Тым менменсіп, астамсып кеткен адамның алдынан өзінен зор біреу шықты д.м. ~ Өстіп даңғойлықпен айналамды жаңғазаға…
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АСАНҚАЙҒЫҒА САЛЫНДЫ
Сары уайымға беріліп, қара аспанды төндірді. ~ Егер ана тілінің мүшкіл жағдайы туралы Асанқайғыға салына зарлап,…
АСҚАР БЕЛ
1.Көз ұшындағы тау қырқасы. ~ Үкілі орман, асқар бел, Аққу қазды айдын көл, Көгілдір аспан жібек…
АСАРЫН АСАДЫ, ЖАСАРЫН ЖАСАДЫ
Ұзақ өмір сүріп, көрер қызықтың бәрін көрді, енді өлсе де арманы жоқ д.м. ~ Сөйтіп, бұл…
АСАТПАЙ ЖАТЫП ҚҰЛДЫҚ ДЕМЕ
Бір нәрсенің байыбына бармай жатып, қорытынды шығаруға асықпа д.м. ~ Сенің Мұрдаң – бір қу түлкі.…
АСАУ ЖҮРЕК
Сезімге берілгіш, қызба, албырт көңіл. ~ Жоқ, асау жүрек талай өртенген, арада еткен жиырма жыл енді…
АСАУ НӘПСІ
Ырыққа көнбейтін құмарлық. ~ Байқаған адамға мешіттің үсті мен асты, созылып намаз оқып тұрған адамның асау…
АСАУ ӨЗЕН (СУ)
Ағысы қатты, атқылай аққан өзен. ~ Асқар таудан бұйра толқынданып, дүркірей аққан асау өзеннің күмістей таза…
АРЫСТАНДАЙ АҚЫРЫП, АТАНДАЙ ШАҚЫРДЫ (БУРАДАЙ ЗІРКІЛДЕДІ)
Айбат шегіп, зілденіп, қаһарын төгіп, жауын сескендірді. ~ Орта буын да бұл сырқатқа ұшырай бастаған. Басы…
АРЫСТАННЫҢ АУЗЫНАН, ТҮРІКПЕННІҢ ТӨРІНЕН
Қауіп-қатерге мән бермей, басын бәске тігіп д.м. ~ Тегін жатқан кен бар ма? Анау темір шелектермен…
