дүние бітсін! А.Смай. * Кейбір ауа жайылған, тек өз дегеніне болмаса ештеңеге көнбейтін кесір, тоң мойын ру бастықтарын ат құйрығына байлап құрбан етуге де барған жоқ па! І.Ес. * Жан дүнием ән салып тұрарын былайғы жұрт біле ме, тоң мойын, ұр да жық деп ойлайды. О.Бөк. ~ Арсалаңдап алдымен жеткендіктерін адалдық, сумаңдап алдымен айтып үлгергендігін ақиқат санайтын кердең көкірек тоң мойын тайыздықтың қолынан тізгін кетпей тұрып, жала мен параның мұртын қай балта шаба алады?! Ә.Кек.
ТОПАЛАҢ ТИГЕНДЕЙ (БОЛДЫ)
Опыр-топыр болып, дүрлікті, есі кетті. * – Өзі, әйтеуір, бір күнде топалаң тигендей болды ғой! Ұрғашы жұрты біз қайдан білейік. Сырттан тон пішіп, іштей егілгеніміз болмаса, нені аңғарамыз. Кім ұғындырып, кім түсіндіреді? С.Жүн. ~ Ауыл шаруашылығы басқармасына шақырды. Барды. Ондағылар топалаң тигендей дүрлігіп жүр. «Не болды?», Ә.Ізб. * Ту сыртта айқай- ұйқай, сарт- сұрт құрық- сырық таянғанда топ жылқы топалаң тигендей сапырылысып ауызы ашық қораға кимелеп келіп қалды. С.Елуб. * Топалаң тигендей топырлаған мал иірім бермей, жан-жаққа бытырай қашып, көздері алайып түк түсінбейді. С.Жүн. * Аяқ астында мынадай дүрбелең болар деп ешкім де ойламап еді. Қалың жұрт топалаң тигендей орындарынан бірі қалмай өре тұрып, ағаш арасынан шығып, тура алыстағы ақ үйлерге қарай өңмеңдей тартты. С.Жүн.
ТОҢ СИРАҚ БОЛДЫ (ҚЫЛДЫ)
Жаурады, қалтырап тоңды. ~ Әйтеуір, қысы-жазы үйінде. Ел құсап дала еңбегіне, су қоймаға барып, тоң сирақ болып, бүрсеңдемейді. Ж.Сам. ~ Өмір деген өмір ғой, біз білетін, Жалғаншыны аралас бір жүретін. Суығына тоңдырып, тоң сирақ қып, Ыстығына шыжғырып күйдіретін. Б.Дүйс.
ТОНЫН (ТЕРІС) АЙНАЛДЫРЫП КИДІ
Арам ниетін, жымысқы ойын жасыруға тырысты. ~ Бұл күнде тонын айналдырып киіп алған бай баласы Қарабеттердің де тізесін бүктіре алмадым. С.Жүн. ~ « Иматай деген байдың баласы тонын теріс айналдырып киіп, кедеймін деп өкіметті алдап, РАБфаққа оқуға кіріп алыпты… К.Өтж. ~ Жаңа ұйымдасқан кооперация жұмысы тонын айналдырып киген жылмақай саудагерлердің қолында. С.Бег. ~ "Иммигрант жастар теңдік үшін емес (себебі, теңдік қамтамасыз етілген), привилегия, яғни, артықшылық үшін күресіп жатыр. Тонын теріс айналдырған нәсілшілдік емей, немене?» Т.Әс.
ТОҢ ТЕРІС
* Енді, ойлап жатса, он шақты туыстың өзі соңғы кезде аспанның көп- көп қаттылығына нәумез болып, тоң теріс кеткендері бар- ды. О.Бөк. * Жұрт арасында улы тілімен Кемел балаларын да Ақан ажуалағалы Сүлеймен Қорамсамен де тоң терістеу жүретін. С.Жүн. * Өз- өзінен жүдеу тартқан аспан ғана емес, таң атқанша бір- бірімен төбелесіп шыққандай тоң теріс томаға- тұйық отырған үш жігіт те. Әрқайсысы өз ойын малта ғып сорып отыр. О.Бөк.
ТОНЫН ЖАМЫЛДЫ
Біреудің кейпін қабылдап, өзінің шын жүзін жасырды; басқаның атынан сөйледі, әрекет етті. ~ Олардың жасамақшы болып жүрген автономиясында тізгін жалпы халықтың қолында емес, жалғыз советтер қолында болмақ. Советтерге жалғыз бұқара кедейлер тонын жамылған азғындар кіріп іс басында солар тұрмақ. Солай болған соң мұндай автономияның біздің жұртқа қаншама пайдалы екенін түсіну тіпті қиын емес. С.Сей. ~ Амал не, Әупіштерді билік-ке жолатпайды ғой. Еңбекшілердің атынан солардың то-нын жамылған делдалдар сөйлейді. Қ.Жұм. ~ Алқорм аяған. Қатты-қатты. Түн ортасынан ауғанда тағы оңаша қалған. Екеуі. Тоқсаба тыстан ішке кірмеген. Қора-қопсысының жанында ойланып отырғандай. Ескі тонын жамылып. «Құрсақ шашу бергенімізге бір ай боп қалды, сізден жасырарым жоқ, — деді Тұмариіс Алқорыға. М.Байғ.
ТОҢҚАЛАҢ АСТЫ
Оңбай құлады, аяғы аспаннан келді, етпетінен жер сүзе құлады. ~ Бәлі, сіз білмейсіз бе? Мен жазбашадан тоңқалаң асқам. М.Сүн. ~ Жүзіңе сәби шырай жүгіреді, екі көзің тоңқалаң асып қайта шығып, су бетімен жорғалай жылжыған қалтқыда! Х.Ес. ~ Жын қаққандай шарқылдап сатал- сатал техничка қуып жетті де тоңқалаң асатындай лықсып барып кілт тоқтады. Қ.Ысқ.
