1. Жүре алмады, аяғын әзер басты, кежегесі кейін тартты. ~ Бірақ кешеден бері қыздарын көрмегені есіне түсті. Оларды өте сағынып қалған еді. Алға басқан аяғы кейін кетіп, үйіне әзер жетті. І.Ес. ~ Iшi удай ашып, жүрегiн әлдекiм қос қолдап тартып тұрғандай, тызылдап ауырды. Бойын үмiтсiздiк билеп, алға басқан аяғы кейiн кеттi. Басына сан қилы ой оралды. Р.Рай. ~ Тіпті бір мезетте атының басын бұрып алып, кейін қарай шапқысы да келіп кетті. Алға басқан аяғы кейін кетіп, әзер дегенде өз аулына жетті. І.Ес.
2. Алға жылжи алмады, кедергіге тап болды, әлде бірдеңе жолын бөгеді. ~ Алға басқан аяғыңды кері кетіріп кеудеден итерген боран мынау. Т.Сәу. ~ Сұмдық-ай, мынаған не болған? – дедi ол қасқырдан қорыққан елiктей селт етiп. Анардың алға басқан аяғы кейiн тартты. Шегiншектеп барып, табалдырыққа тiреле кiдiрдi. Р.Рай.
3. Жолы болмады, ісі өнбеді. ~ Бірақ неге елдің бәрінен қормын? Неге менің
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АЛБАСТЫДАЙ БАСТЫ
Мең-зең күйге түсірді, есеңгіретіп тастады.~ Кеш болса, суық леп ызғарын үдете түседі. Қою қараңғылық әлемді албастыдай басып, ағаш жапырақтары өлдім деп сыбдырлап, сыбырлағандай болады… Б.Май.
АЛАЛЫ ЖЫЛҚЫ, АҚТЫЛЫ ҚОЙ
Мыңғырған көп мал. ~ Қашан келіп тағы бір зорлықты күш желкеңнен бауыздап, өрісте жатқан алалы жылқы, ақтылы қой, сары қоңыздай өрген түйе келелеріңді қотарып әкеткенше ұйқы-күлкі көрмей зыр қағып өсіре бер! Ғ.Біл. ~ Жігіттің бәрі нартынан басқасы артымда бала-шағам жылап қалды-ау, ағалалы ордам, алалы жылқым, ақтылы қойым бар еді-ау деп қарайламайтын, сүтінін-түтінін жақсы айыратын, қар жастанып, мұз төсенгендей жай болса, қыңқ деп жөтелмейтін ірепдел бойдақтардан жасақталыпты. Б.Қыд.
АЛБАСТЫСЫ БАР
Әлдебірдеңеге ерекше құмарту туралы.~ Асау десе албастысы бар Сұлтанмұраттың алдына кеп алақан жаймайтын адам жоқ. Ш.Айт.
АЛАМАН ТАСЫР
Жан дәрмен жанжал, зор қақтығыс, у-шу айғай. ~ Оң жағында қыз қылықты Құртқа, сол жағында жүрегі түкті Қарлыға, сан сарсаңды аламан тасыр арпалыстан шаршаған, шалдыққан Қобыланды батыр бел шешіп, қару-жарағын кереге көзіне іліп, бақуатты өмір қызығын шекер-балдай сорып жатты. М.Қаб. ~ Бастамасы дұп-дұрыс басталған домбыра тоқпақтаудың аяғын ала күрмелген ауыздардан небір «көбік» сөздер шығады. Аламан –тасыр төбелес басталады. АҚ «Болм. өмір».
АЛБАСТЫСЫ БАСТЫ
Мәңгіртіп тастады. ~ Желге, күнге тигізбей, аялап өсірген сәулесін «кәпірге» қорлыққа қиғаннан өлгені артық емес пе? Түнерген түнде абайсыз ауыл абалаған ит даусына айналды. Ауылдан бажылдаған, балдырлаған жат үн шықты. Бір тайпы ауыл үш мылтықтың албастысы басып тұншықты. Ж.Айм. ~ Көздегені қате кетпейтін әккі кісі,сауыт киген түрікпенді өндіршектен шаншып түсіреді.Өзінің жалаңаш етінде жалаң жүн шекпен дейді. Құлым атамның көзі көк, тік қадалса,өңменнен өтетінін әкем айтатын еді, түркпенді албастысы басқан ғой. Бірақ, тірі қалып, арада он жыл өткенде, Хиуада кездесіп қалады. З.Шүк. ~ Осы Қарашқа Елеусіздің өзінің де ет — жүрегі елжіреп бара жатқаны шамалы. Бірақ, не бәлесінің бар екенін білмейді, одан кәдімгідей қаймығады. Көңілін жықса, албастысы басып кететіндей көреді. Т.Әл.
АЛАПАЙ АПАТ
Аламан соғыс, кісі көрмеген қырғын.~ Ол дүние дүние болғалы, адам баласы кешірмеген алапай апатты көзбе- көз көріп, қасіретін арқалап, туған үйіне қайтқанда, ұйқысы қанып бір жатқысы келіп еді. Бірақ ұйқысы қанып бір жата алмады. Ш.Мұр.
АЛБАСТЫСЫ ИЕКТЕДІ
Дуалап, жадылап тастағандай болды.~ Бірде, «қытайлардың албастысы иектеп», кей деректерде Шыңғыс ханның өзінің, кей деректерде Үгедей қағанның (соңғысы шындыққа жақын) тілі байланып, өлімші күйге түсіпті. Т.Жұр.
АЛАПАЙ-ТҮЛЕПЕЙІН ШЫҒАРДЫ
~ Кенет дауыл көтерілді де аспанның алапай-түлепейін шығарып, жерді тұлақтай желпи жөнелді. Х.Ес.
АЛАПАТ СЕЗІМ
~ ӘзизСұлтанды өстиөсти ұмытармын дегені бос әурешілік екен. Алақұйын, алапат сезім тербеп, теңселтіп жіберді. Ес жиғызар емес. Т.Сәу. ~ … бүкіл ғұмырында түйсігін көрмеген алапат сезім тасқыны дем алуға мұрша бермей тұншықтырып, беймәлім тұңғиыққа шым батырып жібергендей болды… Т.Әбд. ~ Бойымдағы алапат сезімді бейнелеп жазуға тілім жетпейді. Ә.Асқ. ~ … мынау зар замандағы байлықұстем кұрған ыртың– жыртың дәстүрдің бодауында кете барарын бағамдап, бағамдаған сайын өзгеше құштарлық, алапат сезіммен қауышты– ай… О.Бөк.
