Аламан соғыс, кісі көрмеген қырғын.~ Ол дүние дүние болғалы, адам баласы кешірмеген алапай апатты көзбе- көз көріп, қасіретін арқалап, туған үйіне қайтқанда, ұйқысы қанып бір жатқысы келіп еді. Бірақ ұйқысы қанып бір жата алмады. Ш.Мұр.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АЛБАСТЫСЫ ИЕКТЕДІ
Дуалап, жадылап тастағандай болды.~ Бірде, «қытайлардың албастысы иектеп», кей деректерде Шыңғыс ханның өзінің, кей деректерде Үгедей қағанның (соңғысы шындыққа жақын) тілі байланып, өлімші күйге түсіпті. Т.Жұр.
АЛАПАЙ-ТҮЛЕПЕЙІН ШЫҒАРДЫ
~ Кенет дауыл көтерілді де аспанның алапай-түлепейін шығарып, жерді тұлақтай желпи жөнелді. Х.Ес.
АЛАПАТ СЕЗІМ
~ ӘзизСұлтанды өстиөсти ұмытармын дегені бос әурешілік екен. Алақұйын, алапат сезім тербеп, теңселтіп жіберді. Ес жиғызар емес. Т.Сәу. ~ … бүкіл ғұмырында түйсігін көрмеген алапат сезім тасқыны дем алуға мұрша бермей тұншықтырып, беймәлім тұңғиыққа шым батырып жібергендей болды… Т.Әбд. ~ Бойымдағы алапат сезімді бейнелеп жазуға тілім жетпейді. Ә.Асқ. ~ … мынау зар замандағы байлықұстем кұрған ыртың– жыртың дәстүрдің бодауында кете барарын бағамдап, бағамдаған сайын өзгеше құштарлық, алапат сезіммен қауышты– ай… О.Бөк.
АЛАПАТЫН АСЫРДЫ
Абыройы артты. ~ Соншамыз жабылып, КГБ- ның бір полковнигі ғұрлы еңбек етпегеніміз бе? Ол аз болғандай, енді кітап шығарып, алапатын асырмақ…» Қ.Жұм. ~ Қиыр Шығыста қызметін атқарып жатты Марлен тарихшы болу үшін Пушкин атындағы кітапханадағы ең сарғайған көне кітаптарды ақтарып, аударып, теңіз түбінен маржан іздеген адамдай алапатын асырды. Б.Қыд.
АЛАРЫН АЛДЫ
Дегеніне жетті. ~ Сұрап отырғаным — өкімет аларын алғаннан кейін өзімізді жүнін жұлған тауықтай бүрсендетіп, елден шығарып қаңғытып жібермей ме, асасы, деп отырмын, — деп Пахраддин маңдайы тершіп, қозғалақтап кетті. С.Ел. ~ Түн ортасы ауған кезде қыздың жеңгелері Серғазыны Ақбөкеннің отауына алып келеді. Қазақ дәстүрін мүлтіксіз орындап, «күйеу балаға» қалыңдығының қолын ұстатып, аларын алып кетіп қалады. І.Ес.
АЛАС АТТЫ
Жан таласты, арпалысты, алас ұрды. ~ Нұрила бас салып құшағына алып аңырамасына кім кепіл? Өйткені бұл сылқым сері
жас тоқалы Сүкеңнің көзі тірі кезінің өзінде көш-жөнекей де көңілін тауып, оңашада қауышқанда қайратты, қармаулы
Қылаңды «Арысым-ай, арыстанымай, арының басылмаған, алауың әлі де бір қайтпаған албарындыңды-ай, шіркін!..» деп
аймалап, аһылап-үһілеп алас ататын. Ш.Рах.
АЛАС ҰРҒАН (АЛАСҰРҒАН) КӨҢІЛ
Ерекше сезімнің әсерімен алабұртып, тыным таппай, қобалжып, өрекпіген көңіл-күй. ~ Сынып, қайырылып қалған, әлсіреген қанатты қайта жамап, «алысты аңда, қасыңа қадалма! Қияда болса да қуантар дәурен келеді! Соған қарай аласұрған көңілмен, соған алаңсыз иланған ой, қиялмен сергіп көр!» – дегендей… М.Әу. ~ Шынында, қорек болмас бұл, Аласұрған көңілге. М.Жұм. ~ … бірақ Алтайға деген сағынышы аласұрған көңілін Алатауға қайтып қонақтатпады. Қ.Ысқ.
АЛАС ҰРДЫ
Жан ұшырды, шарқ ұрды. ~ Масқара! Күмажінік түгілі сымбылбай да жоқ. Алас ұрды. Қалтасын олай ақтарды, бұлай ақтарды. Ж.Айм. ~ Жиырма-отыз қадамнан артық жүре алмай, бір дем алатын еді. Үйіне қалай жетті, солай мұрттай ұшты. Екі-үш күндей қиналып, алас ұрып жатты. Ж.Айм. ~ Елдің болыстары шабуылдап, аспаннан жайдың оғы түскендей алас ұрды да қалды. Ғ.Мүс. ~ Дәл осы халде Айшаның жүрегі аттай тулап, сабырынан айрылып «болшы бол» дегендей болды. Бағанағы қатаң беріктік енді алас ұрған дегбірсіздікке басты. М.Әу. ~ Тықы ақыл таппай алас ұрды. Жан-жақтағы қыстаудан жігіт жинатты. З.Шүк.~ Адамның кейде өзіне-өзі жиренішті көрінетін кезі болады, ол қандай безбүйректігін де, зымияндығын да сол бір сәтінде ұмытып, қатты түйлігумен жүреді; қатар-құрбысымен де әңгімесі жараспай алас ұрады. М.Сүн. ~ Темір құлаған жолдасының беліндегі наганға жармасып жатқан Нұрсұлтанды көрді. Сол арада алас ұрғ
АЛАТАЙДАЙ БҮЛДІРДІ (ДҮРЛІКТІРДІ)
Шатақ шығарды, дау-дамаймен елдің берекесін кетірді, әлекке салды. ~ Ал дала төсінен кеше келген Әзима апайлар қаланы бүйтіп алатайдай бүлдіріп жүр… М.Қаб. ~ Иә, сол сойқанның үйіне апарасың. Актеб болып, ауылды алатайдай бүлдіріп жүр ғой. О.Бөк. ~ Өй, мына зəнді құртқан мыннан шықты ғой. Ойбай, бұл бүлдіреді енді, қаратай емес, алатайдай бүлдіреді бəрін. З.Қаб. ~… ал, құлағы мен көзі барлардың да естімейтіні, көрмейтіні толып жатыр. Дүниені алатайдай бүлдіретін де солар. О.Бөк. ~ … бірер азаматтың үстінен домалақ арыз жазып жіберді. Сөйтіп, ауыл ғана емес, ауданды да алатайдай дүрліктірді. Ә.Асқ.
