Мән-мағынасы жоғалды. ~ …күйеуінің жылын берген күннен былай Ақбөпе үшін бұл тұрмыстың арқауы үзілгендей болды. С.Жүн.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АРЛАН БӨРІ
Еркек қасқыр, бөрінің ең ірі, мықтысы. ~ Ақжолтай Ағыбайдай батырды, жуырда ғана қазасы туралы хабар жеткен,…
АРҚА-ЖЕҢІ КЕҢІДІ
Өзін еркін сезіне бастады; жайланды. ~ Ол ендi орнына жайғасқан Пұсырманға көз қиығын тастап қойып, арқа-жеңi…
АРҚАСЫ ҚЫШЫДЫ
Әлдебір жамандыққа, таяқ жеуге көрінді. ~ Саймаранға тиген соққы өздеріне тиетінін сезгендей, Қаблан мен Қаратай қамшы…
АРҚАН БОЙЫ
Ұзындық, қашықтық, биіктікті мөлшерлейтін қазақи өлшем. ~ Өзеннің екі жағасында арқан бойындай жоғарылаған ақ тұман, тізбектелген…
АРҚАСЫ МҰЗДАДЫ
Бойын үрей биледі. ~ Құдіретті күш. Осыны сезінуі-ақ мұң екен, жігіттің арқасы мұздады әлгі бір кесірлі…
АРҚАН ЕСІП ОТЫРМЫСЫҢ
Жайланып отырған адамды асықтыру. ~ Әй, жігітім, арқан есіп отырмасаң, болсаңшы, күн кешкіріп барады… – деп…
АРҚАСЫ ҰСТАДЫ
~ Доскей қайран, көріп отыр. Шалдың арқасы ұстады, досының аруағын қайта тірілткісі келді, шағын ауылдың шаңын…
АРҚАН ҚҰРДЫ
Біреуге бөгет жасады, адымын тұсады. ~ Есікке тақап, тұтқаға енді қолымды сөза бергенімде асаудың алдынан арқан…
АРҚАСЫН (ӨН БОЙЫН, ЖҮРЕГІН) АЯЗ ҚАРЫҒАНДАЙ (БОЛДЫ)
Селк етті, тітіркенді. ~ Қалай екенi белгiсiз, дәп осыған назары ауды. Қараптан-қарап арқасын аяз қарығандай сезiндi.…
